Оқуға арналған материал ...Сингармонизм заңының екінші жағы – ерін үндесімі. Бұл –
бірінші буындағы ерін дауыстылардың әсерінен (о, ө, ұ, ү) екін-
ші-үшінші буындағы езуліктердің (ы, і, е) еріндікке айналып,
ұқсап, жуықтап айтылуы. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі қырғыз,
алтай, тува тілдеріндегідей жаппай қамтитын құбылыс емес екені
белгілі. Сондықтан ерін үндестігі жазба тілде көрініс таппаған.
Қазақ тіліндегі ерін үндестігі – 2-3 буынға дейін сақталатын, ары
қарай сөз неше буыннан тұрса да соңында езулікпен айтылатын
құбылыс. ерін үндестігінің 2-3 буынға дейін анық естілетін,
айтылатын тұсы ашық буын жағдайында. мысалы: көбелек – көбөлөк, құбылыс – құб ү лұс, сүйініш – сүй ү нүш, бөдене – бөдөнө, бұрылыс – бұр ү лұс, бүлініс – бүл ү нүс, көпене – көпөнө, күйініш – күй ү нүш, құйылыс – құй ұ лұс. Жалпы, ерін дауыстыларын еріндік реңкінің күштісінен
әлсізіне қарай орналастырсақ, былай болады: ө, о, ү, ұ. Сондықтан
ө дыбысы үшінші бітеу буында сирек айтылады да, ашық буын-
ды жоғарыдағы түбір сөздерден басқа жағдайда, мысалы, түбір
мен жалғау жағдайында үшінші буын е болып дыбыстала-
ды. Болмаса өзінен еріндігі әлсіз ү болып айтылады. мысалы:
көркемдік – көркөмдүк, өзенге – өзөңге, көркемдеу – көркөмдеу. тіліміздегі ерін үндестігінің жаппай қамтитын құбылыс емес
екенін жалғаулар арқылы білуге болады. Жалғаулар қатарында
ө-мен келетін еріндік варианттар жоқтың қасы. Сондықтан сөз
ашық буынды болса да, үшінші буындағы жалғау езулікпен ай-
тылады. мысалы: төбеле – төбөле, төпеле – төпөле. мына сөздерді айтылу нормасына сай жаттығып көріңіздер:
төбеден – төбөден
төбелес – төбөлес
төлдеме – төлдөме
төменде – төмөнде
төпелеу – төпөлеу
төредей – төрөдей
Жалпы, ұ, ү ерін дауыстылары алғашқы үш буында естіліп,
айтылады да, ары қарай солғындайды. мысалы: сүйініш – сүй ү нүш, сүйінішсіз – сүй ү нүшшіз, түскіліктің – түскүлүктің, тұзды – тұздұ, тұщылық – тұшшұлұқ, борышсыз – борұшшұз, құйыну – құй ұ нұу, құйыршық – құйұршұқ, құйрықты – құйрұқтұ, құзғындық – құзғұндұқ, құбылу – құб ұ лұу, құбыжық – құб ұ жұқ, құбылыс – құб ұ лұс. ал ө дыбысымен айтылған екінші буыннан
кейінгі і әрпі ү дыбысына ұқсап, айтылып барып, ерін үндестігі
солғындайды. мысалы: төбесінің – төбөсүнің, көгершін – көгөршүн. Сондай-ақ көбөлөк, дөңгөлөк сияқты үш буынға дейін
ө-мен айтылатын сөздерде ерін үндестігі төрт буынға да бара-
ды: көбелектің – көбөлөктүң, дөңгелекті – дөңгөлөктү, бірақ
көбелекке – көбөлекке, дөңгелекке – дөңгөлөкке. Бұл құбылысқа байланысты мына бір ерекшелікті көрсете
кетуге болады. әліпбидегі у таңбасы ұу және үу дыбыс тіркес-
терін, не үнді дауыссыз дыбысын беретіні белгілі. мысалы: су – сұу, суық – сұуұқ, бу – бұу, сурет – сүурөт, тулақ – тұулақ, қуаныш – құуаныш, қуат – құуат. Бірінші буындағы ұ, ү дауыстыларының әсерінен екінші-үшінші буында жазылатын
езулік дыбыстар еріндікке айналады. мысалы: қуғын – құуғұн, қуқыл – құуқұл, құжыңдау – құужұңдау, қулық – құулұқ, шулы – шұулұ, тумыс – тұумұс, туылу – тұуұлұу, туырлық – тұуұрлұқ, туыс – тұуұс, тумыш – тұумұш. Сондай-ақ у дауыссыз дыбысынан басталған буын
құрамындағы езуліктер де еріндік болып айтылады. мысалы:
тауық – тауұқ, сауық – сауұқ, бауыр – бауұр, сауыр – сауұр, туыс – тұуұс, туылу – тұуұлұу, сауу – сауұу, сауылу – сауұлұу, туу – тұуұу, суу – сұуұу, серуен – сер ү уөн, серуендеу – сер ү уөндеу, керуен – кер ү уөн, керуенбасы – кер ү уөмбасы. Соңғы мысалдардағы буын санын ықшамдау үшін және ашық
буыннан қашу мақсатында екі бітеу буын аралығындағы ү, ұ
150
151
дыбыстары жартылай немесе толық түсіріліп (редукцияланып)
айтылады. Осы қатарға шаруа – шар ү уа, меруерт – мер ү уерт сөздері де жатады.
мына сөздердің айтылу сазын сақтап жаттығыңыздар:
рәсуа – рәс
ү
уә
қонағуар – қонағ
ұ
уар
керуен – кер
ү
уөн
серуен – сер
ү
уөн
сәруар – сәр
ұ
уәр
меруерт – мер
ү
уөрт
пәруана – пәр
ү
уәна
пәтуа – пәт
ү
уа
шаруа – шар
ұ
уа
қалуа – қал
ұ
уа
белуар – бел
ұ
уар
сөзуар – сөз
ұ
уар
ал екі бітеу буындағы еріндіктердің көрші буынға әсері
алдыңғыларға қарағанда әлсіздеу болатынын білген жөн. Оның
үстіне, екінші буындағы ы, і дыбыстарына қарағанда, е езулігін
өзгерту тіпті қиын. Сондықтан мұндайда екінші буындағы ды-
быс таза е де, таза ө де емес болып айтылады. Қараңыз: құрмет – құрмөт, құрметте – құрмөтте, сүрме – сүрмө, сүрмелеу – сүрмөлеу, сурет – сүурөт. Е мен ө-нің арасындағы аралық реңкті
й деп көрсетуге болады (құрмет – құрмйт, сурет – сүурйт).
ал біріккен сөз, кіріккен сөз, бір деммен айтылатын ырғақты
топ сыңарларының алдыңғысындағы еріндік соңғысына әсер
ете алмайды. мысалы: сол кез – солгез (солгөз емес), соқыр сенім – соқұр€ сенім (соқұр€сөнүм емес), сутегі – сұутегі (сұутөгү емес), сусімір – сұусімір (сұусүмүр емес), суығыстырым – сұу€ығыстырым, (сұу€ұғұстырым емес), супияз – сұупыйаз, (сұупұйаз емес), сужылан – сұужылан (сұужұлан емес), сужегі – сұужегі (сұужөгү емес), су етті – сұу€етті (сұу€өттү емес) т.с.с. ереже ескертусіз болмайтыны сияқты үшінші буыннан ар-
тпайтын ерін үндестігі кейде 4-5 буындарға өтіп кетеді. Үш буын
ерін үндесімімен айтылып, төртінші, тіпті бесінші буын езулік,
ал келесі буындаұу, үу тіркесі келетін болса, онда сөз бастан-аяқ
ерін үндестігімен айтылады. мысалы: сүйкімдену – сүйкүмдөнүу (сүйкүмденүу емес), бірақ сүйкімденбеу – сүйкүмденбеу. төмендегі сөздердің айтылу нормасын сақтап, жаттығып
көріңіздер:
түлкілену – түлкүлөнүу
түркілену – түркүлөнүу
түнделету – түндөлөтүу
түрткілену – түрткүлөнүу
түртпектелу түртпөктөлүу
түрпілену – түрпүлөнүу
Дауыстылардың үндесімін сөз еткенде үнемі мына бір нәрсені
есте ұстаған жөн. Дауыссыздарға қарағанда дауыстылардың ай-
тылу реңкі өте құбылмалы, тұрақсыз болып келеді. Оның үстіне
жалпы көпшілікке ұсынатын әдебиеттерде (орфографиялық
сөздік, айтылу нормасының анықтағыштары) дауыстыларды
белгілейтін әріп таңбасы да әліпбидегі дауысты таңбасынан ас-
пайды және сонымен бірдей болады. Сондықтан әрпіне қарап,
дыбысын да солай оқып, аздап қайшылық туады. Сол себепті
тіл үндестігінде де, ерін үндестігінде де, яки жіңішке буыннан
жуан буынға (ә→а) және еріндік дауыстыдан езулік дауыстыға
бірте-бірте ауысарда, үнемі дауыстыға қатысты «анық айтылу»,
«солғындау», «көмескілену», «ә мен а-ның», немесе «ө мен