Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


а-ә, е, э). ал қазіргі фонологиядағы а-е(ә), о-ө, ұ-ү, ы-і



Pdf көрінісі
бет84/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

а-ә, е, э). ал қазіргі фонологиядағы а-е(ә), о-ө, ұ-ү, ы-і жұптары 
жуан-жіңішке оппозициясын құрайды. Сонда бірыңғай жіңішке, 
қысаң, еріндікке (ө-ү) бір графема, жуан еріндік, қысаңға (о-у
бір графема берілген жүйеде немесе керісінше мына жүйеде – 
жуан-жіңішке езулік, ашық (а-ә, е, э) және жуан-жіңішке езулік 
қысаң (ы-і) – ауытқу бар. 
Проф. а.аманжолов дауыстылар жүйесінің сақтала берме-
гені жергілікті фонетиканы білдіре ме, әлде емле тұрақсыздығын 
бере ме деп, дl/il, jati//jiti параллельдерін көрсеткен. Сонда, біздің 
ойымызша, ы-и (і) сына дауыстысының ашық езуліктен (а-ә, е, 
э) толық ажырай қоймағанын, кейде онымен жұп құрайтынын 
көреміз. Оған қазіргі түркі тілдері тұрғысынан алсақ, түбірдегі 
жуан, жіңішке, ашық езулікке қосымша жалғағанда қысаң езулік-
тер сәйкесетіні дәлел. м.томанов ұйғыр тіліндегі ә дыбысы бар 


156
157
сөзге аффикс жалғанғанда ә-е, көпбуынды сөздердің соңғы буы-
нында и-ге айналатынын (бәл-белким, кәлимиң), е дауыстысы 
көне түркілік а дауыстысының көрінісі екенін, а фонемасы ә, е, 
и-ға сәйкескенін айтады.
енді көне түркі жазуындағы еріндік графемалардың (о-
у, ө-ү) таңбалануын және ерін үндестігінің берілуі туралы. 
ескерткіштерде <
y
o
> гиперфонемасы бір таңбамен, <
Y
o
> бір 
таңбамен бірелген. еріндік дауыстылардың графемасы жуан-
жіңішкелікпен айрылған. Сонда өд (уақыт), үч (үш), күн сөздерін 
[ү], [ө] дыбысы арқылы да оқуға болады. Зерттеулерде бұл гра-
фема қандай белгіге сүйеніп <ө> не <ү> болып оқылатыны ай-
тылмайды. Дегенмен, мынадай ерекшелікті байқауға болады. 
ескерткіштерде ө-ү, о-у графемасы <о>, <ө> фонемасының ор-
нына жұмсалған да сөз басында және і буында ғана жазылған, 
ал <у>, <ү> фонемаларын бергенде сөздің барлық позициясын-
да кездескен. мысалы, чөлг (шөлдік, күнтүз (күндіз), ілгерү 
(ілгерү), йағру.
Сонда і буындағы <ө>, <о> фонемаларының кейінгі буын-
ды еріндікке айналдыра алмауының, ал <ү>, <ұ> фонемалары-
нан кейінгі буында да <ү>, <ұ> сәйкесетінін қалай түсіндіруге 
болады? Жалпы, зерттеушілердің барлығы жазбаларда тіл 
үндестігі жаппай сақталатынын, тіпті жуан езулік пен жуан 
еріндік қатар келе беретінін (алтун, азуқы), ал ерін үндестігінің 
ауытқуы көп екенін мақұлдайды (көңүл-көңл, отұз-отз т.б.). 
еріндік күші де қазіргі еріндік фонемаларының сапасына тең. 
мысалы, Ғ.айдаров көне түркі жазуында <о> кейінгі буын-
да <а> <у>-ға сәйкессе, <ө> – <ү> – ге, <е>-ге сәйкесетінін 
көрсеткен, яғни еріндік сапасының күштілігі ө→ү→о→ұ 
қатынасында. в.томсен: “это буквенная письменность, в кото-
рой те или иные знаки для одного звука чередуются в зависимос-
ти от того, какой знак за ним следует или стоит впереди” деген. 
и.н.Кобешавидзе: “рунический алфавит замечателен тем, что 
он в большой мере отражает систему дифференциальных при-
знаков фонем, нежели самых фонетических единиц” дей оты-
рып, морфонологиялық негізге құрылған деп анықтайды. Сонда
<о>-дан басқа еріндіктердің өзінен кейінгі дауыстыларды да 
өзіне ұқсатып алатынын жүйелі түрде таңбаламағанына қарап, 
көне түркі жазуы диалектілік ерекшеліктерді де, фонетикалық 
алмасуды да таңбалап отырған фонетикалық жазу болды ма де-
ген ойға қаламыз. 
90-жылдардың ортасында в.Г.Гузев в.томсеннің екіойлы 
болғанына қарап, көне түркі жазуын буын жазуы деген шешімге 
келген. Себебі графика түркілердің төл жаңалығы болса, олар да-
уыстылар үндестігін беру керек еді, ал басқа елдің графикасынан 
алынды десек, <й>-дің жуан-жіңішке варианты (комбинаторлық 
түрі) таңбаланып тұр дей отырып, дауыссыз таңбасы дауыс-
ты-дауыссыз тіркесін береді. Оған себеп к фонемасының [ак], 
[әк/ек], [ок/ук], [өк/үк], [ук] деген буындарды таңбалайтыны 
дейді. Және қосар әріптердің ант, алт, арт  сөздерін беретінін 
айтты. Ғалымдар көне түркі жазуы әріп, не буын арқылы оқуға 
келмейтінін, сөзді тұтас “көре отырып”, мазмұны арқылы түркі 
үндесіміне салып оқу керектігін айтады. Және көп жағдайда да-
уыстыларды белгілеу хабарды таңбалаушы мен оны дыбыстық 
тілге кодтаушы екі жақтың аялық білімі бір деңгейде, ситуация 
туралы екі жақ та хабардар болуына байланысты болған. Әрі ад-
ресат түркі диалектісінің көптігінен дауыстылардың жергілікті 
ерекшелікке байланысты түрленімін осы тәсілмен шешкен дей-
міз. Осы орайда академик Ә.Қайдардың мына сөзі еске түседі: 
“Сол кездегі мемлекет құрамында болған тайпалардың (түркі, 
қарлұқ, түргеш, қырғыз, оғұз, тардұш, татабы, шұп, кенгерес, 
соғды, тоғұз-оғұз, оноқ) тілі өзгермей, бір орында тұрмауы, әр 
кезде ру-тайпа аймағында жазылған бұл ескерткіштер тілін жал-
пы, алып қарасақ, ол әлі бір тұтас болып, қалыптаса қоймаған 
түркі ұлыстары мен тайпа бірлестіктерінің өзара айырмашылығы 
бар тіл еді, жергілікті ерекшеліктер сақталған тіл еді, аударған 
ғалымның өз тұсынан қосып алғандары да аз емес еді”.
Сөйтіп, көне түркі жазуы көне түркі тілдерінің фонетикалық 
және фонологиялық белгілерін анықтап алуға мүмкіндік береді. 
Орхон енисей, талас ескерткіштері дауысты таңбаларының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет