Пысықтау сұрақтары: 1. Орыс графикасы бойынша әліпби жасаудың қандай қажеттіліктері
болды?
2. Орыс әліпбиі негізінде алғашқы әліпби жобаларының авторлары
кім?
3. Әліпбилердің өзара айырмашылықтары қандай болды және уәжді
жоба деп қайсысын ұсынуға болады?
9-семинар. Ұлттық әліпби жасаудың алғышарттары мен маңызы Жәдид жүйесінен басталған реформа одан ары жалғаса берді.
а.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ тілі-
не ыңғайластырып, жақындатуды қолға алды. а.Байтұрсынұлы:
«Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген
жолмен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын»
деді. Сол кездегі оқыту процесін: «әуелі әліфті тегіс жатқа
оқытады және де оқытқанда әрбір харіфтің өз үнімен оқытпай,
әліфбиде қалай аталса, сол атымен әліп, би, ти, си, мим, ха, дал
дегізіп оқытады. Соны оқып болған соң астын, үстін, үтірін
оқытады. мұны оқытқанда да хәріфтің өз дауысын оқытпай …
бисын ба, тисын та, сисын са дегізген соң харфтің анық дауысы
қалай екенін білмей баланың басы қатады» деп сынады.
Сондықтан ел арасына тарай бастаған жаңа оқу жәдид
жүйесін одан ары жетілдіруді ойлады: «усул жәдид, яғни төте
оқу жолы бар екенін білеміз, бірақ сол жол қазақ арасына аз
тараған соң, біздің мақсатымыз да сол оқуды қазақ арасына
көбірек жаю. усул жадит жолын сіз 28 әріп оқыту мағынасында
ұқсаңыз, оныңыз қате – усул жадид – жаңа жол. Бір екі белгі
алып қосқаннан усул жадит жолынан шықпаспыз» деді.
Сөйтіп, 1912 жылдардан бастап а.Байтұрсынұлы оқулықтары,
«Қазақ» газеті (1913-1919жж.) осы әліпбимен жазылып, ел ара-
сына тез тарай бастады. тек әліпби ресми түрде 1924 жылы ғана
қабылданды.
а.Байтұрсынұлы әліпбиінің тез, әрі жылы қабылданғанының
бір себебі араб графикасының тегі сақталуы, тіл үндесімін
дәйекше арқылы көрсетуі болды.
а.Байтұрсынұлының әліпби жасаудағы еңбегі мен оның
маңызын орыс ғалымдары мен түркітанушылар және әрине қазақ
оқыған зиялылары жоғары бағалады. мысалы, Е.Д.Поливанов «новая казак-киргизская (Байтурсыновская) орфография»деген
мақаласында былай дейді: «Эту последную форму, которую при-
няла казак-киргизская графика в 1924 году я во всяком случае
считаю уже не нуждающейся в поправлениях и представляющей
последний шаг в историческом формировании национальной
графики, которым с полным могут гордиться киргизские деяте-
ли просвещение-создатели реформы, как крупным культурным
завоеваниям»деген.