Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет127/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

а
мен 
ә
варианттарын бір инвариант фонема деп тану үшін екеуі 
де ашық, екеуі де езулік болуы керек. Сондай-ақ бұл екі дыбыс-
ты екі түрлі вариант деп тану үшін олардың ортақ белгісінен 
басқа айырмасы да болуы керек. Ол бірінің жуан (
а
), екіншісінің 
жіңішке (
ә
) әуезде айтылуы, қалған дауыстылар жөнінен де осы-
ны айтуға болады. Бұл – бір. екіншісі варианттар парадигмалық 
қатынаста болады, яғни «екінің бірі» принципі бойынша сөзде 
не 
[а]
не 
[ә]
варианты қолданылуы шарт. ал инварианттар 
синтагмалық қатынаста болады, ал бұл қатынас «және … және» 
принципі бойынша жүзеге асады.
Бұл айтылған дауыстылар жүйесінің парадигма (варианттар) 
мен синтагмалық (инварианттар) қатынасын былайша көрсетуге 
болады:
парадигма синтагма
___а_____о_____ұ_____ы_____
ә ө ү і е 
Синтагмалық қатынас бойынша бір сөздің шенінде 
[а], [о], 
[ұ], [ы]
дауыстылары қолданыла береді: 
ақын, отан, ұлы, қызы

[ә], [ө], [ү], [і], [е]
дауыстылары да осы тәрізді: 
әні, өнері, үні, 
елі
т.б. Бұдан байқайтынымыз: бір инварианттың варианттары 
синтагмалық қатынасқа түспейді немесе олар бір сөздің шенін-
де ұшырамауға тиіс. Қысқасы, а.Байтұрсынұлының «бес дауыс-
ты» жүйесін, біздіңше, осылай түсінуге болады. «Бес дауысты» 
жүйесімен әліпби түзе келіп, осы бес инвариант-фонеманың 
әрқайсысын бір-бір әріппен белгілейді. ал инварианттардың 
варианттары үшін бас-басына әріп алмай-ақ, дәйекші арқылы 
жуан немесе жіңішке әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасай-
ды. Сонымен а.Байтұрсынұлы әліпби жүйесінің, түптеп кел-
генде, қазіргіден өзгешелігі әріптердің фонемалық мәнді бере 
отырып, дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін) білдіріп, 
біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде. «Біте 
қайнасқан» бұл ерекшелік қазақ тілінің сингармонизм жүйесімен 
ерекше үйлесім табады».
ал Байтұрсынұлы өз реформасы жайында 1912ж. бы-
лай түсініктеме берген: «Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі-
мұсылманша оқу, бірі – русша оқу. Осы күнгі жазуымызда ды-
быс басына арналған белгіміз жоқ, бір белгіменен әлде неше 
түрлі дыбыстарды жазамыз. мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет