Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-тар, -тер) көрсетсек (қазiргi оқулықтардың бәрiнде осылай),  жазба тілтұрғысынан ғана сөз етiп отырғанымыз. ал сөйленістегі  -лөр, -дөр, -төр



Pdf көрінісі
бет30/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

-тар, -тер) көрсетсек (қазiргi оқулықтардың бәрiнде осылай), 
жазба тілтұрғысынан ғана сөз етiп отырғанымыз. ал сөйленістегі 
-лөр, -дөр, -төр (үйлөр, көлдөр, шөптөр) варианты ескерілмей-
ді. Болмаса септiк жалғауларының -ның, -нiң, -дың, -дiң, -тың, 
-тiң, -га, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е варианты – жазудағы форма-
лар. Осы сияқты барлық грамматикалық формаларды айыруға 
болады. Бұған сай түбiр морфемалардың да ауызша вариант-
тары шығатыны белгiлi. ауызша сөйлеудiң үздiксiздiгi, іргелес 
морфемалардың позициялық өзгерісі сөйлеудегі бір деңгейдегі 
айтылымын әртүрлі етеді. 
ал жазба форма дискреттi. тiл деңгейлерiнiң осы екі сала-
сы, фонетика мен морфология арқылы, жазуды тiл өмiр сүруiнiң 
бiр формасы деп тануға болады. Осыған орай қазіргі көркем 
әдебиет стилінде классик ақын-жазушылардың сөз саптауына, 
мәтін құрауына сәйкес келетін сөйлемдерді кездестіру қиын 
екенін көреміз. Бұл, әсіресе, орыс, ағылшын тілдеріндегі детек-
тив, вестерн, бестселлерде көп кездеседі. 
Жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері. Жазу термині а) жазу 
процесі, ә) сол процестің нәтижесі, б) нәтиже негізінде пай-
да болған тілдік таңбалар жүйесі ретінде қолданылады дедік. 
Сонда жазба тіл дегеніміз ішкі сөйлеуге (белгілі бір тілге, мыса-
лы, қазақ тілі) кодталған ойдың фонемалық сүзекіден өтіп жазу, 
көруге бағытталған графикалық кодқа айналған жүйесі. Жалпы 
алғанда, жазу – адамның ой-пікірін, сөзін белгілі бір тілде жазу 
таңбалары арқылы қағаз бетіне түсіру; адамның ой-пікірін, сөзін 
қашықтыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сыз-
ба таңбалар жүйесі. 
Жазба тілдің жалпы графикалық ерекшелік, графикалық 
және графемдік ерекшеліктері бар. 
Жалпы графикалық ерекшелікке мәтіннің парақ бетіне ор-
наласуы, азатжол, көз тынысы, (үлкен ашық жол), қаріп түрлері 
(майлы, ашық, көлбеу әріп), үздікті жазу, асты сызылған жазу, 
қаріп түсі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет