лар, -лер, -дар, -дер,
-тар, -тер)
көрсетсек (қазiргi оқулықтардың бәрiнде осылай),
жазба тілтұрғысынан ғана сөз етiп отырғанымыз. ал сөйленістегі
-
лөр, -дөр, -төр
(
үйлөр, көлдөр, шөптөр
) варианты ескерілмей-
ді. Болмаса септiк жалғауларының
-ның, -нiң, -дың, -дiң, -тың,
-тiң, -га, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е
варианты – жазудағы форма-
лар. Осы сияқты барлық грамматикалық формаларды айыруға
болады. Бұған сай түбiр морфемалардың да ауызша вариант-
тары шығатыны белгiлi. ауызша сөйлеудiң үздiксiздiгi, іргелес
морфемалардың позициялық өзгерісі сөйлеудегі бір деңгейдегі
айтылымын әртүрлі етеді.
ал жазба форма дискреттi. тiл деңгейлерiнiң осы екі сала-
сы, фонетика мен морфология арқылы, жазуды тiл өмiр сүруiнiң
бiр формасы деп тануға болады. Осыған орай қазіргі көркем
әдебиет стилінде классик ақын-жазушылардың сөз саптауына,
мәтін құрауына сәйкес келетін сөйлемдерді кездестіру қиын
екенін көреміз. Бұл, әсіресе, орыс, ағылшын тілдеріндегі детек-
тив, вестерн, бестселлерде көп кездеседі.
Жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері.
Жазу термині а) жазу
процесі, ә) сол процестің нәтижесі, б) нәтиже негізінде пай-
да болған тілдік таңбалар жүйесі ретінде қолданылады дедік.
Сонда жазба тіл дегеніміз ішкі сөйлеуге (белгілі бір тілге, мыса-
лы, қазақ тілі) кодталған ойдың фонемалық сүзекіден өтіп жазу,
көруге бағытталған графикалық кодқа айналған жүйесі. Жалпы
алғанда, жазу – адамның ой-пікірін, сөзін белгілі бір тілде жазу
таңбалары арқылы қағаз бетіне түсіру; адамның ой-пікірін, сөзін
қашықтыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сыз-
ба таңбалар жүйесі.
Жазба тілдің
жалпы графикалық ерекшелік, графикалық
және графемдік ерекшеліктері
бар
Достарыңызбен бөлісу: |