Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары қалай таңбаланады?



Pdf көрінісі
бет166/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   196
Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары қалай таңбаланады?
Дауыстыларды диакритикамен: <ә> фонемасын ä/ă таңба-
ларының, <ө> фонемасын ц/ŏ әріптерінің бірімен, <ұ> дыбы-
сын ŭ, <ү> дыбысын ь әрпімен, <ы> дыбысын э, <і> дыбысын
і әрпімен беру немесе дәйекше арқылы белгілеуге болады.
Сонда қазақ тілі дауыстылары үшін (егер дәйекше қолда-
нылмаса) латын жазуының мына таңбалары лайық: -a, <ә>-
ă, <ы> – э, <і> – і, <ұ> – ŭ, <ү> – ь,  – o, <ө> – ц, <е> – е.
Дауыссыздардан
<қ> 
фонемасының бірнеше таңбасы
ұсынылып жүр: Qq, Кк, Í í әріптері, ал <к> фонемасы үшін Кк
және Сс таңбалары тең ұсынылып жүр. Егер бір инвари-ант
фонеманың жазуда таңбаланатын варианттары өзара ұқсас әріппен
берілуі керек деген әліпби теориясына салсақ, онда жуан
дауыссызды <қ>-к, ал жіңішке дауыссызды <к>-í деп таңбалау
дұрыстыққа әкеледі. Ал егер қабылданған әліпбиде сол дауысты
беруге сәйкес келетін әріп таңбасы (мұнда, мысалы Qq – әрпі)
болса, онда әліпби мүмкіндігін пайдалану дұрыс деп танылады.
Біздің ойымызша, <қ> фонемасы үшін басы артық диакритикалық
таңбадан гөрі, q әрпін қолдану тиімді. Ал <к> фонемасына к
таңбасы бар, <ң> фонемасын ŋ әрпімен, <ш> өзге түркі
әліпбилеріне сай ş әрпімен таңбалаймыз.
Енді бір
пікір “орыс жазуындағы я, ю әріптері а, у
фонемаларының жіңішке варианттарын таңбалайды.
Сондықтан қазақ жазуындағы бұл әріптер өз қызметінде тұрған
жоқ, әрі са-уат ашу ісінде, тасымал жасауда, буын жігін
үйретуде қиындық тудыратын таңбалар болып отыр. Кейбір
сөздердің жазылуын жаттап алуға тура келеді (қояйын, аяйын)
дегенге саяды. Бірақ я, ю әріптері қазақтың төл сөздерінің
дыбысталуына кері әсерін тигізгені туралы мәлімет болған
емес. Бастауыш сыныпта бұл әріптерді <й> мен <а>-ның, <й>-
мен <у>-дың қосындысы деп оқытады (тек и мен у-дың дыбыс
құрамын дұрыс бермейді). Дегенмен я, ю, л әріптерінің қос
дыбыс мәнін беруі сөздің буын құрамын белгілеуге зиянын
тигізіп келді десе де, жазу үнемділігі үшін едәуір жеңілдік
еткенін мойындау керек. Ендігі жазуда, мы-салы, аю, сою, қию
сөздері ajuw, sojuw, qэjuw деп, 2-3 әріпті, не-месе компьютер
тетігін артық басатын боламыз. Әйтпесе, ру, су, аю, қию сөздері
екі, үш әріппен жазылса да ұ-рұу, сұу, а-йұу, қы-йұу деп, 4:3, 4:5
дыбыспен айтылып, екі буыннан құралады деп үйрету ауызша
тіл мен жазба тілдің айырмашылығын көрсетер еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет