Алматыда өтті (1930 жылы 6 мамыр). Пленумға
С.Асфендияров, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов, Шәрібаев
қатынасады. Пленум мүшелері Қазақстанның жаңа алфавитке
салғырт көзқарасы азаймай отыр дейді (8-11 жасқа дейінгі
балалардың 20% мектеп-ке тартылған).
Ресей білімпаздарынан қатынасқан Н.Ф.Яковлев терминдерді
бағындырып жазуда сақтыққа, тіпті онымен күресуге шақырды.
Пленумда бас әріп туралы С.Асфендияров қазақ жазуы бас
әріпті алмайды, алса қызметін азайтып алады, жалпы бас әріп
ағылшын, француз емлесінде де бірыңғай принципке
сүйенбейді деді.
Р.Шор графемалардың психотехникасы жазу психологиясы
Германия, Америкада жақсы зерттелген, сонда қазіргі жазу жо-
лынан шығып тұрған таңбалар бас әріп, нүкте, үтірлер көзге
бір-ден анық көретіні анықталған дейді.
Қ.Жұбанов пленумның мақсаты бір жазуды негіз етіп
анықтау болмау керек, ешбір жазу басқа тілдің жазуымен
ыңғайласа ал-майды, әзірбайжандр
q, k әріптерінің мағынасын
өзгертіп жіберді деді. Және бір-біріне саяси, экономикалық,
мәдени жақындығы бар тілдер бір унификация жасау керек,
жаппай бірлестіру бол-майтын іс деді.
А.Н.Самойлович қазақ жазуы
<ш>-ны
с-мен берді, себебі,
с
– унификацияланған әліпбиде <ч>-ны береді деді.
Пленум қаулысы Қазақстандағы сауаттылықты тағы 15%-ға
көбейту, 1930 жылдың қазанында жаңа әліпбиге көшуді
түбегейлі аяқтау, Қырғызстан, Қазақстан, Дағыстан жазуы бас
әріпті қабылдау керектігін бекітеді.
Сөйтіп, қазақ тілінің дыбыстық негізінен шығарылған
алғашқы емле ережесі 1929ж. латын графикасымен бірге
қабылданды. Онда орфографтяның негізгі ұстанымы
анықталып, шеттілдік сөздер қазақ тілі төл сөздерінің жазылу
принципі-не сай таңбаланды. Қазіргі емлеміздегі негізгі
орфограммалар сол 1929ж. емле ережелерінде айқындалды.
Графика латын алфавитінің барлық әріптерін пайдаланды.
Бірақ [ый], [ій], [ұу], [үу] қосар дыбыстарының бір әріппен
таңбалануы бұл графика-да қабылданған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: