Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


мәтін мазмұнын түсінуге қызмет ететін белгілер



Pdf көрінісі
бет32/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

мәтін мазмұнын түсінуге қызмет ететін белгілер деп бөлуге 
болады. 
мұның біріншісіне:
- бір абзацтағы ой келесі абзацтағы оймен жалғасты болса 
да, көздің тыныс алуы үшін азатжолдан бастап жазу дағдысы
- “жазылатын мәлімет жоқ” деген, не коммуникация аяқталды 
дегенді білдіретін Ζ белгісі; 
- кітап тарауының үлкен ашық жол салынып, көз тынысы-
мен басталуы; 
- тарау аттарының үлкен, майлы бояулы әріптермен терілуі; 
- нүктелі үтір белгісінің нақты бір тынысты немесе сөйлемнің 
бас-аяғынан хабар бермей, белгілі бір ұғым-ойды санамалау 
үшін, айтылған ой бір-біріне жалғас та емес, бір-бірінен алыс та 
емес дегенді білдіруі жатады. 
Екінші типтегі белгілерге мәтін ішіндегі сөздің тырнақшаға 
уәжсіз алынуы кіреді. мысалы, белгілі бір шығарма, т.б. атауы 
болмаса да, окказионал қолданысты уақытша осы мағынада 
қолданамыз дегенді білдіру үшін сөздің тырнақшаға алынып 
берілуін ауызша тілге кодтай алмаймыз. Сондай-ақ бұл қатарға 
жақша ішінде берілетін сөз, сөз тіркесі, ұғым, ой жатады. 
Жақшаға алынған сөзді сөйлеуде не редукция жасай кетеді, не 
басқаша түсіндіреді. ауызша тілге кодталынбайтын қатарға
сондай-ақ, сөйлем ішіндегі нысанға алынған объектінің басқа 
қаріппен берілуі де жатады. мәтіндегі сызықшаның кейбір функ-
циясы ауызша тіл құрылымына сәйкеспейді. мысалы, Ол – адам 
мен адам арасындағы ізгілікке байланысты деген сөйлемдегі 
сызықша ол сөзінің сілтеу есімдігі емес екенін білдіріп тұр. 
Сондай-ақ мәтіннің синтаксистік босаралығынан бастап
морфемалық босаралығына дейін ауызша тіл үшін маңызы жоқ, 
яғни сөздердің бірге/бөлек/дефис арқылы жазылуы тек жазба 
тіл категориясы. Және сөйлемнің, жалқы есімнің бас әріппен 
бастап жазылуын да ауызша тілде білдіре алмаймыз. мәтінде 
сонымен қатар жоғарыда айтылып өткендей, жоғарыдағыны 
қайталасақ, төменде тағы айтармыз, олар төмендегідей; 
алдыңғысы соңғысына қарағанда қиындау, біріншісі екіншісінен 
басқаша деген таза графикалық мәтін кеңістігін меңзеп тұратын 
қыстырынды конструкциялар болады.
Жазба тіл табиғатынан монологтік сипатта болды. алғашқы 
суретжазудың өзі адамның ойын, сезімін, эмоциясын, пайым-


52
53
дауын, тұжырымын бөгде біреудің қатысынсыз-ақ бейтарап 
түрде сыртқа шығарудан туды. Ойдың көзге көрінетін денотат-
таңбаларға айналуы, оны жөндеуге, жазылған сөйлемге қайта 
оралуға, ойды басқаша жазуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, адам өз 
ойын жазу арқылы көркемдеп, жүйелеп, нақтылап, жеткізудің 
тәсілін тапты. Жазу арқылы адам өз ойына өзі билік жүргізе 
алатын болды. Сондықтан жазу көбіне монологтік сипатта бола-
ды. монологтің бүгінгі таңда түрлері көп. Олар ауызша сөйлеу 
түрінде көрінсе де, негізі мәтін арқылы құрастырылады. Бірнеше 
стильдік өңдеуден өтеді, стандарт құрылымдарға салынады. 
Сонда әдеби тілдің негізінде жазба тіл жататын болып 
шығады. Әрине, барлық жазба тіл әдеби тіл болады, алайда 
барлық әдеби тіл жазба тіл бола бермейді. Кез келген адамның 
қолынан монолог құру, ойын жүйелі, әсерлі етіп баяндау 
келе бермейді. Өйткені ол жазу арқылы ойын сыртқа шығару 
қабілетінің жоқтығына тіреледі. Жазба тіл әлеуметтік жағынан 
әртүрлі, психологиялық жағынан өзара сәйкеспейтін бөтен тіл-
дік ортаға бағытталады. Сондықтан жазба тіл барынша дәстүрлі 
сөйлеу нормаларына, бәріне түсінікті әдеби тілге құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет