24
25
итальян
2
-
-
2
к, w,x,e,j қолд.
қолд.
испан
2
2
29
-
португал
2
2
-
38
-
өте жиі
румын
2
5
-
3
-
қолд.
поляк
23
9
-
32
Q,v,x
жиі
жиі
чех
2
14
41
-
өте жиі
қолд.
фин
20
2
-
22
в,c,f,q,x,z қолд.
венгер
24
8
7
39
к,w
жиі
жиі
2-дәріс. Жазу мен ойлау қатынасы
Бүгінгі күн тұрғысынан жазу белгілі бір тілде жазылатын-
оқылатын әріптік таңбалардың жиынтығы арқылы ойды жарыққа
шығарудың, ақпарат алмасудың жүйесі болып табылады. Жазу
– ауызша тілден кейін пайда болған адамзат ойлауының сана-
лы жемісі болса да, бүгінде ауызша тілге қарағанда басымдық
сипат алған мемлекеттік құрылыстың күшеюімен
байланысты
қоғамдық функциясы артқан, коммуникация,
ақпарат алмасу,
ойжасам, эмоцияналдық, индикаторлық қызметтерінен бөтен
дәлел, аргумент болатын “бекітушілік”, “растаушылық” сипа-
ты маңызданған, ойды жарыққа шығарудың жүйесі. Сондықтан
тілдің санаға, ойлауға қатынасын көрсеткендей, жазу мен ойлау,
жазу мен сана қатынасын көрсетудің мәні бар.
Қазір адамдар бір уақыт пен кеңістік шегінде өмір сүріп
жатса да, бір-бірімен пікір алмасуына, бірінің ойын бірі толық
білуіне (тыңдау арқылы ойын білуге) мүмкіндігі (уақыты) жоқ.
Осыған орай адамдар тілді екі бағытта қолдануға қалыптанған
сыңайлы. Бірі қауым болып өмір сүруіне
қызмет етуші тілдің
коммуникациялығы, екіншісі саналы ойын жарыққа шығару,
ойын жүйелеу, бекітуге қызмет етуші тілдің ойжасамдық
бағытында. екінші бағыттың ерекшелігі саналы ойдың “қағазға
түсіп” реалдануында жатыр. тілдің ойжасамдық қызметі жазу
арқылы орындалатыны бірден бола қойған жоқ.
Көркем сөз
(көркем әдебиет), шешендік сөз (публицистика), даналық сөз
(ғылым) түрлері арқылы әсіресе монологтік,
сосын диалогтік
сипатта адам ойы ауызша түрде жүйеленіп, бекітіле берді. Бірақ
жазу пайда болғалы тілдің ойды жасау қызметін жазу атқаратын
болды. айтылатын ой немесе айтылған ой қағазға түсіріліп
жүйеленбесе, ол “жел сөз” болып қалатынды шығарды. Бұл
әсіресе үлкен аудиторияға ақпарат таратуда (радио, теледи-
дар хабарлары, шаршы топ алдындағы сөз, дәрістерде) жақсы
көрінеді.
а.р.лурияның “Жазу ауызша тілге қарағанда ойлаудың жаңа,
жетілген, күшті құралына айналды” дегеніндей,
жазу дербес-
тігі күшейгенде
ой-тіл-жазу
қатынасы
ой-жазу
қатынасына
көшеді.
Достарыңызбен бөлісу: