Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет167/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

ч, ғ дыбыстарын һ таңбасын қосақтап таңбалау : nһ – <ң>, sһ 
<ш>, tsh (ч), gһ (ғ) (Қырықбай н. Қазақ үшін әріп 26 латын 
әріпінен түзілген қазақ жаңа әліпнамасы // ағайын 2001.№1 ; 
Қондыбаев С. Бір академиктің, бір мүдделі топтың айтқанымен 
тіл мәселесі шешілмейді // Жа 25.01.01.) ; болмаса j – әрпін мар-
кер етіп алу : jа <ә>, jе <э>, jо <ө>, jс <ш>, jg <ғ>, js <ч>, jк <қ>, 
ji <й>, jу , ju <у>, jn <ң>, (мұңайтбасов Б. Күрделендіріп 
керегі жоқ // түркістан 20.05.98 ; мұңайтбас Б. ақ жол деп 
атын қойдым әліпбидің // ат. 02.07.98.) ; жіңішке дауыстылар 
үшін е таңбасын маркер түрінде қолдану : ае – <ә>, ое <ө>, ue 
<ү> (уатай Ж. латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиінің 
жобасы // Қазақ тілі мен әдебиеті 1996 №3 ; Заман –Қазақстан 
15.12.95 ; арыстанбеков Қ. Әлемге әйгіленудегі әмбебап әліпби 
// алматы ақшамы. 27.07.94.). тіпті жуан дауысқа бір белгі (j), 
жіңішке дауысқа бір белгі (i) жазуды ұсынған жобалар да бар, 
мысалы kior (көр), kjol (қол) (тоқтарұлы Ө. латын алфавитімен 
қазақшаны шағатайшаға жуықтатып түп мағынасында жүйелі 
жазу // ізденіс 2001. №4-5. 75б.). Кейде тіпті нағыз ағылшын 
жазуының дәстүрін сақтап, бір с әрпі <к> , <с>, <ц> фонема-
ларын берсін, егер с таңбасымен е, і, у әріптері іргелес келсе, 
таңба [ц] болып оқылсын деген ұсыныстар болды (молжігіт С. 
латын графикасына көшу мәселесі // Қазақ тілі мен әдебиеті. 
2000. №8. 3б.). 
авторлардың ойынша, ағылшын-латын стандартынан шығу 
қазіргі әліпбиімізде қала берумен барабар. неміс жазуының өзі 


296
297
ХVіііғ. Дейін қолданған ае, ое, іе графемаларын пайдалануда, 
өйткені қос нүктелі әріп “БейСиККе” қайшы. түркия, венгрия, 
Балтық елдерінің жазуларының өзі қазір кез келген компьютерге 
жүрмейді дейді олар. 
Сөйтіп, мұндай пікір айналасындағылар ағылшынның 24 
әрпінің үстіне 10-11-ге дейін қосар әріп алуды ұсынады. Сонда, 
мысалы, әдемі сөзін жазу үшін 7 таңба тереміз: jademjy, әнім 
деген сөзді жазу үшін төрт тетіктің орнына алты тетік басыла-
ды: aeniem. Сөздің жіңішке үндесімін екі рет көрсетеміз. Жазу 
үнемділігін сақтамаймыз, көзбен қармап оқуды қиындатамыз. 
Бұған қарап отырып, қазақ жазуы үшін ендігі жердегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет