Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет88/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

й+ұ+у,  й+ү+у, й+о  дыбыс тіркесін беретін болды.  э    әрпі тек
кірме  сөздерде,   ал  у,  и  таңбалары  ый,  ій,  ұу,  үу  –   дыбыс
тіркестерін белгіледі. Щ әрпі қос ш-ны таңбалады.
Сөйтіп, қазақ әліпбиінде бес әріп қосар дыбыс таңбасын бе-
реді. Олар: /я/ – [йа], [йә]; /ю/ – [йұу], [йүу], /у/ – [үу], [ұу],
[у]; /и/ – [ый], [ій]; /щ/ – [ш+ш].
Сонымен, қазіргі әліпбиіміздегі әріптер 1әріп:1фонема, ды-
быс тіркесі: 1 әріп қатынасына құрылған дейміз. Және соңғы
қатынасты   көре   отырып,   әріп   саны   фонема   санынан   артық
шыққан әліпби қолданып отырғанымызды көреміз: 9 дауысты
фонема: 9 әріп, 17 дауыссыз фонема: 21 әріп, 3 дыбыс тіркесі: 3
әріп,   сонда   26   фонема:   33   әріп   (Мұнда   цитаталық   принцип
үшін алынған орыс жазуының әріптері есепке алынған жоқ).
Бүгінде,   қазақ   жазуының   латын   графикасын   қабылдау
қарсаңында   алдымен   әліпбидегі   әріп   саны   мен   тілдегі   фо-нема
қатынасы ғалымдар назарын аударып отыр. Өйткені қолданыстағы
әліпбиде   42   әріп,   латын   әліпбиінде   26   әріп   бар.   Жалпы   жазу
теориясында әріп саны фонема санынан кем әліпби
–   жетілген,   әріп   саны   фонема   санына   тең   әліпби   –   жетілдіруге
болатын,   әріп   саны   фонема   санынан   көп   әліпби   –   жетілмеген,
жетілдірілуі тиіс алфавит болып саналады. Біздіңше, бұл – жазу
дәстүрі   қалыптанған,   жазу   графикасы   тұрақты   ағылшын,   фран-
цуз,  неміс жазулары  тарапынан шығарылған  теория.  Сондықтан
жазу   үнемділігін   жасаған   қазіргі   әліпбидегі   таңбалар   туралы
ойлану керек. Мысалы,  и,  у,  ю  (и  әрпінен басқа тіркесімде),  я (и
әрпінен   басқа   тіркесімде)  таңбалары   қазақ   графикасына  жазу
үнемділігін   әкелді.   Тек  й,  ы,  і  әріптері   бола   тұрып,   осы
дыбыстардың тіркесін беретін  и  әрпінің алынуы,  у  әрпінің [ұу],
[үу] тіркесінде, [у] дауыссыз фонемасын беруіне сәйкес емес. Яғни


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет