Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет110/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

а мен ә варианттарын бір инвариант фонема деп тану үшін екеуі 
де ашық, екеуі де езулік болуы керек. Сондай-ақ бұл екі дыбыс-
ты екі түрлі вариант деп тану үшін олардың ортақ белгісінен 
басқа айырмасы да болуы керек. Ол бірінің жуан (а), екіншісінің 
жіңішке (ә) әуезде айтылуы, қалған дауыстылар жөнінен де осы-
ны айтуға болады. Бұл – бір. екіншісі варианттар парадигмалық 
қатынаста болады, яғни «екінің бірі» принципі бойынша сөзде 
не [а] не [ә] варианты қолданылуы шарт. ал инварианттар 
синтагмалық қатынаста болады, ал бұл қатынас «және … және» 
принципі бойынша жүзеге асады.
Бұл айтылған дауыстылар жүйесінің парадигма (варианттар) 
мен синтагмалық (инварианттар) қатынасын былайша көрсетуге 
болады:
парадигма синтагма
___а_____о_____ұ_____ы_____
ә ө ү і е 
Синтагмалық қатынас бойынша бір сөздің шенінде [а], [о], 
[ұ], [ы] дауыстылары қолданыла береді: ақын, отан, ұлы, қызы
[ә], [ө], [ү], [і], [е] дауыстылары да осы тәрізді: әні, өнері, үні, 
елі т.б. Бұдан байқайтынымыз: бір инварианттың варианттары 
синтагмалық қатынасқа түспейді немесе олар бір сөздің шенін-
де ұшырамауға тиіс. Қысқасы, а.Байтұрсынұлының «бес дауыс-
ты» жүйесін, біздіңше, осылай түсінуге болады. «Бес дауысты» 
жүйесімен әліпби түзе келіп, осы бес инвариант-фонеманың 
әрқайсысын бір-бір әріппен белгілейді. ал инварианттардың 
варианттары үшін бас-басына әріп алмай-ақ, дәйекші арқылы 
жуан немесе жіңішке әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасай-
ды. Сонымен а.Байтұрсынұлы әліпби жүйесінің, түптеп кел-
генде, қазіргіден өзгешелігі әріптердің фонемалық мәнді бере 
отырып, дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін) білдіріп, 
біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде. «Біте 
қайнасқан» бұл ерекшелік қазақ тілінің сингармонизм жүйесімен 
ерекше үйлесім табады».
ал Байтұрсынұлы өз реформасы жайында 1912ж. бы-
лай түсініктеме берген: «Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі-
мұсылманша оқу, бірі – русша оқу. Осы күнгі жазуымызда ды-
быс басына арналған белгіміз жоқ, бір белгіменен әлде неше 
түрлі дыбыстарды жазамыз. мысалы:  менен жазамыз бес түрлі 


198
199
дыбысты,  мен жазамыз үш түрлі дыбысты. Сондықтан әуелі 
жазуымыздың тәртібін түзетіп жөнге салсақ. …бұл дыбыстардың 
ішінде қ һәм ғ дәйім жуан айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр 
қайсысы екі түрлі айтылады, бірде жуан айтылса, бірде жіңішке. 
егер де бұл 19 дыбыстың жуан айтылғанына бір харіф, жіңішке 
айтылғанан бір харіф керек десек, мысалы: ط, ت, س , ص сықылды, 
онда 19 дыбысқа 38 харіф керек болар еді. Бұған дәйім жуан 
айтылатұғын қ менен ғ- ларды, дәйім жіңішке айтылатұғын к, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет