Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Әліпби – белгілі бір жазба тілдегі әріптердің реттелген жиынтығы. Көне түркі жазуы –



Pdf көрінісі
бет194/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196
Әліпби – белгілі бір жазба тілдегі әріптердің реттелген
жиынтығы.
Көне түркі жазуы – V-VIII ғғ. түркі халықтарының руна
таңбаларынан тұратын төл жазуы.
Араб графикасына негізделген қазақ жазуы – Х-ХІХ ғғ.
338
339


қазақ даласында қолданылған, қазақ жазба тіліне қызмет еткен
араб алфавитін пайдаланған қазақ жазуы.
Жәдид жазуы – дауысты дыбыстар харакаттар арқылы емес,
таңба арқылы берілген, араб әліпбиіндегі басы артық таңбалар аз
қолданылған, демократиялана бастаған қазақ жазба тіліне қызмет
еткен араб графикалық қазақ жазуының кейінгі жүйесі.
Қадим жазуы – дауысты дыбыстардың таңбаланбауымен
ерекшеленетін араб графикасына негізделген қазақ жазуы.
Латын графикасына негізделген қазақ жазуы – 1929-
1940жж. қазақ жазба тілінде қолданылған 29 әріптен тұрған,
1938 ж. өзгертуге ұшыраған латын-қазақ жазуы.
Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы – 1940ж. қазірге
дейін қолданылатын 42 әріптен тұратын, құрамында цитататық
принциппен жазу үшін алынған орыс алфавиті әріптері мен араб
сөздерінде кездесетін дыбысты беретін таңбалары бар жазу.
Емле ұстанымы –
 кез келген жазба тілдің
орфографиясында ұстанатын негізгі принциптері.
Орфограмма – жазу тұрпатының негізгісі.
Ерін үндестігі – сөздің бірыңғай еріндік дыбыстармен ай-
тылуы
Қазақ орфографиясының негізгі ережелері – 1957ж.
қабылданған емле ережелерінің жиынтығы
Орфографияның негізгі принципі  сөздердің дұрыс жазы-
луын жүйелейтін емледегі басты сүйенім, ұстаным.
Үндесім заңы – сөйлегендегі дыбыстардың бірыңғай тіл не
ерін үндесімімен айтылуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет