Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-дәріс. Жазудың негiзгi категориялары



Pdf көрінісі
бет83/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   287
5-дәріс. Жазудың негiзгi категориялары
Л.В.Щерба жазу теориясы дыбыстық таңбалар мен
грамматикалық таңбаларға және ұғымдық таңбаларға ажы-
райды   деген.   Мұндағы   дыбыстық   таңбалар   әрiптер   болса,
грамматикалық   таңбалар   пунктуациялық   белгiлерге,   ұғымдық
таңбалар сөздердiң бөлек, бiрге, дефис арқылы берiлуi, бас әрiп,
кiшi әрiп сияқты элементтерге саяды. Осы негiзде жазудың негiзгi
категориялары   шығады.   Ол  –  алфавит,  графика,  орфог-рафия
және   пунктуация.  Алфавит   арқылы   белгілі   бір   жазба  мәтінде
әріптерді фонемаларға таңып, мәтін мазмұнын  оқимыз.  Графика
жазу   түрлерін,   қаріп   түрлерін   пайдалану   деген   сияқты   жазба
мәтіннің   бүкіл  тұрпатын   ұйымдастырады.   Ал  кейбір   жа-зуларда
алфавиттегі   әріп   таңбалары   жетпеген   фонемаларды   бел-гілеуді
ұйымдастырады. Орфография жазба мәтіннің белгілі бір стандарт
құрылыммен ұйымдасуына, ортақ жазу тәртібін құруға, сөздерді
дифференциялауға   көмектеседі   (сөздерді   бірге/бөлек/   дефис
арқылы   жазу,   кіші/бас   әріп).   Пунктуация   бүкіл   мәтіннің,
мәнмәтіннің оқырманға дәл, анық жетуін қарастырады.
98
99


Жазу категорияларын ең алғаш қарастырған Бодуэн де Куртенэ
графиканы   көру-жазу   элементі   мен   айту-есту   эле-менті
арасындағы   байланыс   деп   түсінді.   Ол   байланыс   үшін
морфологиялық,   семасиологиялық   жайлардың   қатысы   болмады.
Яғни сөз қалай дыбысталса, алфавитте бар сәйкес әріппен солай
белгіленеді   деді.   Ал   орфографияны   ғалым   жазу-көру   элементі
айту-есту элементіне де және  морфологиялық,  семасиологиялық
элементтерге де қатысты деп түсіндірді. Бодуэн де Куртенэ  кот
және год сөздерiнiң жазылуында графика да, орфография да қатар
көрiнiс табады дедi. ЛФМ графика мен орфография ара-сына бірде
шек қойса, бірде екеуін біреу етіп түсіндіреді. Ал Л. В.Щерба кот
сөзi графиканың,  год  сөзi орфографияның ере-желерiне бағынып
жазылады   деген.   Сөйтiп,   графика   ережелерi   деген   ұғым   бола
қалса,   ол   қалай   естiлсе,   солай   жазылады   деген-дi   бiлдiредi,   ал
орфография қалай естiлсе, солай жазылмаған кезден бастап қана
шықты дейдi ғалым.
Л.В.Щерба,   А.Н.Гвоздев   бірде   орфография   графика
мүмкіндіктерінен   аса   алмайды   десе,   бірде   орфографияның
графика ережелеріне қайшы келетін тұстары көп дейді. Жазу
ережелерінің графика мен орфографияға бөлінуі  жазудың  екі
кезеңнен тұратынын белгілейді деді.
Ал МФМ өкілдері тіліміздегі сөзформалардың жарты-сынан
астамы алғашқы кезеңде-ақ (графикада) дұрыс жа-зылады да,
орфографияның   үлесіне   тек   күрделі   түрі   қалады   деді.
Орфография   мен   графика   тек   әріпті   таңдағандағы   екі   түрлі
жағдай   деп   түсіну   керек.   Былайша   айтқанда,   бұлар
фонологиялық және морфологиялық жағдайлар: егер әріпті жа-
зарда   біз   морфемаға   қатыссыз   тек   басқа   фонемаларға,   екпін,
сөз   басы,   соңына   қатысты   алып   отырсақ,   бұл  фонологиялық
бола-ды;   ал   әріпті   морфема   аясында   қарасақ,   онда
морфологиялық болады деді.
Алфавит пен графика арасында нендей айырмашылық бар де-
генге әлi бiржақты жауап жоқ. Л.В.Щерба графика мен алфавиттi
бiр деп қараса, Б. де Куртенэ графика мен орфографияның арасын
ажырата қоймады. Л.В.Щерба мәселенi екiге бөлiп қарастыруды
жөн көрдi (орыс графикасы немесе орыс әлiпбиiнiң теориясы және
орыс орфографиясы). Мәселенi шешуде Л.В.Зиндер: “Бұл жерде
әңгiме   әрiп   (графема),   дыбыс   (фонема)   арасындағы   қатынас
жайлы болып отыр, тек әр тұғырдан қараудан келiп шығады. Егер,
мысалы, әрiптi алып, ол қандай фонеманы белгiлейдi де-
сек, алфавитті, ал егер фонема немесе басқа да дыбыстық бiрлiк-
тердi,   мысалға   буындарды   алып,   олар   қандай   графемалардың,
болмаса олардың тiркесi арқылы берiлдi десек, бұл – графика” деп
анықтады.   Бiрақ,   Л.В.Зиндер   айтқандай,   графика   иероглиф-тiк
жазуға   да   тән   болса,   онда   жеке   бiрлiктердiң   дыбыстық   екенiн
анықтаудың   қажетi   жоқ.   Сөйтiп,   алфавит   графиканың   нәтижесi,
соңғы қорытындысы ретiнде пайда болған код таңбалары сияқты.
Алғашында   графика,   соңынан   алфавит   шыққандай   болады.
Оқулық,   оқу   құралдарын   айтпағанның   өзiнде   жазуға   қатысты
теориялық еңбектерде графика мен орфография немесе әлiпби мен
графика арасы айқындала қоймайды. Оның өзi жоғарыдағы жазу
теориясының   iрi   өкiлдерi   Бодуэн   де   Куртенэ,   Л.В.Щерба,
Л.В.Зиндер зерттеулерiнен басы ашыла қоймағанға байланыс-ты.
Л.В.Зиндер   алдыңғы   екi   ғалымға   қарағанда   графика   мен
орфографияның   өзара   айырмашылықтарын   саралап   бергенмен,
түбiнде жазуды графика мен орфографияға бөлуге қарсы бол-ды.
Бірақ   орфографиялық   ережелердің   фонемадан   әріпке   дейінгі
толық   жинағын   беру   үшін   жазу   теориясында   графика   мен   ор-
фография   арақатынасын   ашу   керек   болды.   Міне,   графика,   емле
ұғымдарының пайда болу уәжі негізінен осында. Дұрыс жазу екі
категориялы   –   графикалық   және   орфографиялық   –   ережелер
арқылы жүзеге асуы тиіс.
С.М.Кузьмина   жазуды   графика   мен   орфографияға   бөлудің
қажеті   жоқ   деді.   Себебі   жазу   процесінің   өзі   бір-ақ   этаптан
тұрады.   Жазғанда   біз   алдымен   графикалық,   соңынан
орфографиялық жазумен жазып, екі рет жұмыс істемейміз және
графикалық   жа-зуды   жүзеге   асыратын   жалған   әріптер
жазарманның санасында болмайды деді.
Жалпы, графика бiр фонеманы екi, не үш әрiп тiркесi арқылы
таңбалайтын ағылшын, немiс, орыс сияқты жазулардың сипа-тына
байланысты   шықты.   Мысалы,   француз   тiлiнде   <е>-нің   ашық,
жабық,   жартылай   ашық   түрлерін   беретін   әріп   алфавит-те   жоқ,
бірақ графикасында бар. Сол сияқты <а>-ны беретін графикалық
таңбалар жиі қолданылады. Немiс тiлiнде сh, sch деген диграмма,
триграммалар   бар.   Орыс   тiлiнде   жiңiшке   дау-ыссыздарды   беру
үшiн  я,  ю,  ь,  ъ  әрiптерi   қоса   таңбаланады.   Ал   қазақ   тiлiнде
графика   жаңа   әлiпбидi   қабылдағанда,   жазудың   алғашқы
тәжiрибелерiнде, алғаш сауат ашу iсiнде көрiнедi. Сонда графика
дегенiмiз   әлiпбидегi   әрiптердiң   белгiлi   бiр   фоне-маларды
таңбалауын ұйымдастыру болып шығады. Л.В.Щерба,
100
101


Л.В.Зиндер де орфографияны тек жазудың дыбыстық жағына
қатыстырған. Л.В.Щерба, мысалы, сөздердiң бөлек, бiрге, де-
фис арқылы жазылуын пунктуация аясында қарастыруды жөн
деп   санаған.   Ал   Л.В.Зиндер  по   видимому  деген   сөздi   бiрге,
бөлек, дефис арқылының қайсысымен жазсақ та, орфография
жағынан бiркелкi, себебi олардың барлығында да бiр ғана фо-
немалар тiзбегi айтылады. Ал егер павидимому, повидимому т.б.
варианттарының қайсысымен жазамыз деген мәселе қойылса,
бұл   орфографияның   шаруасы   дедi.   Бүгiнде   жағдай   басқаша.
Орфография ережелерi бас әрiп, кiшi әрiптi де, бiрге, бөлек, де-
фис арқылы жазылуды да қамтиды. Ал графика – әлiпби мен
оның   теориясына   тiкелей   қатысы   бар,   әлiпбидiң   жасалуы,
өзгерiстерi,   қайта   жетiлдiрiлуi,   сондай-ақ   эстетикалық,
оптикалық,   экономикалық   жағынан   сапасын   анықтауға
көмектесетiн   сала.   Графика   сондай-ақ   жазу   таңбасы   деген
ұғымда   да   қолданылады.   Графика   жазу   ұғымының   бір
мағынасына сәйкес. Қазақ тіл білімінде “араб жазуын өзгертті”,
“латын жазуын қабылдау”, “орыс жазуына көшу” деген сияқты
тіркестер   бар.   Өйткені   ал-дымен   сол   жазудың   графикасы
қабылданады, сосын барып оған ыңғайластырып, сол графика
(жазу) негізінде әліпби түзіледі. Жалпы тіл білімінде графика
әліпбидегі   әріп   тіркесі   арқылы   таңба   белгілеу,   таңбалар
тіркесіне әріп қызметін үстеу дегенді білдіреді.
Графикаға  лигатуралар, диакритикалық таңбалар (дәйекші,
екпін, созылыңқылықты білдіретін белгі) кіреді.
Дұрыс   жазу   мен   орфография   –   синонимдес   сөздер.
“Орфография 1) дұрыс жазу нормасы; 2) әріптік таңбалардың
емлесі; 3) белгілі бір тілдегі нақты бір сөздердің жазылу ере-
желерін қамтитын тілдегі фонемалардың қалай жазылаты-нын
емес,   сөздердің   қалай   жазылатынына   жауап   беретін   сала”
мағынасында жұмсалады.
Жазба тіл екі жақты межеде өмір сүреді. Оның дыбыстық
деңгейдегі мазмұн межесі графема, тұрпат межесі – әріп, бас
әріп, кіші әріп, әріптің кіші баспа түрі, үлкен баспа түрі, жазба
түрі болады. Ауызша тілдің ең кіші мағыналық бірлігі – фоне-
ма – абстракті, санада ғана өмір сүретін единица болса, жазба
тілдің кіші единицасы абстракті бірлік – графема санада өмір
сүріп, әріптің түрлі формалары арқылы таңбаланады. Сөйтіп,
графеманың   реализацияланған   әріп   тұрпаттары   белгілі   бір
тәртіппен орналасқан, белгілі саны бар жиынтық ретінде жазба
тілдің   код   жүйесі   –   әліпбиге   ұйымдасады.   Ол   жазба   тілді
оқудың   немесе   керісінше   ауызша   тілді   жазуға   айналдыратын
кодашқыш   (Н.Уәлиұлы   термині)   болып   табылады.
Коммуникация   теория-сы   тұрғысынан   әліпбидегі   әріптер
санының аздығы жазудың код болуына жарайды.
Жазу   факторларының   ішінде   әліпби   көбіне   әлеуметтік,
экономикалық, саяси тұрғыдан белгілі бір кезеңде ғана прак-
тикалық   ізденістің   нысанына   айналады   да,   әліпби   ауыстыру,
өзгерту  науқаны   аяқталған   соң   дыбыстардың   қасаң   таңбалар
жиынтығы болып қалады. Жазу қабылданарда алдымен графи-
ка (әріп таңбаларының тұрпаты, жазу тұрпаты деген мағынада)
түрі таңдала ма, әлде әліпби түрі таңдалына ма деген сауалға
жа-уап   іздеп,   жазу   тарихына   көз   жіберсек,
экстралингвистикалық   себептерге   байланысты   екі   түрлі
жолдың да таңдалғанын, ал жазба тіліне саналы түрде қарай
бастаған кезеңде қай әліпби сол тілдің дыбыстық құрамын дәл
берсе//жуықтаса сол әліпби түрін қабылдағанына куә боламыз.
Жазу кеңістігінде әліпби түрі санаулы болғанмен, жазу түрлері
едәуір.   Яғни   жазба   тілі   жетілген   ұлт   тілдерінің   кейбіре-уінде
(армян, грузин т.б.) ғана болмаса, көбінде жазу кеңістігіне белгілі
ашық әліпби түрлері өзгертіліп, жетілдіріліп қолданылып келеді.
Бұл   неше   мың   тілде   сөйлейтін   халықтардың   белгілі   әліпби
түрімен коммуникация  жасауын жеңілдетті. Мысалы, біз жүйесі
бөлек   герман   тілдерін   қытай   тіліне   қарағанда   тез   әрі   оңай
меңгереміз.  Өйткені   алдыңғысы  ашық  әліпби   түрі   – латын-мен,
соңғысы жабық әліпби – қытай иероглифін пайдаланады. Қазіргі
әлемдік   коммуникация   жазба   тілдің   әліпби,   графика
факторларымен   өлшенеді.   Әліпби   белгілі   графика   мен   әліпбиге
негізделген   тілдегі   фонемалардың   жазба   тілдегі   реализациясы
әріптердің реттік жиынтығы болып табылады. Әліпби сол тілдің
дыбыстық   құрамына   сәйкеседі/мүмкіндігінше   сәйкеседі.   Әліпби
белгілі бір тілде жазылған таңбаларды оқудың кілті болып табы-
лады. Әліпбиде әріп саны; реті; кескіні; әріп атауы айқындалады.
Әліпби   тәртібі   экстралингвистикалық   жағдайларда   қызмет
атқарады:   цифр   қызметін   атқаруы,   сөздік,   анықтағыш,   энцикло-
педияларда   сөздің   орналасуын   жүйелеуі,   қысқартылған   сөздерді
атауы т.с.с.
Жалпы,   әліпби  жасау,  өзгерту  –  әлеуметтік,   саяси   мәселе.
Сондықтан   оған   қойылатын   фонологиялық   талаптан   бөтен
психологиялық талап (жазу-оқу ісінде әріптерді қабылдау ра-
102
103


ционалды болу керек дегенді білдіреді), педагогикалық та-лап
(сауат   ашуда   уақыт   пен   еңбекті   үнемдеу   дегенге   саяды),
типографиялық талап (сол кездің экономикасы мен өндірістік
жағдайларына сәйкес келуді құрайды) түрлері болады. Әліпби
жасау   проблемасы   тілдік   те,   тілдік   емес   те   факторларды
қамтиды. Сөйтіп, қандай да бір графиканы қабылдайтыны са-
яси, экономикалық, әлеуметтік жағынан орайластырып шешіл-
ген соң, сол тілдің фонемалар жүйесіне қарай әліпби құрамы
белгіленеді. Жазу өзгерту, жазу қабылдау деген ұғым белгілі бір
әліпби түрін таңдау дегенге саяды. Әліпби таңдау алынған ал-
фавитті өзгертпей қолдану//тілдің дыбыстық құрамына сәйкес
өзгертіп қолдану деген проблеманы тудырады. Сонда соңғысы
әліпбидің   өзін   емес,   графикасын   ғана   пайдаланды   деген-ді
білдіреді.   Әліпби   теориясында   әліпбидегі   әріп   саны   тілдегі
фонеманың санына тең болуы керек, не аз болу керек делінеді.
Бірақ әлем жазуларында мұндай сипат аз. Өйткені ашық әліпби
түрлері генетикалық жағынан туыс емес тілдерді де, дыбыстық
құрамы әліпбидегі әріптерге сәйкес келмейтін тілдерді де ортақ
жазба коммуникацияға таңып қояды.
Зерттеушілер   әліпбидегі   әріп   саны   тілдегі   фонема   санымен
қандай   қатынаста   болу   керек;   әріп   саны   фонемамен   тең   әліпби
жетілген бе, әлде әріп саны фонема санынан аз әліпби жетілген бе
деген сауал айналасында пікір таласып келеді. Бұл жазуды ауызша
тілдің дәл көшірмесі, тіл өмір сүруінің бір формасы деп немесе
жазуды   өз   алдына   дербес   жүйе   деп   қарау   тұрғысынан   екіге
айырылады.   Әліпбидегі   әріп   саны   фонема   санынан   аз   бо-лып
келетін ағылшын, француз, неміс әліпбилері жазуды де-рбес жүйе
бағытында айқындайтын сияқты. Ал фонема мен әріп саны тепе-
тең дәрежедегі жазу жазба тілді ауызша тілдің көшірмесі дейтін
бағытқа   тіреледі.   Жазу   мен   емле   принципі   бір   арнаға   сайып
кететін   фонетикалық   жазу   мен   фонематикалық   жазу   деген
категориялар   да   осы   тұста   шыққан.   Фонетикалық   жазуда   1
фонема:   1әріп   үстіне   фонема   реңкіне   де   әріп   арналады.
Фонематикалық жазуда әріп тек тілдегі фонеманы белгілейді.
Осы арада алғашқы әріптік жазу фонетикалық болды ма, әлде
фонематикалық болды ма деген заңды сауал туады. Яғни әліпбиді
ойлап   табушылар   жазуға   жоғарыдағы   көзқарастың   қайсысымен
қарады?   Бұл   сұраққа   орфография,   жазу   тарихы   мәселелерімен
шұғылданушы ғалымдар көбінесе алғашқы жазу фонематикалық
болды деп жауап береді. Әліпби құрастырушылар интуитив-
ті түрде фонемалардың санын анықтап, әрбіреуін бір әріппен
белгіледі. Ендеше, әріптік, вокалды жазуды ойлап тапқан б.э.д.
І   мыңжылдықтағы   финикиялықтар   мен   гректер   өз   тілінің
фонемалық құрамына ғана әріп арнады. Практикалық жазудың
жүйесі   тілде   бар   фонемаларды   ғана   белгіледі.   Сондықтан
латын, араб жазуын қабылдаған барлық жазу түрлері фонема
мен әріп қатынасындағы алшақтыққа тап болды.
Жазудың  жетілуі  әліпбидегі   әріп   санының   қысқарып,  әріптің
дыбыс   түрленімдерін   емес,   фонеманы   белгілеуімен   өлшенеді.
Ашық   әліпби   түрін   қабылдау   қашан   да   таңбаларын   толық
қабылдау/қабылдамау,   әріптердің   мәнін   сақтау/сақтамау   деген
проблемаларға   тіреледі.   Жалпы,   стандарт   әліпбиді   өзгертіп
қабылдаудың да, сол қалпы қабылдаудың да жағымсыз әсері бар
екенін   жазу   тарихы   көрсетіп   келеді.   Жазуды   тілдің   табиғатына
бағындырамын деген бағыттағы әліпби түрлері мен стандарт ал-
фавит   айырмашылығы   үлкен.   Ал   жазуды   дыбыстық   тілдің   дәл
көшірмесі   емес   деген   тілдерде   стандарт   әліпби   құрылымынан
ауытқу, мәнін ауыстырып пайдалану сирек.
Әлемге   кең   тараған   әріптік   жазу   түрлеріне   латын,   араб,   ки-
риллица әліпбилері жатады. Бірақ мұнда әліпби деп, жазу түрі, не
графика   деп   айтудың   қайсысы   қонымды   екенін   аңғару   қиын.
Өйткені   аталған   алфавиттерді   қабылдаған   тіл   оны   өзгертпестен
ала   алмайды.   Бірақ   ағылшын,   француз,   неміс   тілдері   сияқты
халықаралық   тілдердің   алфавитіндегі   бір   ерекшелік   латын
әліпбиінің   26   әрпінің   толық   қолданылуында.   Тек   ағылшын
жазуында артық таңбалар пайдаланылмайды (бірақ фоне-ма саны
46).   Неміс,   француз,   итальян   жазуларында   қосымша
диакритикалық таңбалар алынады. 26 әрпі бар стандарт әліпбиді
қолданатын   ағылшын   жазуы   ғылыми-техникалық   прогресс
нәтижесін,   жазба   коммуникация   құралдарын   шығынсыз   пай-
даланып  отырған ашық кеңістіктегі  ең  жиі жазу түрі болып са-
налады.   Алайда   жазба   тіл  мен   ауызша   тілдің   арасында   әріптік-
дыбыстық   айырмашылығы   үлкен,   жазба   тілін   меңгеру  қиындық
тудыратын,   идеографиялық   жазуға   айналып   бара   жатқан   жазу
қатарына   осы   аталған   жазу   түрлері   жатады.   Әріп-фонема
жүйесіндегі айырма алдымен ағылшын жазуында, сосын фран-цуз
жазба тілінде үлкен. Мысалы, француз жазуында әліпби тіл-
дегі 36 фонеманы таңбалау үшін 26 латын әрпінің үстіне est, et, ai,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет