Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-тер) көрсетсек (қазiргi оқулықтардың бәрiнде осылай), жазба тілтұрғысынан ғана сөз етiп отырғанымыз. Ал сөйленістегі -лөр



Pdf көрінісі
бет30/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   196
-тер) көрсетсек (қазiргi оқулықтардың бәрiнде осылай), жазба
тілтұрғысынан ғана сөз етiп отырғанымыз. Ал сөйленістегі -лөр,
-дөр, -төр (үйлөр, көлдөр, шөптөр) варианты ескерілмей-
ді. Болмаса септiк жалғауларының -ның, -нiң, -дың, -дiң, -тың,
-тiң, -га, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е варианты – жазудағы
форма-лар. Осы сияқты барлық грамматикалық формаларды
айыруға болады. Бұған сай түбiр морфемалардың да ауызша
вариант-тары шығатыны белгiлi. Ауызша сөйлеудiң үздiксiздiгi,
іргелес морфемалардың позициялық өзгерісі сөйлеудегі бір
деңгейдегі айтылымын әртүрлі етеді.
Ал жазба форма дискреттi. Тiл деңгейлерiнiң осы екі сала-
сы, фонетика мен морфология арқылы, жазуды тiл өмiр
сүруiнiң бiр формасы деп тануға болады. Осыған орай қазіргі
көркем әдебиет стилінде классик ақын-жазушылардың сөз
саптауына, мәтін құрауына сәйкес келетін сөйлемдерді
кездестіру қиын екенін көреміз. Бұл, әсіресе, орыс, ағылшын
тілдеріндегі детек-тив, вестерн, бестселлерде көп кездеседі.
Жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері. Жазу термині а) жазу
процесі, ә) сол процестің нәтижесі, б) нәтиже негізінде пай-да
болған тілдік таңбалар жүйесі ретінде қолданылады дедік.
Сонда жазба тіл дегеніміз ішкі сөйлеуге (белгілі бір тілге,
мыса-лы, қазақ тілі) кодталған ойдың фонемалық сүзекіден
өтіп жазу, көруге бағытталған графикалық кодқа айналған
жүйесі. Жалпы алғанда, жазу – адамның ой-пікірін, сөзін
белгілі бір тілде жазу таңбалары арқылы қағаз бетіне түсіру;
адамның ой-пікірін, сөзін қашықтыққа және ұзақ замандарға
жеткізетін материалдық сыз-ба таңбалар жүйесі.
Жазба тілдің жалпы графикалық ерекшелік, графикалық
және графемдік ерекшеліктері бар.
Жалпы графикалық ерекшелікке мәтіннің парақ бетіне ор-
наласуы, азатжол, көз тынысы, (үлкен ашық жол), қаріп түрлері
(майлы, ашық, көлбеу әріп), үздікті жазу, асты сызылған жазу,
қаріп түсі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет