ғ>, <г>, <ұ>, <ң>
фонемаларына ұқсап,
соларға сәйкес айтылады: [
ағүй], [ұзұн], [түңгү].
мұндай про-
цесті фонеманың бейтараптануы деп те атайды.
ғ, г, ұ, ң –
дыбыс-
тары фонеманың өзі емес, <
қ>, <к>, <ы>, <н>
фонемаларының
дыбыстық түрленімі, яғни варианты екеніне, бұларды басқа
неғұрлым тәуелсіз позицияға қойып, көз жеткізуге болады
: [ақ],
[көк], [түн], [түндө], [ұзұндұқ]
.
Бөгде реңк – фонеманың фонологиялық қорда жоқ, басқа бір
дыбыс түрленіміне айналуы. “вариация – бұл фонеманың негіз-
гі реңкінің, уақытша, тілдегі ешқандай негізгі дыбысқа ұқсамай,
мүлде таныс емес дыбысқа ұқсап айтылуы. мысалы, н.уәли
қазақ тіліндегі жуысыңқы <
ш>, <с>
aлдынан келген <
к>, <қ>
өзінің қатаң тоғысыңқы реңкінен ауытқып, босаң тоғысыңқы [
х]
дыбысына ұқсап айтылады дейді. мұнда тілшікпен айтылатын
[
х]
емес, жасалымы одан ілгері дыбыс реңкі шығады. Яғни бұл
парадигмалық осьте жоқ <қ>-ның реңкі. мысалы:
ақша, бақша,
шұқши, көкше, кексе
т.б. Сол сияқты <
ш>
-ның (
атшы, сатшы
),
<с>
-ның (
атсыз, етсіз
) вариациалары туралы да айтуға болады.
Сондай-ақ
күнәларың, ләззаттандым
деген сияқты бейүндес
буынды сөздерді айтқанда [күнәла’рың], [ләзәтта’ңғаммен] деп,
<а> мен <ә>-нің ортасындағы [а’] вариациясы пайда болады.
а.а.реформатский әлсіз позицияның нәтижелері әртүрлі бо-
лады, кейде әлсіз перцептивті позицияның нәтижесі вариация,
сигнификативті әлсіз позицияның нәтижесі вариант болады
(реформатский а.а. 1970: 116), л.в.Щерба фонема мен оның
варианттарын айырудағы қиындық жай құлаққа шалынбай-
тын айырмашылықтарды байқауда ғана емес, сол тілдің дыбыс
құрамы үшін қай ерекшелік мәнді, қай ерекшелік мәнсіз соны
аңғару (Фердинанд де Соссюр. 2000: 125б) деген. Өйткені ва-
риация делініп жазуда еленбей жүрген дыбыс түрленімі біртін-
деп тілдің фонемалық жүйесіне енуі мүмкін. мысалы, қазақ
тіліндегі <ә> фонемасы
күнә, кінә
сияқты сөздерде, біздің
ойымызша, позициялық түрленімге түсіп тұрғанмен (алдыңғы
буынның жіңішкелігінен), тілтұтынушы санасында
<ә>
жеке
фонема ретінде танылады.
“егер сөзде фонема ауысса онда сөз
мағынасы да ауысты деген сөз, егер сөз мағынасы өзгеріссіз бол-
са, фонеманың өзгеруінің не қажеті бар” (реформатский а.а.
1970: 56).
Достарыңызбен бөлісу: |