Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Мәулен Балақаев. Соц. Қазақстан., 1972ж. 12 июнь



Pdf көрінісі
бет217/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   287
Мәулен Балақаев. Соц. Қазақстан., 1972ж. 12 июнь
284
285


15-дәріс. Қазіргі қазақ жазуын латын графикасына
ауыстыру мәселесі: ұсыныстар
Қазақ жазуының тарихында тағы бір маңызды белес тұр. Ол –
графика ауыстыру науқаны. Науқан деп атауға тура ке-летін болса,
расында да қазақ даласы үшін әліпби алмасты-ру әлеуметтік-саяси
дәуірлердің   ауысуына   сай   келетін   немесе   соны   бекітетін,   саяси
экономикалық мәні бар, ұлт саясатының құрамдас бір бөлігі болып
саналды.   Бұған   бүгінгі   жазуымызға   дейінгі   дәуірлік
әліпбилерімізге қарап көз жеткізуге болады. Бір қуанарлық жайт
бұл   мәселе   бүгінде   аяқасты,   бір   құрылтай   мүшелерінің
қатысуымен ғана шешіле салмай, көпшілік назары-на ұсынылып,
әлеуметтік мәселеге айналуында. Бір қуанарлығы
– жаңа әліпби бір ай ішінде қабылданып, (мысалы, орыс графи-
касына көшу 1939 жылдың 20 желтоқсанынан 1940 жылдың 15
қаңтарына   дейінгі   аралықта   орындалды),   оны   қолданбағандар
үкімет   әліпбиін   аяққа   басқандар   деп,   жауапқа   тартылатын,   оны
бақылау прокуратураға тапсырылатын (Ижанов З. Әліпби туралы
архив не дейді // ҚӘ 7.07.00.), болмаса араб жазуынан латын жа-
зуына   көшердегідей,   бір   дауыстың   формалды   артықшылығымен
(Қазақстан оқу комиссары Н. Зәлиұлы орнына қағаз жүзінде латын
жазуын   қолдаған   артық   дауыс   берілген)   мәселені   шеше   салу
науқанының   келмеске   кеткені   (Қамзабекұлы   Д.   Қазақ
зиялыларының әліпби айтысы // ҚӘ 14.12.01.).
Міне, сондықтан әліпби ауыстыру үстірт, асығыс саясаттың
араласуымен науқан түрінде өткізіліп келуі ендігі жаңа жазу
– латын графикасына көшуде мәселенің экстралингвистикалық
та,   лингвистикалық   та   шарттарын   өзара   үйлестіре   отырып
қарастыруды міндеттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет