Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет70/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

–  “түсіндім”,  ә –  “бұным қалай”,  о  – “таң қалуды”,  й –  “жиірке-
нуді”,  е  –  “есіме түсті” дегенді білдіреді. Бұл буын ішіндегі дау-
ысты дыбыстардың жетекшілігін арттырған. Сонда бір буындағы
дауыстының   жуан/жіңішкелігі   буынның   жуан/жіңішкілігін
айқындаған.   Ал   бас   буынның   тембрі   кейінгі   буынның   тембрін
анықтаған. Сөйтіп, бір сөз бойының бірыңғай жіңішке, бірыңғай
жуан айтылуы І буынның ыңғайына қарай пайда болған.
Қазіргі қазақ тілін тұтынушылар санасында 9 дауыстының
(<а>, <ә>, <ы>, <і>, <ұ>, <ү>, <о>, <ө>, <е>), 19 дауыссыздың
(<п>, <б>, <м>, <т>, <д>, <н>, <ш>, <ж>, <з>, <с>, <қ>, <к>,
<г>, <ғ>, <й>, <у>, <ң>, <р>, <л>) бейнесі (Жұбаева О. 2002)
бар. Сондай-ақ, <ћ>, <ф> дыбыстары тек одағайларда кездескен-
мен,   тілдің   осы   лексикалық   қабатының   мағынасын   ажыратуға
септігін тидіруіне байланысты жеке дыбыс – фонема ретінде та-
нылуы тиіс деп ойлаймыз. Әрі аћ, ућ, оћ, оћолады, ућлеу, сүф,
тіфә  сөздеріндегі  [ћ],   [ф]  дыбыстары   позициялық  өзгерістен
шығып отырған жоқ. [ућ] пен [уқ], [аћ] пен [ақ], [суф] пен [суп]
сөздері арасындағы айырмашылық [ћ]-[қ], [ф]-[п] дыбыстары-
на  байланысты.  Мұндайда  Л.В.Зиндердің фонеманың  мағына
ажыратушылық сипаты әртүрлі дыбысталудан ғана көрінеді де-
гені (Зиндер Л.Р. 1979: 56) еске түседі.
Ал   проф.   З.Базарбаева   “Қазақ   тілі   фонемаларының   вариа-
циялары   фонемаға   айналу   процесіне   сәйкес   өзінің   негізгі   фо-
немаларымен   қарама-қарсы   топ   құрса,   сонда   ғана   олар   дербес
фонемаға айналады” деп (Базарбаева З. 2004: 20-27), орыс тілін-де
де   бұрын   <в>:<ф>,   <ц>:<ш>,   <с>:<ц>   фонемаларының   оппо-
зициясы болмаған, қазірдің өзінде орыс тілінің кейбір жергілікті
сөйленістері   <ц>,   <ч>,   <ф>   фонемаларын   айта   алмайды   дейді.
Сондықтан   ғалым   тілдің   дыбыстық   құрамындағы   өзгерістерді
прогресті   деп   таниды.   Л.В.Зиндер   фонема   дербестігі   кірме
сөздерді сол тілдің заңдылықтарына сай игеруге мүмкіндік бе-
реді дейді (Зиндер Л.Р. 1979:57).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет