Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет67/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

<ү>,   <ы>,   <і>,   <и>,  <э>,   <е>  дыбыстарының   фонемалық
мәртебесін анықтау болды  дейді проф. М.Жүсіпов. Ол 1) сөз
ішінде ы, і қысаңдарын жазу// жазбау; 2) ұ, ү, у дыбыстарының
дифферекциалды   белгілері;   3)  -ый,   -ій  дыбыс   тіркесімін
таңбалау деген проблемаларға ажыраған (Джусупов М. 1995).
Мұның бәрі ауызша тілдің үздіксіздігінен, сөз ішіндегі ды-
быстардың өзара әсерінен шығады. Бұл құбылыстарды Мәс-кеу
фонологиялық мектебі (МФМ) инвариант (негізгі реңк),
вариант (өздік реңк), вариация (бөгде реңк) ұғымдары арқылы
түсіндірді   (жақша   ішіндегі   қазақша   баламаларын   профессор
Н.Уәли ұсынған).
МФМ ілімі бойынша, инвариант фонема – дыбыстың күшті
жағдайындағы қалпы. Ол әліпбидегі әріп мәніне сәйкес. Қанша
инвариант фонема болса,  сонша әліпби таңбасы болуы  керек
де-ген осы ұғымнан пайда болды.
Сөз мағынасын ажырататын фонема сөз ішінде іргелес кел-
ген   дыбыстармен   әсерлесіп,   өзінің   негізгі   реңкінен   өзгеріп
түрленеді. Сонда инвариант фонемалардың іргелес келген
дыбыстық   қоршаудағы   уақытша   көрінуі   оның  дыбыс   қорын
құрайды. Дыбыстық қор екі түрлі: өздік реңк, бөгде реңк түрінде
көрінеді.
Өздік реңк дегеніміз фонеманың әлсіз позициядағы түрле-
78
79


німінің әлді позициядағы басқа бір фонемамен сәйкес келуі. Ал
жалпы осы әлсіз позициядағы дыбыс түрленімдерінің қоры
–   фонема   модификациясы   болып   табылады.   Мысалы,  ақ   үй,
көк үй, ұзын, түнгі  сөздеріндегі  <қ>, <к>, <ы>, <н>  фонема-
лары айтылым актісінде іргелес дыбыстардың әсерінен өзгеріп,
парадигмалық осьтегі <ғ>, <г>, <ұ>, <ң> фонемаларына ұқсап,
соларға сәйкес айтылады: [ағүй], [ұзұн], [түңгү]. Мұндай про-
цесті   фонеманың   бейтараптануы   деп   те   атайды.  ғ,  г,  ұ,  ң  –
дыбыс-тары   фонеманың   өзі   емес,   <қ>,   <к>,   <ы>,   <н>
фонемаларының дыбыстық түрленімі, яғни варианты екеніне,
бұларды   басқа   неғұрлым   тәуелсіз   позицияға   қойып,   көз
жеткізуге болады: [ақ], [көк], [түн], [түндө], [ұзұндұқ].
Бөгде реңк – фонеманың фонологиялық қорда жоқ, басқа бір
дыбыс түрленіміне айналуы. “Вариация – бұл фонеманың негіз-гі
реңкінің,   уақытша,   тілдегі   ешқандай   негізгі   дыбысқа   ұқсамай,
мүлде таныс емес дыбысқа ұқсап айтылуы. Мысалы, Н.Уәли қазақ
тіліндегі   жуысыңқы   <ш>,   <с>  aлдынан   келген   <к>,   <қ>  өзінің
қатаң   тоғысыңқы   реңкінен   ауытқып,   босаң   тоғысыңқы   [х]
дыбысына ұқсап айтылады дейді. Мұнда тілшікпен айтылатын [х]
емес,   жасалымы   одан   ілгері   дыбыс   реңкі   шығады.   Яғни   бұл
парадигмалық осьте жоқ <қ>-ның реңкі. Мысалы: ақша, бақша,
шұқши, көкше, кексе т.б. Сол сияқты <ш>-ның (атшы, сатшы),


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет