ш -мен беру ұсынған; я
, ю әрпін
миуа, қиуа, айуан сөздерінде де қолдануды ұсынған пікір-
лер бар (мұсабекова Ф., Сейтмұратов Б.).
Сондай-ақ,
х әрпімен келетін сөздердің барлығын сөздіктер
мен ережелерде арнайы көрсетуді (
құрмет-хұрмет, бұқара- бұхара сөздерін жазуда да ала-құлалық көп) (Ш.Сарыбаев);
және бұл таңбаны тек орыс тілінен енген сөздерде қолдануды
ұсынатын,
Һ әрпін әліпбиден шығару жағын қолдайтын пікір-
лер де болды. ал
қазір, қайтіп, қадір сияқты бейүндес сөздерді
бірыңғай жуан жазу (Б.нұрғазина);
к-г, қ-ғ, п-б ұяңдау про-
цесін кірме сөздерде де пайдалану:
принцип-принцибі, альма - нах-альманағы, цех-цеғы (Б.нұржекеев) сияқты пікірлер көңіл
аударарлық.
Бірге, бөлек жазу проблемасына бірнеше мақалалар
арналған. Оның ішінде мынадай ұсыныстарды атауға болады:
жаңа сөзді бірден біріктіріп жазу (Ғ.мұсабаев), біріктіру ама-
лын сөзайналым процесі ретінде қарау, сондықтан,
аққұман, ақсаусақ, желөкпе сияқты сөздерді бірге жазу, бір ұғым емес,
бір заттың атауы болатын сөздерді бірге жазу, күрделі сапалық
сын есімдерді бірге жазу:
қараторы, аққұба, б іріккен сөзді ай-
тылуы бойынша жазу, соңғы сыңары тәуелдік тұлғада тұрған
барлық сөздерді бөлек жазу (а.абдрахманов), айтылуы бірдей,
мағынасы басқа сөздерді екі түрлі жазу:
ұр да жық – ұрдажық т.б.
(Ж.Жолаев), “жеке мағынасын сақтап тұрған сөздерді біріктіру-
ге әуес болмау”, біріккен сөзді кіріктіріп жазу (С.Жиенбаев.).
міне, 40-60жж. аралығында емлеге қатысты жарық көрген
мақалалардағы пікірлер сипаты осындай болды.