орыс жазуының ықпалынан шығып отырған дейміз:орыс
сөздерін жазуда цитаталық принципті түбегейлі қолдану, оның
ішінде әсіресе сол тілдің қосымшасын түсіріп жазбау: секунда (секунд емес), цитата (цитат емес) т.б.; орыс тілі сөздеріне қазақ
тілі қосымшаларын жалғауда ы, і әріптерінің дәнекерлігін
орынсыз пайдаланбау: фондқа, шрифтке, банкке; бұрыннан
дыбыстық жағынан игеріліп жазылған сөздерді, түпнұсқасына
көшіріп жазу: ящик (жәшік емес), батист (бәтес емес), ботин- ки (бәтеңке емес), русь (орыс емес),суд,область;жіңішкелік
белгісіне аяқталған сөзге тәуелдік жалғауының ІІІ жағын
қосқанда, ь-белгісін түсірмей жазу: рольі, котрольі; қосар да-
уыссызбен аяқталған орыс сөздеріне қосымша жалғағанда бір
әріпті түсірмей жазу: классқа, конгресске; орыс тілінен енген
сөздің соңғы буыны жуан болса, жуан, жіңішке болса, жіңішке
қосымша жалғау; һ әрпі қолданылған кірме сөздерді белгілеу үшін