х әрпін х арқылы жазу; миуа, қиуа сөздерін миюа, қиюа деп
орфограммалау; күрделі сын есімдерді бірге таңбалау; орыс
сөзін русь деп алу (Ә.Ермеков);
ойөріс, атүсті, атсалысты,
аяқкиім, жемшөп т.б. сөздерді бірге жазу (Ә.Ермеков); орыс
тілінен енген сөздерді бірыңғай түпнұсқа принципімен жазу
(А.Ысқақов).
Жеке дыбыс таңбаларынан пікірдің көбі и әрпінің емлесіне
қатысты айтылған. 1956ж. Тіл және әдебиет институты әзірлеген
орфографияның жаңа жобасын талқылауға шақырылған жина-
лыста М.Балақаевтың қосарлы ый, ій таңбаларының орнына и
әрпін жазуды ұсынған пікіріне С.Аманжолов қарсы шығып,
“Балақаевтың қазақ тіліне шабуыл жасауы” деп санаған.
И дыбысы ки дегенде бір әріппен, қи дегенде екі әріппен
(қый) жазылды. Барлық позицияда да и әрпінің қабылдануына
сол жылдары оқу-педагогика баспасының редакторы болып
қызмет еткен Р.Сыздықованың сөйлеген сөзі үлкен себеп болды
дейді, газет тілшілері. Сөйтіп, біресе ый (қыйын), біресе и
(иық, ғылми), енді бірде екі варианты да қатар қолданылып
жүрген (қағида//қағыйда) және жіңішке буында и-мен, жуан
буында ый-мен берілген и әрпінің емлесі бір ізге түсіріле
бастайды. Десек те, йы, йі-ге біткен сөздерге көсемшенің й
жұрнағы қосылғанда, йый орнына бір ғана и таңбасын жазу:
ұйиды, байиды – ұиды, баиды, и-ды қосар таңбасымен қалдыру
сияқты екі жақты пікір-лер болды.
Ы, і әріптерінің емлесі жайында мынадай ұсыныс жиі кезде-
седі: сөз басында, екі буынды сөздер аралығында, сөз аяғында
таңбаланғанда, сөз мағынасы бұзылмаса, ы әрпін жазбау:
жапрақ, топрақ, шаңрақ, қоңрау.
Ал ә, ұ, ү әріптері орфограммасына қатысты бұл әріптер тек
бірінші буында жазылады дегеннен соң сірә, күнә, бұлбұл сөздерін
ескертуге шығармай (Т.Жанұзақов, Ғ.Сұлтанғалиев, Б.Нұрғазина),
Достарыңызбен бөлісу: |