Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет202/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   234
Qq, Кк, Í í 
әріптері
,
ал 
<к>
фонемасы үшін 
Кк
және 
Сс
таңбалары тең ұсынылып жүр. егер бір инвари-
ант фонеманың жазуда таңбаланатын варианттары өзара ұқсас 
әріппен берілуі керек деген әліпби теориясына салсақ, онда 
жуан дауыссызды 
<қ>
-
к
,
ал жіңішке дауыссызды 
<к>-í 
деп 
таңбалау дұрыстыққа әкеледі. ал егер қабылданған әліпбиде 
сол дауысты беруге сәйкес келетін әріп таңбасы (мұнда, мысалы 
Qq – әрпі) болса, онда әліпби мүмкіндігін пайдалану дұрыс деп 
танылады. Біздің ойымызша, 
<қ> 
фонемасы үшін басы артық 
диакритикалық таңбадан гөрі, 
q
әрпін қолдану тиімді. ал 
<к> 
фонемасына 
к 
таңбасы бар, 
<ң> 
фонемасын ŋ әрпімен, 
<ш> 
өзге 
түркі әліпбилеріне сай 
ş
әрпімен таңбалаймыз.
енді бір пікір “орыс жазуындағы 
я, ю
әріптері 
а, у
фонемаларының жіңішке варианттарын таңбалайды. Сондықтан 
қазақ жазуындағы бұл әріптер өз қызметінде тұрған жоқ, әрі са-
уат ашу ісінде, тасымал жасауда, буын жігін үйретуде қиындық 
тудыратын таңбалар болып отыр. Кейбір сөздердің жазылуын 
жаттап алуға тура келеді 
(қояйын, аяйын)
” дегенге саяды. Бірақ 
я, ю
әріптері қазақтың төл сөздерінің дыбысталуына кері әсерін 
тигізгені туралы мәлімет болған емес. Бастауыш сыныпта бұл 
әріптерді 
<й>
мен 
<а>-
ның, 
<й>-
мен 
<у>
-дың қосындысы деп 
оқытады (тек
и
мен 
у
-дың дыбыс құрамын дұрыс бермейді). 
Дегенмен 
я, ю, л 
әріптерінің қос дыбыс мәнін беруі сөздің буын 
құрамын белгілеуге зиянын тигізіп келді десе де, жазу үнемділігі 
үшін едәуір жеңілдік еткенін мойындау керек. ендігі жазуда, мы-
салы, 
аю, сою, қию
сөздері 
ajuw, sojuw, qэjuw
деп, 2-3 әріпті, не-
месе компьютер тетігін артық басатын боламыз. Әйтпесе, 
ру, су, 
аю, қию
сөздері екі, үш әріппен жазылса да 
ұ-рұу, сұу, а-йұу, қы-
йұу 
деп, 4:3, 4:5 дыбыспен айтылып, екі буыннан құралады деп 
үйрету ауызша тіл мен жазба тілдің айырмашылығын көрсетер 
еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет