Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


суретжазуды жазу емес  деп нақтылайды да, семасиография, яғни  ойжазуды



Pdf көрінісі
бет9/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

суретжазуды
жазу емес 
деп нақтылайды да, семасиография, яғни 
ойжазуды
жазудың 
алдындағы саты деп көрсетеді. Бұған тарихқа дейінгі египет 
пен ертедегі Грецияда жазу мен сурет ұғымдарының бір бо-
луы (грекше 
graphein “
жазу-сурет салу” дегенді білдіреді), 
шумер логограммаларына қарағанда египет логограммаларын-
да бейнелі-символикалық таңбалардың көп болуы, түрлі-түсті 
бояудың пайдаланылуы да себеп болды.
и.е.Гельб “жазу” ұғымына
дыбысжазу
ғана сәйкесетінін 
айтқан. автордың таптастыруынша, 
дыбысжазуға
сөз-буын жа-
зулар (шумер, египет, хэтт, қытай), 
буынжазулар
(финикий, жа-
пон) және 
дыбысжазулар 
(грек, арамей, латын) қамтиды. 
в.а.истрин фразограммамен берген пиктографиялық жазу-
ды алғашқы жазу типіне жатқызып, логограмма, морфемограм-
ма, силлабограмма, фонограмма бірліктері кейінгі ұғымжазу, 
сөзжазу, буынжазу, дыбысжазу түрлеріне сәйкес келеді дей-
ді. Ғалымның бұл пікірі кеңес дәуірінің ЖОО-ға арналған 
оқулықтар мен бағдарламаларында кеңінен көрініс тапты. 
алғашқы суретжазу түрлері америка үндістері мен Қиыр 
солтүстік халықтарында, ертедегі египет, месопотамия, 
Финики, Крит, испания, Оңтүстік Франция, Шумер, Қытай жер-
лерінде, ацтек, Гватемалла, Пасха аралдарында пайда болды. 
Қазақстан жерінен алматы облысы таңбалы сай (б.э.д. Vі 
ғ.), талдықорған облысы, ақсу, Қапал жерінен, Дауылбай тауы, 
теректі сайы, алакөл, талас ойпатынан, Қарағанды облысы, 
Қаратаудан, Семей, Дегерес, Балқаш, Ұлытаудан табылды. 
Ұғымжазу.
Ұғымжазу үлгілеріне ежелгі қытай, ежелгі шу-
мер, ежелгі египет, крит-миной жазулары жатады. Дүние жүзі 
тілдерінің ішінде ұғымжазудың дамуына қолайлы тілдер ретінде, 
әдетте, түбір тілдер (мәселен, қытай, ацтек, америкалық үнді т.б.) 
аталынады. Өйткені түбір тілдерде сөз грамматикалық жақтан 
өзгеріске көп түсе бермейді. Ұғымжазу деген (логогра
ì
мма) 
сөз не морфеманы таңбалайтын жазу. логограммалар кейде 
идеограмма не иероглиф деп те аталады. идеограмма ойжазуға 
сәйкес.
Ұғымжазуды әртүрлі тілде сөйлейтін халықтар түсіне бере-
тіні, таңбасы не мағына беретінін оңай білідіріп тұратыны оның 
артықшылығы. Бірақ еш қай мәдениет таза ұғымжазу қолдана 
алмаған. ребус принципімен жазу араласқан. 
Ұғымжазуды ең алғаш қолданған шумерлер (б.э.д. іV-III 
мыңж.) болды, кейін ежелгі египет, ежелгі үнді жазуларында да-
мыды. 
Қазір Солтүстік америка мен Оңтүстік америка тайпалары 
жерінен, австралия, Полинезия, солтүстік-шығыс Сібір юкагир-
лерінен, Пасха аралынан табылып отыр. 
Көптеген ғалымдардың (Ф.Гоммель, Х.йенсен, Дж.Болли, 


18
19
и.Гельб) айтуынша, барлық басқа жазу түрлері шумер жазуы-
нан бастау алды. 
логограммалардың пайда болуына:
а) сол елдердегі қаланың өркендеуі, 
ә) мемлекетті жазу арқылы жүйелеу қажеттілігі; 
б) жеке тілдердің сөз ағынына оңай бөлінуі,
в) грамматикалық жағынан тұрақтылық себеп болды. 
Қытай тілінің түбір, шумер тілінің жалғамалы сипаты 
логограммалардың жасалуын жеңілдетті. 
Шумерлер логограмаларды бірінші болып ойлап тапқанмен, 
оны жетілдіру жағынан египет пен Қытайдан кейін тұрды. Оның 
себебі мемлекеттік құрылыстың баяу дамуы болды. 
Ойжазу типі бүгінде қытай иероглифімен сақталып отыр. 
Оған: 
а) қытай тілінің түбір сипаты, 
ә) сөздердің бір буыннан тұруы,
б) жаңа сөздердің түбір қосындыларынан тұруы, 
в) ұқсас морфемалардың көп болуы, 
г) диалектінің көптігі, 
д) бір таңбаның әртүрлі оқылуы себеп. 
иероглиф жазу иератикалық жазуға (тез, курсив жазу), одан 
демотикалық жазуға (халықтық) көшті. 
Қазір сандар, математикалық символдар, сондай-ақ ағылшын 
тіліндегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет