жақсы болған жерден шақыртып дегенде “Әйелі кішкентай
баласын күйдіріп алып, басқа жерде жұмыс істеп жүрген (жап-
жақсы болған жерден) күйеуін шақыртып алады. Құдай сақтап,
баласы тез жазылып кетеді. Жұмыстан рұқсатпен, заңды түрде
кетпей, мойнындағы жауапкершілікті сезінбей, Д. сол кеткен-
нен жұмысқа бармай қояды. Бір айдан кейін іздеу салған соң,
жұмыс орнына барса, Д.-ның жауапсыз кеткенін пайдаланып,
олар барлық шығынды Д-ның мойнына жазып қойған. Д. болған
оқиғаны шешесіне айтып береді. Сөзінің шын екенін шешесі мен
бір құдайдың өзінен басқа ешкім білмейді. міне, сол келеңсіз
оқиғадан бері Д.-ны еш қай жер жұмысқа алмай келеді”.
46
47
егер жоғарыдағы сөйленіс элементтері соңғы – толымды ба-
яндау тәсілімен ауыстырылса, ауызекі коммуникация мақсатына
жетпес еді. адресатқа алдыңғы мәтіндегідей әсер етпес еді. екі
коммуниканттың білім аясының ортақтығы вербалды тәсілдің
үнемделуіне әкелген, сөйленістің жүйесіз, семантикалық байла-
нысы ауызша коммуникацияны мақсатына жеткізген деп ойлай-
мыз.
Сондай-ақ “талай қазы-қарта… тәтті еді”. “Мұғалім емес-
пін… қалай мен” деген ауызекі тілден таспаға жазылып алынған
сөйлемдерде “талай қазы-қарта (жеп едік), (керемет) тәтті
еді”. “Мұғалім емеспін, қалай мен (тәрбие беруім керек?)” де-
ген толымды сөйлем үнемделген.
Сонымен бірге 75-тен асқан қарт адамның мына монологтік
сипаттағы сөзі таспаға жазылып алынып еді: “Санияздың ішінде
қыпшақ боламыз. Е-е-е, қыпшақ енді сол, қыпшақтан тараған,
Мәуітбай, Құрымбай, Келесбай, е-е-е, одан кейінгі атамыз біздің,
Күдері, Күдеріден тарайд, Күдеріден, міне, Әміре деген туад,
Әміреден кейін Молдабай туад, Молдабайдан кейін Дәулетжан,
Дәулетжаннан кейін Қайнолда, Баймолда деген бес ұл, бір қыз
болған, Уәзипа деген. Осының бәрі Күдеріден туады. А-а-а-а,
Күдеріден кейін, міне, Күдеріден ана Әміре туады. Әміреден
Дәулетжан, Қайнолда, Баймолда, Молдабай, ә-ә-ә, Уәзипа қыз
Күдеріден туады ғой. Енді Әміреден, міне, Мәкей туад, Бимолда
туад, Марфуға туад. Мен Молдабайдан туам, Молдабайдың ба-
ласымын. Менің баладарым, міне, Қиқар, Күзай, Бақытгүл де-
ген қыз, оның баладары бар. Баладарым, келінім бар, Алтынай
деген, Жеңісқан деген. Ол кезде жоқшылық уақыт, кедейшілік
уақыт, Мәкей де барған, Марфуға да барған. Бимолда да барған
ана жаққа. Ол жақта мен оқуда болдым, оқу жасында жүрдім.
Көбінеки егінде болдық.
Біздің мына, Қаражал деген мына, Маңырақтың арғы
жағында Ырғайлы бар ғой, Ырғайлының ар жағында Қаражал
деген қыстау болған. Талдыбастау деген жер екен. Сол
қыстауымыз болған. Сол кезде көп… жоқ, аздап-аздап нан, со-
нан кейін мал бағамыз. Ол кезде олар қайда-а-а-а, Бақалыда бол-
ды ғой деймін. Малменен жақсы болған”.
мәтіндегі аналитизм, сөз қайталау, хезитация (ол кезде
жоқшылық уақыт, кедейшілік уақыт; Мәкей де барған, Марфуға
да барған. Бимолда да барған. Қыпшақ енді сол, қыпшақтан
тараған. Одан кейінгі атамыз біздің, Күдері, Күдеріден та-
райд, Күдеріден, міне, Әміре деген туад), мәтін құрау үстінде
табылған қолданыстар (малменен жақсы болу, оқу жасы, кедей-
шілік уақыт), затты көрсете алу сипаты (біздің мына, Қаражал
деген мына, Маңырақтың арғы жағында Ырғайлы бар ғой,
Ырғайлының ар жағында Қаражал деген қыстау болған.
Күдеріден, міне, Әміре деген туад), сөзді редукциялау (сол кез-
де көп… жоқ, аздап-аздап нан…) ауызша тіл ерекшеліктеріне
жатады.
ауызша тілдің көбіне екі жақты болатыны, яғни коммуни-
канттардың бір-бірін көріп отыруы, мобильділік, қайта реак-
ция жасау мүмкіндігі оның құрылымына әсер етеді. Сондықтан
бір сарынды баяндау болмайды, сөз тіркестері қарапайым,
коммуникантқа әсер етуші функциясы динамикалық түрде
ашық болады, автокоментатор, сөз қайталау, хезитация жиі
пайдаланылады. Бір сөйлемде бірнеше рет қайталанған бір сөз
интонациясы, тембрі әртүрлі болатындықтан оны тыңдаушы
әртүрлі семантикалық бірлік ретінде қабылдайды. мысалға,
жазба тіл мен ауызша тілді бірдей меңгерген тіл маманының
радиодан жазылып алынған мына диалогіне назар аударайық:
“Жарнама деген жаңа айтпахшы, өтегүрмөуігөп мәселе боп
отұр. – Сонұмембірге мынау тақтайшалар бар, маңдайшалар
бар, дүкөндердің жанындағы атаулар бар, осындайда да біз
мемлекеттік тілдің нормасым бұзұб жатқан жағдайлар
өтөгөп гездесет. Мен өзім де бірнеше рет осындай ғателіктер
гездескен гезде сол мекемеге турагіріп барып айтқаңгездерім де
болт. А, мынау, Темирязев кешесінің бойында бір дүкөнге жазып
ғойған екен “Шужиктар” деп жазып қойыпты. Ы…ы гөрдүңіз
ба?, ондай да гездесет.– Ос’ сияқты тағы “Фото кужат”
деп жазыпқойған жерлер болдұ. Соларға тікелей гіріп айтсам
“Сеңгімсің?” дейт. Ия…..(2) Сонда ғараңыз? меніңше ойлайм,
осы мына әрбір ғазақтың азаматы осындай ғателіктерді, шын
мәнінде өзі гөріп тұрған ғателіктер болса барып, меніңше ай-
тугерек сияқты.
тілшінің диалогі өз аудиториясына түсінікті өтті. мәтін ішін-
дегі жүйесіздікті интонациялық қор, адресанттың білім аясы,
қыстырынды құрылымдар жымдастырып отырды. Диалогтегі
сонымембірге, осындайда біз, өзім де, жазып қойыпты, жа-
зып қойған екен, меніңше ойлайм, осы мына әрбір, шын мәнінде
өзі, содаңгейін сол, осы тіл, осы гөшеде, осы қазақ тілі, ол
егер мысал үшін, сіздерге, сізге, осы мынау, мына, осы, осы
48
49
кісілер, емін-еркін сияқты т.б.қыстырынды конструкциялар
мәтін құрылымымен логикалық, грамматикалық жағынан бай-
ланыспаса да, ойдың ауызша тіл аудиториясына акцент жасалып
жетуіне көмектесіп тұр.
Қыстырынды констукциялар ауызша сөздің барлығында
қолданыла береді. Оны бейтарап түрде таспаға түсірілген ауызша
тіл мәтіндерінен кездестіруге болады: жаңағы, несімен, себебі,
оның себебі бар дейтініміз, кәдімгі мына, тастайт та, табат,
немене әлгі, коллективке, мен ойлап отырмын, әлгі екі баланы,
неменелеріне, бірдеңке қылып, сонда ойлаймын, ойлап отыр-
мыз, бір мұғалым, өлді ғой деймін жарықтық, әлгі не деуші еді.
Олар әңгімені қарапайымдандыру үшін синтаксистік тұрғыда
жүйесіз, көбіне морфологиялық формаларсыз, семантикалық
жағынан ғана байланысатын сөйленісті түсінікті ету үшін,
оқиғаға субъективті көзқарасын араластыру үшін қолданылады.
ал жазба тілде қыстырынды конструкциялар сөйлемнің бойына
сыйдырылып кетеді, болмаса редукцияланады. Хат, қолхат фор-
маларында болмаса, бейресми жазу түрлерінде қолданылмайды,
немесе сөйлем соңына беріледі.
екінші, ауызша тіл ойлауға қарағанда баяу болғанымен, жазба
тілге қарағанда тез. Сондықтан ішкі сөйлеу кодына келген ой сол
қалпында сыртқа шығады. Сыртқы тіл ойды өзіне кодтап үлгере
алмайтындықтан ауызша тіл синтаксистік құрылымға қарағанда
логикалық құрылымға көбірек бағынады, себебі ауызша тілде
коммуниканттың өз еркілігі, өз меншігіндегі сөйлеу мәнері, ком-
муникативтік актке дайындықсыз кірісіп кетуі бар.
ауызша тілде жаңа сөздер, грамматикалық формалардың
жаңа жұмсалымы көп болады.
Біз жазба тілдің өзіндік белгілерін көрсету үшін ауызша
тілдің ерекшеліктерін санамаладық. Себебі қазақ тіл білімі
деңгейлеріндегі зерттеуге алынған нысандар жазба тіл матери-
алы болып келді. мысалы, фонетика бірліктері ретінде әріп,
тасымал, ілгерінді, кейінді ықпал сияқты жазуда белгіленген
морфонологиялық құбылыстар (мысалы : ақ-ағар, жарық-
жарығы), үндесім заңының бұзылуына кітап, мұғалім сияқты
жазу дәстүріне енген кірме сөздер алынды. Сол сияқты қазақ
тiлiндегі көптiк жалғаудың алты түрін (- лар, -лер, -дар, -дер,
Достарыңызбен бөлісу: |