Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет17/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   196
Байланысты:
httpsemle.kzbooks8e10fd01cc60087f7a7a338573861826.pdf

Сана мен тіл. Жалпы психология санада пайда болған ұғым
алдымен адам миына келіп түскен сигналдарды қабылдау арқылы
түйсіктен басталып, елес, түсінік, ой, ұғымға ұласатынын
көрсетеді. Сонда мұндағы ой адам санасы мен тіліне қарағанда
кең ауқымды қамтитынын білдіреді. Ойлау сезімдік, абстрак-тілік
формаға көбірек бейім болса, сана оның мазмұндық жағын алады.
Бұл тұрғыда ойлау сөйлеуге, сана тілге жақын. Сана тіл арқылы
жасалып, тілді қолдана отырып дамиды. Ойлау мен сөйлеу жеке,
сана мен тіл жалпы болатыны сондықтан. Әркім өзінше ойлап,
өзінше сөйлеуі мүмкін, бірақ мұның бәрі жалпы тіл (ұлт тілі) мен
жалпы сананы (ұлттық сана) құрайды. Сана
– инвариант, ойлау – вариант болатыны сияқты, тіл – инвари-ант,
сөйлеу – вариант болады. Сана – бүкіл этностың, әлеуметтің
ғасырлар бойы жасаған ой еңбегінің нәтижесі. Сол сананы жеке
адам ойына көшіру тіл (сөйленім) арқылы жүзеге асады.
Ой мен жазу. Сонымен, тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау
арасындағы осындай пайымдауларды қорыта келіп, біз енді жазу
жүйесінің доминаттылығымен байланысты адам ойы ауызша тілді
делдалдамай-ақ, бірден жазба тілге айнала ала-тынына көз жеткізе
бастаймыз. Әрине, мотив арқылы туған ойдың ішкі сөйлеуде
предикаттық қатынасқа ұйымдасуы, одан әрі айтылымның
логикалық құрылымының түзілуі және сыртқы тілдің синтаксистік
құрылымына айналуында ауызша тілдің қызметі жоқ емес.
Өйткені жазба мәтін алдымен ауыз-ша айтылып, сосын қағазға
түсіру әдісі көбірек қолданылады. Немесе бірнеше рет
қайталанып, айтылып жүрген ой ғана өзінің ақикаттығына
жеткенде жазуға түсуі мүмкін. Мысалы, ауыз-ша түсіндіріліп
келген оқымыстының дәрісі соңында барып, дәрістер жинағына,
не оқу құралына айналатын кезі сирек емес. Бірақ Б.де Куртенэ
айтқандай, сауаты жоқ адамның басында айту-есту елесі болса,
сауатты адамның басында бұл елеспен қатар сөздердің
графикалық кескіні мен оптикалық бейнесі қатар ор-наласып,
соңғысы күштірек болады. Қазіргі адамның санасы сөз мағынасын
оның қалай естілетініне қарамастан, графикалық пор-третін
елестетіп барып түсінеді. Өйткені ондай әлеуметтің көбі
тыңдағанға қарағанда көбірек оқиды, сөйлегеннен гөрі көбірек
жазады. Әрине, бұл өз ойын жазба жүйе арқылы шығаратын тіл
тұтынушылар туралы екені белгілі.
В.А.Истриннің жазба мәтін графикалық құрылымы негізін-де
ауызша тілге қарағанда өзге мағыналық реңк алып кетеді дегені
де, біздің ойымызша, осымен байланысты. Ғалым жаз-ба мәтінді
оқу жазу-сана байланысын көрсетеді. Іштей оқуда, оқырманның
сөздік қоры сөз мағынасы мен оның графикалық бейнесін
ассоциациялауға жеткілікті жағдайда жазу-ой түрінде болады,
жазу мен ойдың тура байланысы жазудың жетілген, жоғарғы
сатысында пайда болады деген. В.А.Истрин цифр-лар әр тілде
әртүрлі аталады, бірақ мағына біреу, сонда бұл таңба сөзбен емес,
ұғыммен яғни ойлаумен тікелей байланыс-ты болды. Мысалы,
адам санасындағы ұғым дыбысталмай-ақ, жазуға айналатын
кездер болады. Айталық, ғылыми техникалық таңбалар,
формулалар, сөздің фонетикалық, кинесикалық бей-нелері
болмайтын кейбір оқылуларының болуы “ұғым-термин-жазу
таңбасы” сатыларының жиі қайталана келіп, “ұғым-жазу
таңбасына” айналуынан шығады” дейді. Ой-жазу процесін
түсіндіру қиындығы бұл кезеңдердің санасыз, автоматты түрде
өтуіне, әрі ойдың таңбалық сипаты жоқтығына байланысты.
Ой – жазу процесін жазу – ой қатынасында көрсетуге болады.
Өйткені жазу – таңба, оның тұрпаты бар. Сонымен, көз жазба
мәтінді көріп, ол тілдік санадағы графемамен, графикалық пор-
треттермен ассоциация жасайды. Сөздің адам санасында бейне-
ленген графикалық портреттері, синтаксистік, пунктуациялық
белгілер арқылы үстіңгі синтаксистік құрылымға көшіріп алы-
нады және астыңғы синтаксистік құрылымға көшіріліп, сөйлем
мәні екшеледі. Өйткені жазба мәтіннің жөнделу, редакцияла-ну
мүмкіндігі тілдің ауызша сөйлеу жүйесінен басқа үстіңгі мәтіндік
құрылым жасайды. Сөйтіп, мұнда негізгі мән белгісіз, жасырын
қалады. Сондықтан үстіңгі құрылымды астыңғы құрылымға
көшірудің мәні бар.
Жазу-ой процесін мәтіннің графикалық “өмірінен” бастап
көрсетуге болады. Өйткені көз қармап көру үшін графикалық
кеңістіктің үйреншікті болуы, стандарттылығы маңызды. Көз
мәтінді көргенде ондағы графикалық морфемаларды графикалық
мәнмәтінде (контексте) алып оқиды. Сөздің графикалық
кеңістіктегі орны (азатжол, парақ басы, соңы), мазмұны (бас әріп,
кіші әріп), дыбыстық мағынасы (әріп түрлері), мәні (қарайтылған,
асты сызылған, жазба әріптер, үзілмелі жазылған), тыныс бел-
26
27


гілер арқылы мәтін мазмұны сол графикалық портретімен қоса
адам санасына қабылданады. Ішкі сөйлеу жазба тілдегі синтак-
систік құрылымды ауызша тілдің синтаксистік құрылымына
айналдыруды қажетсінбей-ақ, санасында орналасқан сауатты
адамның елесіне сәйкес, жайылма сөйлемді, ықшамдап, екшеп,
предикатты қатынасқа түсіреді. Сөйтіп, жазылған сөйлемнің
мазмұнын ойға көшіреді. Белгілі мотивтен пайда болған ой
(ойлау) сыртқа шығатын мақсаты айқындалғанда (ішкі сөйлеу)
және ол жазу арқылы таңбаға айналатынында (сыртқы сөйлеу),
алдымен, әрине, ауызша тілдің грамматикалық құрылымына
көшіріледі. Жазба тілаудиториясының көмескілігі, вербалды
емес коммуникативтік құралдардың жоқтығы жазба мәтіннің
грамматикалық құрылымын жаңа сатыға көтереді. Бұл кейде
ішкі сөйлеу мазмұнына дәл шықса, кейде тереңдеп, мотивті
айқындайды.
Сонымен, жазу-ой қатынасын былай көрсетуге болады (1-
су-рет):
Жазба мәтін
графикалық контекст
графикалық портрет
Үстіңгі синтаксистік құрылымды қабылдау
ішкі сөйлеу
түсінік, ойлау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет