Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет65/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   287
Л.В.Щерба  фонема  (дыбыс   типі)  адам   санасында   елес
(пред-ставление) түрінде өмір сүреді деді. Мысалы, орыстілді
адам  брат,   о   брате  дегенде  [а]-ның   екі   түрлі   айтылып
отырғанын біл-се де, неге оны бір <а>  деп танитынын оның
психикасында бір ғана  <а>-ның елесі барлығынан деп жауап
береді   (Щерба   1983:   16).   Сондықтан   да   осы   елес-түсінік
арқылы   адам   сөз   дыбыста-рын   таниды.   Мысалы,   тілі   жаңа
шығып   жүрген   бала   “далаға   ба-ламын  деген   сөзді  [р]
дыбысымен   айттым   деп   ойлайды.  Егер  оған  далаға   баласың
ба  ?   деп   сұрасаң,   ызаланып,   “жоқ,  далаға  баламын  деп
қайталар еді. Себебі баланың санасында [р] фо-немасы бар.
Сондықтан Б.Куртенэ семантикаланған дыбыстың ғана тіл-
дік мәні болатынына тоқтады. (Топоров В.Н. 1960: 35).  Яғни
ауыздан шыққан дыбыс түрі көп, бірақ ол дыбыстың мағына
ажыратушылық   сипаты   ғана   тілдің   дыбыстық   деңгейін
құрайды деді. Л.В.Щерба да семантикалануға басты мән берді
(Щерба   Л.В.   1983:17).   Ғалым   сөйлеу   кезіндегі   дыбыстық
түрленімдерге назар аудара  отырып, ол айырмашылықтардың
жай   құлаққа   байқалмайтынына:   “Бұның   жауабы   қарапайым:
себебі   бұл   айырмашылықтар   мүлде   мағына   ажыратпайды
(Щерба Л.В. 1983: 18) дейді.
Сөйтіп,   тілтұтынушы   санасында   сол   тілдің   мағына
ажыратушылық,   сөзтанымдық   қызметі   бар   шағын   ғана
дыбыстық қоры өмір сүретіні белгілі болды.
Сондықтан   ғалымдардың   мынадай   анықтамалары   пайда
бола түсті:
а) “Қарапайым қатардағы тұтынушы аңғара бермейтін тілде-
гі құлаққа шалынатын дыбыстардың түптегінде дыбыстардың
ішкі,   идеалды   жүйесі   тұрады.   Олар   психологиялық
құрылғының дайын үлгісі ретінде жұмыс істейді (Сапир).
ә) “Фонема-дыбыс” жай дыбысқа сәйкес емес, жай дыбыс
76
77


фонеманың бір ғана белгісін алып тұрады, фонема-дыбыс, ол
барлық дыбыстық белгілердің жиынтығы”(Реформатский А.А.
1970: 245);
б) “Фонеманың сөзайырымдық қызметі өзара айырымда-ры
арқылы   жоғары   тілдік   бірлік   –   морфеманы   ажыратуынан
көрінеді” ( Реформатский А.А., 1970).
в)   “Сөйтіп,   тіл-тілде   көптеген  артикуляциялы-акустикалық
дыбыс түрленімдері болады және сол түрленімдер жинақталған
белгілі   бір   мөлшердегі   дыбыстар   болады”   (Ветвицкий   В.Г.,
Иванова В.М., Моисеев А.И. 1974: 21).
г)   “Фонема   –   бұл   идеалды   дүние,   сол   дыбыс   жиынтығы
белгі бір фонетикалық жағдайда жеке дыбыс ретінде көрінеді».
“фо-немалар – бұлар тілдегі әлеуметттік жағынан айқындалған
ды-быстар   және   мұндай   дыбыстар   әр   тілде   әртүрлі,   бірақ
белгілі бір сандық шегі бар” ( Реформатский А.А. 1970: 129).
Ал   фонеманың   сөз   мағынасын   ажырататын   дыбыс   екенін
алғаш   айтқан   кавказ   тілдерін   зерттеуші   П.К.Услар   болды
(Яковлев   Н.Ф.   1970:   129).   Р.И.Аванесов,   В.Н.Сидоров   фоне-
маны   сөздің   әлеуметтік   мәні   бар   дифференциалды   элементі
деді   (Аванесов   Р.И.   Сидоров   В.Н.   1970).   Бұл   тұжырымдарға
Қ.Жұбановтың фонема бір сөз бен екінші сөзді айыруға жарай-
ды дегені (Жұбанов Қ. 1999: 501) сәйкес.
Сөйтіп, фонема абстракті единица ретінде адам санасында
өмір сүретін бір жақты құбылыс болды. Фонема – ауызша тіл
мен жазба тілдің арасын байланыстыратын аралық категория.
Фонема   –  сөз  жасайтын   (конститутивті),   сөз  айыратын   (дис-
тинктивті) (Яковлев Н.Ф. 1970) және жеке тұрып мағына бере-тін
фонологияның кіші бірлігі. Фонема сөздің дыбыс құрамын екшеп,
сөздің   естілімін   туралайды,   форма   айыратын,   мағына   айыратын
шектеулі дыбыс құрамы арқылы сөз мағынасын ажы-
ратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет