50
51
қызметіне сай келеді. Сондықтан жазба тіл мәтінінде ойлауда
пайда болатын барлық мәтін көрініс табуға тырысады. Бұл жаз-
ба тілдің белгілі бір қатаң құрылымы болуын талап етеді. Әрі
сөйлем мүшелерінің синтагмалық сипаты негізгі айтылайын де-
ген ойды екінші дәрежелі етуі мүмкін. Сөйтіп коммуникацияның
әсер етуші функциясы жасырын, потенциалды түрде қалады.
Жазарман өзінің алдына өз ойын түсінетін аудиторияның
көмескі сүлбесін ғана көріп отырады да, ойын адресатқа дәл, өзі
ойлағандай болып барған/бармағанын білмейді.
Жазба тілдің қосымша коммуникация құралдары (жест, ми-
мика, интонация) болмағандықтан екі түрлі түсінік тудыру қаупі
болмас үшін сөйлем жайылма, құрмалас түрлерімен беріледі.
Жазба тіл уақыт пен кеңістік жағынан шектеусіз қызмет
ететіндіктен оның лексикалық қоры қарапайым сөйлеу, жер-
гілікті, кәсіби, жаргондық элементтерді алмауға тырысады.
Яғни белгілі бір географиялық, этникалық кеңістікке ортақ
әдеби тілдің лексикасы мен морфологиялық құрылысын пайда-
ланады. Сондықтан да кейде жазба тіл мен әдеби тіл бір болып
түсіндіріледі, жазба тілді меңгерген адам әдеби тілде сөйлей
алатын болып есептеледі.
Жазба тіл ауызша тілдің мазмұн байлығын қаріп түрлерімен
(курсив, бояулы, ашық), тыныс белгілермен, азатжол, көп нүкте,
лепті, сұраулы белгілермен, ситуацияны баяндау, сөйлеушінің
бет әлпетін суреттеумен береді. Жазба тіл санадағы түсінік,
пайымдаулардың толыққанды ашылып берілуін қамтамасыз
етеді. Ол ауызша сөйлеудің кем-кетігін толтырып, әлсіз жер-
лерін байытады. ауызша сөйленген сөздің стенограммасын
жасағанда, мәтінде босаралықтар қалатынын, логикалық желіні
бұзбай сөйледі дегеннің өзінде, сөз ішінде едәуір жүйесіздіктер,
бөтен элементтер жүретінін білеміз. Ондай мәтінді оқып,
жалпы ұғымын да парықтай алмай қалуға болады. ал осы
босаралықтарды жазба тіл бірліктерімен толтырып, әңгімені
ой логикасына сай жүйелесек, бүтін, толымды, мәтін аламыз.
Өйткені біз жазған кезде сөздерді бүкіл мағынасымен өзіндік
семаларымен бірге белгілейміз, ал оны айтқан кезде интонация,
дауыс тембрі арқылы нақты мағыналық реңкін бере аламыз.
“егер тілді сөйлегенге қарағанда жазғанда жақсырақ түсінсек,
онда ол тілмен көбірек жазады деген сөз» дейді Жак Деррида.
Жазба тілдің өзіне ғана тән, ауызша тілге кодталмайтын
немесе онда беріле алмайтын ерекшеліктері болады. Ол ерек-
шеліктерді мәтінді қабылдаудағы
графикалық белгілер және
Достарыңызбен бөлісу: