Қазақ орфографиясына қатысты бұл алғашқы ғылыми кон-
ференцияда мынадай негізгі мәселелер сөз болып, ұсыныстар
айтылды.
Емле принципі туралы:
- Емле фонетикалық принципке негізделеді. Фонетикалық
принцип былай түсіндіріледі: “Наш фонетический принцип
– не принцип фонетической академической транскрипции. Мы
понимаем под словам фонетическиим принципом пере-дачу без
искажения смысла слова, звуков нашей речи”. Яғни
фонетикалық принцип сөз мағынасын айыратын фонеманы
ғана таңбалайды дегенге саяды. Және морфологиялық принцип
те фонематикалық негізде түсіндірілді. “Но и там, где мы
применя-ем морфологический принцип, под этот принцип
подводим фо-нетическое объяснение, ибо по нашим
наблюдением нет такого пункта в нашем правописании и не
должно быть такого место в нашем языке, которой возможно
было бы объяснить фонетичес-ки” (Т.Шонанұлы).
- қазақ тілінде диалект болмағандықтан морфологиялық
принциптің қажеті жоқ (Т.Шонанұлы, К.Юдахин, Е.Омаров);
түбірді фонетикалық, қосымшаны морфологиялық принциппен
жазуды тіл табиғаты қалайды, бірақ морфологиялық жазуды 15-
20 жылдан кейін енгізу (Е.Омаров);
- шет сөзін түпнұсқа принципімен жазып, өз тіліміздің
дыбыстық құндағында (Н.Уәлиұлының термині) оқу
(Е.Омаров);
-
құрлы, қой, қана сөздерін морфологиялық принциппен
жазу
(Е.Омаров), (К.Кемеңгеров);
-
-шы жұрнақтарын
(
барсайшы)
түбірмен бірге жазу
(К.
Кемеңгеров);
-
ғана, ғой, ма, көрі шылауларын фонетикалық принциппен
жазу (Е.Омаров);
-барлық түркі тілдерінде палатал үндесім жетекші,
сондықтан емлеге осы үндесімді негіз ету (Т.Шонанұлы) деген
пікірлер болды.
Ал
ерін үндестігі туралы мынадай қарама-қарсы пікірлер
айтылды (стенограммадағы сөйлеу стилі өзгертілген жоқ):
- ерін үндесімі бұдан 50-60 жыл бұрын күшті болса
(В.В.Радлов), бүгінде құрып барады (Т.Шонанұлы, Әлібаев) //
ерін үндесімі мүлде құрығаны ғылыми түрде дәлелденген жоқ,
сондықтан ойласу керек (Юдахин); // еріндіктерді бірін-
ші буыннан артық жазбау // eрін үндесімінің күші қазақ тілін-де
ІІ буынға дейін сақталуы тиіс және солай жазылуы қажет
(К.Кемеңгерұлы).
- ерін үндестігін сақтау тиімсіз, бірақ шет сөздерді игерген-
де екінші буынға да жазу (Е.Омаров) // кірме сөздердің соңғы
буынындағы еріндікті алдыңғы буынға шығарып жазу
(
висмут-вұспит) (Т.Шонанұлы).
Достарыңызбен бөлісу: