Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


а, о, у дыбыстарын сөз ішіндегі  і, ŭ, е



Pdf көрінісі
бет165/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

а, о, у
дыбыстарын сөз ішіндегі 
і, ŭ, е
әріптеріне қарап оқуды, ал бір 
буынды жіңішке дауыстылы сөздерге дәйекше қоюды ұсынады. 
Ғалымның есептеуінше, қазақ тілінде 
ә
-мен-23, 
ө
-мен-18, 
ү
-
мен 19 сөз басталады. 
Сөйтіп, қазіргі қазақ жазуының емле негіздерін 1938 жылы 
Қ.Жұбанов, С.аманжолов қалағанын көреміз. 
1938 жылғы әліпби мен графикадағы өзгерістер. 
Ұсынылған бұл жобалар, әсіресе Қ.Жұбановтың дәйекше 
қызметін пайдаланған әліпбиі, 1934 жылы жоғары комитетте 
қолдау тапқандай болса да, 1938 жылы қабылданбай қалады. 
Бірақ 
uv (ұу)
мен 
yv (үу) 
қосар әріп орнына бір ғана 
u
жазы-
латын болды да, 
u (ұ)
әрпі 
ь
таңбасымен ауыстырылды: 
uvagьt- 
uagьt, uvьq- uьq, yvәde- uәde, kelyv-kelu, quvus-quьs.
Бұл әріптің 
емлесінде мынадай ескерту болды: 
у
деген сөзді бір әріппен 
(
u
), 
түу (tyv), syv (сүу) 
сияқты сөздерді екі әріппен (
tu, su
) беру 
ыңғайсыз, әрі сөз мағынасын айыруға кедергі келтіретіндіктен 
(
ту 
мен 
түу
деген одағайды) қосар әріппен беріледі.
Сол сияқты 
ьj (ый), ij (ій)
қосар дыбыстарының орнына бір ғана 
і
таңбасы алынған соң, 
<і>
фонемасы 
/j/
әрпімен таңбаланатын 
болды, мысалы: 
tjl (тіл), zjl (зіл).
Бұл орфограмманың да 
тый, 
сый
сөздерінде бұрынғы емле сақталатыны туралы ескерту бол-
ды. 
1938 жылы “Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту 
туралы” қаулыдан соң әліпбиге 
f (ф), x (х), v (в)
әріптері енді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет