Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет16/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   196
Байланысты:
httpsemle.kzbooks8e10fd01cc60087f7a7a338573861826.pdf

Ой мен сөйлеу. Санадағы ойдың сөзге айналу процесі ең
алғаш Л.С.Выготский зерттеулерінен басталып, Ф.де Соссюр,
Б.де Куртенэ, Блумфилд еңбектерінде жалғасып, Н.Хомский,
А.А.Леонтьев зерттеулерінде толықтырылды.
ХХғ. алғашқы онжылдығында Л.С.Выготскийдің ой сөйлеу
арқылы аяқталады деген сөзі ой мен тіл процесінің әмбебап
формуласына айналды. Ғалым ойды ықшамдалған,
тұйықталған әрекет деп таныды. Ойдың тіл арқылы сыртқа
шығарылуы “мо-тив ↔ой↔ішкі сөйлеу↔іштен шыққан
мазмұнның сыртқы аршылған, айқындалған (развернутое)
мағыналар жүйесіне ай-налуы ↔ сыртқы сөйлеу” сатылары
арқылы жүзеге асатынын көрсетті.
Ал естілген сөзді ұғу синтаксистік құрылым мен лексикалық
мағынаға анализ жасау ↔оны ішкі сөйлеуге жинап, орап алу ↔
мотив пен мәнін түсіну сатылары арқылы жүреді деді. Бұл тео-
рияны нейролингвистикалық бағытта дамытқан А.Р.Лурия ойда
адамның айтайын деген тақырыбы белгіленеді, сол тақырып
ту-ралы не айту, қалай айту керек деген предикатты мазмұн –
ішкі сөйлеуде жүзеге асырылады, ол қысқа, фрагментарлы,
аморф-ты сипатта болады. Бұл тұрғыда ішкі сөйлеу ішкі
субъективтік мәнді сыртқы аршылған мағыналар жүйесіне
айналдыратын ме-ханизм болып табылады деді.
Ғалым бір ойды түрліше жеткізуге болатыны сыртқы сөйлеу мен
ішкі сөйлеудің айырмашылығын көрсетеді, сондықтан ішкі сөйлеу –
инвариант, сыртқы сөйлеу – вариант болады деп көрсетті. Астыңғы
грамматикалық құрылым мен ішкі сөйлеу, үстіңгі грамматикалық
құрылым мен сыртқы сөйлеу сәйкеседі, астыңғы грамматикалық
құрылым адам санасына жақын болғандықтан оны құрастырудың
ережесі аз, сондықтан кішкентай бала бұны тез меңгереді деді.
Естілген сөзді ұғынуда 1-саты сөз мағынасын айыру, яғни
көпмағыналылықтан нақты мағынаны айыру болып табылады деді; 2)
сөйлем жүйесін білу (егер сөз мағынасын ша-
24
25


малап түсініп, ал сөйлем құрылымын білмесе, күңгірт түсінік
түрінде қалады); 3) бүкіл хабарды түсіну керек деді. Мұндағы
1, 2 саты тілдік ережелер аясында жүрсе, соңғысы тілдік ойлау
психологиясына барады деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет