Умберто Эко жазба тілдерді ауызша тілден бөлек,бейтаныс
азбукалармен, астыртын хабарлармен біріктіріп, бөлек қарау
ке-рек дейді.
Жазудың дербес жүйелілігін айқындаған кеңестік ғалымдар
ішінен Т.А.Амированы атай аламыз. Ғалым жазу туралы
ғылымды графикалық лингвистика деп атауды жөн санай-ды,
графикалық лингвистиканың табан тірейтін тұғыры жазба
тілдің дербестігін, жазу дыбыстық тілдің көшірмесі еместігін
мойындау дейді.
Ғалым жазудың нысандары ретінде жазу, жазба мәтін, жазба
тілді атады. Әліпби – жазба тілді жүзеге асыратын графикалық
таңбаның жиынтығы, жазу – жазба сөйлеуді, қарым-қатынасты
әліпбиді пайдалана отырып жүзеге асыратын таңба түрі, жазба
тіл– жазба қарым-қатынас, ауызша тілдің табан тірейтін жүйесі,
жазба сөз (жазба мәтін) – жазба тілдің жүзеге асырылуы, жазба
мәдениет – қағазға түскен мәтіндердің жиынтығы, жазба дәстүр
– жазудағы тұрақтылық деді.
Фонологияда фонеманың фоны, аллофондары болатыны
сияқты дыбысжазу – графемика, оның кіші бірлігі – графема,
графеманың омографтары, графы болады деді.
Графемалар арқылы графикалық морфема,графикалықсөз,