Лекция семинар СӨж тілдің шығуы мен дамуы. 1 1 6 Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызмет



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі272,55 Kb.
#8145
түріЛекция

 

«Тіл біліміне кіріспе» пәнінің күнтізбелік – тақырыптық жоспары. 

 

 

Тақырыптары  



лекция  семинар  СӨЖ 

1.Тілдің шығуы мен дамуы. 





 

 

2.Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі. 



 



 

3.Тілдің  таңбалық,  құрылымдық  және 



жүйелік сипаты. 



 

4. Фонетика және оның салалары. 



 



5. Жазудың шығуы мен дамуы.  



6. Сөздің лексикалық мағынасы. 





7. Тілдің сөздік құрамының өзгеру жолдары, 

себептері. 



 



 

8.  Халықаралық  лексика,  байырғы  лексика, 

кірме  сөздерді  игеру,  «пуризм»,  «экзотизм» 

ұғымдар 


 

 



 

9. Лексикадағы жүйелі байланыстар.  



 



10.  Грамматика.  Негізгі  грамматикалық 

ұғымдар.Грамматикалық 

мағына. 

Грамматикалық  форма.  Грамматикалық 

категория. 



 

11.Сөздің  морфологиялық  құрлымы.  Сөз 

құрамы және сөзжасам. 



 

12.Аффикстік  тәсіл,  сөздердің  бірігуі, 

қосарлануы, 

қысқаруы, 

семантикалық, 

префикстік, 

конверсия 

тәсілдеріне 

байланысты жаттығу жұмыстары. 



 

13.Сөзжасамның 

синтетикалық, 

аналитикалық, семантикалық тәсілдері. 



 



14.Сөйлем  және  сөйлем  мүшелері  туралы 

ұғым. 


 



15.Дүние  жүзі  тілдері  және  олардың 

жіктелуі. 





Барлығы 

20 

10 

30 

 

 

 

Әдебиеттер 

Негізгі:

 

1.



 

Аханов К. А. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1993. 

2.

 

Хасенов Ә. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1996.  



3.

 

Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. – 



Алматы, 1990.  

4.

 



Реформатский А. А. Введение в языкознание. – М., 2000. 

 

5.



 

Степанов Ю. С. Основы языкознания. – М., 1966.  

6.

 

Широков О. С. 



Введение в языкознание. – М., 2000.

 

7.



 

Кондрашов Н. А., Колосов Л. Ф., Рупосова Л. П. Сборник задач и 

упражнений по введение в языкознание. – М., 1991.

 

8.



 

Лексикография және ғасырлар тоғысындағы аударма – Республикалық 

семинар материалдары. – Алматы, 2002.

   


 

Қосымша:  

1.

 



Баранникова Л. И. Введение в языкознание. –Саратов, 1973. 

 

2.



 

Головин Б. Н.  Введение в языкознание. – М., 1977. 

 

3.

 



Маслов Ю. В. Введение в языкознание. – М., 2000. 

 

4.



 

Кодухов И. В. Введение в языкознание. – М., 1979. 

 

5.

 



Қордабаев Т. Р. Тілдің структуралық элементтері. – Алматы, 1975.  

6.

 



 Гаркавец А. Н. Конвергенция армяно-кыпчакского языка к славянским в 

ХҮІ – ХҮІІ вв. – Киев, 1979.  

7.

 

 Дарбеева А. А. Русско-монгольские языковые контакты в условиях 



двуязычие. – М.: Наука, 1984.  

8.

 



 Шайкеевич А. Я. Введение в лингвистику. – М., 1995.  

9.

 



 Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – Алматы, 1993.  

10.


 

 Қайдаров Ә. Т. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен 

міндеттері // Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. – 

Алматы: Ғылым, 1988.  

11.

 

 Гринберг Дж. Квантитативный подход к морфологической типологии 



языков // Новое в лингвистике. Вып.3, – М., 1963.  

12.


 

 Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. – М., 1966. 

13.

 

 Сүлейменова Э. Д., Мадиева Г. Б., Шаймерденова Н. Ж., Авакова Р. А. 



Тіл білімі сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1998. 

14.


 

 Гиляревский Р. С., Гривнин В. С.  Определитель языков мира по 

письменностям. – Москва, 1966. 

15.


 

 Сулейменова Э. Д. Казахский и русский языки: Основы контрастивной 

лингвистики. – Алматы, 1996. с. 88-94. 

 

 



      

«Тіл  біліміне  кіріспе»    пәнінен  лекция-семинар  сабақтарының 

мазмұны. 

 

1-дәріс. Тілдің шығуы мен дамуы. Тілдің шығуы туралы теориялар 

   Тілдің  шығуы  туралы  мәселені  сөз  еткенде,  ең  алдымен,  екі  түрлі 

проблеманы  бір  –  бірінен  ажыратып  алу  қажет:  оның  бірі  –  жлпы  адам 

баласы  тілінің  (речь)  шығуы  алғашында  адамның  сөйлеуді,  ойын  айтып 

жеткізуді  қалай  үйренгендігі  туралы  мәселе  де,  екіншісі  –  жеке,  нақтылы 

тілдердің, мысалы, орыс тілі, ағылшын тілі, арап тілі, испан тілі, француз тілі 

немесе  қазақ  тілінің  шығып  жасалуы  туралы  мәселе.  Бұл  екі  мәселені  бір  –

бірімен  шатастырмау  керек.  Бұлай  дейтініміз:  адамзат  тілінің  пайда  болуы 

сонау  көне  заманға  –  адамдардың  жануарлар  дүниесінен  бөлініп  шығу 

заманына барып тірелсе, нақтылы тілдердің құрылуы жалпы адамзат тілінің 

шығып пайда болу заманынан анағұрлым бертінгі дәуірлерде болған. 

    Тілдің  шығуы  туралы  мәселн  тіл  білімінің  ең  күрделі  және  өте  –  мөте 

принципті  мәселелерінің  бірі  болып  саналады.  Бүл  мәселе  туралы  әр  түрлі 

жорамалдар мен пікірлер де ертеден айтылып келеді. Мұның өзі түсінікті де. 

Адамның  тілсіз  өмірі  жоқ.  Тіл  адамдардың  өмірінің  барлық  саласында, 

олардың  күллі  іс  -  әрекетінде  қолданылады.  Ол  –  адам  баласы  қоғамымен 

бірге жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. 

   Тіл  білімі  (Lingua-  лат.  Тіл)-  тілдерді  зерттеуші  ғылым,  яғни  барлық  бар 

тілдерді,  бір  кездері  болған  тілдерді-  жалпы  адамзат  тілін  зерттейді.  Тілдер 

арасында  зор  айырмашылықтар  болғанымен,  олардың  барлығы  бір  ғана 

«адам  тілі»  деген  атауға  ие  болады.  Кез  келген  ғылым  сияқты  тіл  білімі  де 

практикалық  қажеттіліктен  туып,  бірте-бірте  дамып,  күрделі  тармақталған 

жүйеге айналды.   



Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Тіл білімі нені зерттейді? 

2. Тіл білімінің ғылым ретіндегі сипаты 

3. Тілдерді синхрониялық және диахрониялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз не? 



Әдебиеттер тізімі: 

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993. 213-217 б.. 

2. Кеңесбаев С., Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975, 

219-223 б.. 

 

2-дәріс. Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі.  

     Тілдің табиғаты – тіл білімінің ең маңызды мәселелерінің бірі. Неміс 

ғалымы Ф. Бопп: «Тіл – биологиялық құбылыс, оны құдай жаратқан», – деп 

есептеді. Бұл пікірді Август Шлейхер де қолдады. Ол: «Тіл де биологиялық 

организм сияқты туады, өседі, өледі», – деп жазды. Бұлай болған күнде тіл 

атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалау арқылы беріліп отыру керек 

еді. Осы тұрғыдан бұл пікір дұрыс емес. Өйткені бала өз ата-анасының 

тілінде сөйлеуді мүмкін, сөйлемеуі де мүмкін. Екінші топ ғалымдары – Г. 

Штейнталь, А. А. Потбня тілді психологиялық құбылыс деп таныды: «Тіл 

құдай жаратқан құбылыс емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы 


туғызады». Алдыңғы пікір сияқты бұл да қате көзқарас. Егер тіл рухтың 

туындысы болса, онда әр адамның жеке-жеке тілі болар еді. Біртұтас 

халықтың ұлттық тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қоғамда жасалады, 

қоғамда дамиды. Ол қоғамдық ортамен байланысты қалыптасатын 

құбылыс.Тілдің табиғаты туралы негізгі концепциялар: 1. Биологиялық 

концепцияға сәйкес тіл – адамның туа бітті физиологиялық қабілеті. 2. 

Натуралистік концепция бойынша тіл – табиғи құбылыс материалдық 

дыбыстар арқылы сыртқа шығатын, жеке адамның еркімен байланысты емес 

ағза. 3. Психологиялық концепция бойынша тіл – жеке психикалық акт. 

Адамның немесе халықтың психологиялық әрекетінің нәтижесі. 4. 

Әлеуметтік концепция бойынша тілдің пайда болуы, дамуы, қызмет атқаруы 

қоғаммен ғана анықталады. Дәстүрлі лингвистикада тілді қоғамдық құбылыс 

деп таниды.  

   Тіл мен қоғамның өз ара тығыз байланысы – екі жақты байланыс. 

Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды.Тіл жоқ жерде адамдардың 

қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны 

ұйымдастыруы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың 

бірлесіп еңбек етуі етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл 

қажет. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті 

шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның 

өмір сүруі үшін,  адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет 

болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет. 



 Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары: 

1. Тілдің табиғаты туралы негізгі концепциялар. 

2. Тілдің қызметі дегеніміз не? 

3.  Тілдің қоғамдағы мәні. 



 

Әдебиеттер тізімі: 

1. Б.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004 

2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993. 3-басылым.  

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993. 3-басылым. 

 4. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1999 

 

3-дәріс. Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелік сипаты. 



 

      Таңба  –  жіберушісі  мен  қабылдаушысы  бар  белгілі  бір  ақпараттың 

көрсеткіші  болып  табылатын  материалдық  дене.  Егер  кез  келген 

материалдық дене өзінің алғашқы емес, екінші қызметін атқарып тұрса, сол 

материалдық дене таңба болып есептеледі. 

Таңбаның түрлері: белгі таңба, сигнал таңба, символ таңба, тілдік таңба. 

Белгі  таңба  –  заттың  өз  бойындағы  одан  бөліп  алуға  болмайтын  белгісі. 

Мысалы, адамның дене қызуының көтерілуі. 

Сигнал  таңба  –  заттың  өз  бойынан  тыс  келісім  бойынша  жасалған  таңба. 

Мысалы, қоңырау дыбысы. 



Символ  таңба  –  дерексіз  бейнелі  ұғымдарды  білдіретін  таңба.  Мысалы, 

мемлекеттік символика. 

Тілдік  таңба  –  таңбалардың  ерекше  жүйесі,  әмбебап  таңба.  Себебі,  тіл 

арқылы  кез  келген  ақпарат  шексіз  жіберіледі.  Басқа  таңбалық  жүйелердің 

қабілеті  шектеулі.  Сондай-ақ  тілді  кез  келген  адам  қолданады,  ал  басқа 

таңбалық  жүйелердің  қолданушысы  шектеулі.  Алғаш  рет  таңба  терминін 

философ Джон Локк қолданды. 

ХХ  ғ.  бас  кезінде  таңбаны,  таңбалық  жүйені  зерттеудің  3  аспектісін 

көрсеткен  Фердинанд  де  Соссюр  болды.  Кез  келегн  таңбалық  жүйені 

зерттейтін ғылмды семиотика деп атаған – америка математигі Чарльз Пирс. 

болды.  Ол  адамды  таңбаның  жасаушысы  және  таңбаны  абылдаушы  ретінде 

қарастырды.  Пирстің  ойынша,  таңбаға  үш  сипат  тән:  материалдық  қабық, 

таңбалау обьектісі, талқылау ережелері.  

   Тілдің белгілі бір құрылымы және қызметі (функция) бар,  бір бүтін (тұтас) 

жүйелі  құбылыс  ретінде  өмір  сүреді.  Құрылым  мен  жүйе  тілге  ғана  емес, 

сонымен  бірге  басқа  да  құбылыстарға  тән  болуы  мүмкін.  Сондықтан  да,  ең 

алдымен,  жалпы  «жүйе»  («система»)  және  «құрылым»  («структура»)  деген 

ұғымдардың мән - мәнісін айқындап алу қажает.Жалпы «жүйе», «құрылым» 

туралы  ұғымдарды  айқындау  тілдің  жүйелі  сипаты  мен  құрылымдық 

қасиетін танып білуге көмектеседі. 



Студенттердің білімін тексеруге  арналған бақылау сұрақтары: 

1. Синхрония дегеніміз не? 

2. Диахрония дегеніміз не? 

3. Тілдің жүйелігіне мысал келтіру. 

4. Шартты таңбаларға тоқталу.  

 Әдебиеттер тізімі: 

1. А. Байтұрсынов. Тіл тағлымы.  А., 1992. 147-148 б. 

2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1999. 

3. Исаев С. М. Қазақ тілі.А.,1993, 11-13 б. 

  

4 – дәріс. Фонетика және оның салалары. 



    Фонетика  (гр.  phone  –  дыбыс,  phonetikos  -  дыбыстық)  –  тілдің  дыбыстық 

жүйесін  зерттейтін  тіл  білімінің  бір  саласы.  Фонетиканың  қарастыратын 

мәселелері  мыналар:  тіл  дыбыстарының  пайда  болуы,  олардың  іштей 

жіктелуі  және  бір  –  біріне  әсері,  буын,  екпін,  тілдің  дыбыстық  жағы  мен 

жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б. 

   Фонетика – дегеніміз дыбыстар туралы ілім. 

Қазақ  тілі  фонетикасын  зерттеушілер:  Н.И.Ильминский,  В.В.Радлов, 

А.Байтұрсынұлы, 

Қ.Жұбанұлы, 

Х.Досмұхамедұлы, 

Ж.Аралбаев, 

Ә.Жүнісбек,С.Мырзабеков т.б. 

   Сипаттамалы  фонетика.  Тілдің  өмір  сүріп  тұрған  дәуірдегі  дыбыстық 

жүйесін  қарастырады.  Мәселен,  қазіргі  кездегі  мектептер  мен  жоғарғы  оқу 

орындарында оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады. 

   Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) тілдің дыбыстық жүйесін



 

   Тарихи  фонетика  (диахрониялық  фонетика)  тілдің  дыбыстық  жүйесін 

тарихи  тұрғыдан  қарастырып,  олардың  даму  тарихын  өзгерістен 

айқындайды. 

    Салыстырмалы  фонетика  белгілі  бір  тілдің  дыбыс  құбылыстарын  өзге 

тілдердің  дыбыс  жүйесімен  салыстыра  зерттейді.  Мысалы,  М.Томановтың 

«Түркі  тілдерінің  салыстырмпалы  фонетикасы»  (1981),  «Түркі  тілдерінің 

салыстырмпалы тарихи фонетикасы» (Л., 1984) деп аталатын еңбектер. 

    Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық 

құралдар  мен  аспаптардың  (спектрограф,  осциллограф.  Палатограф, 

рентгенограф  т.б.)  көмегімен  зерттеп,  тіл  дыбыстары  туралы  нақтылы,  дәл 

тұжырымдар жасайды. 

    Физиологиялық 

фонетика.  Тілдегі  дыбыстардың  артикуляциялық, 

акустикалық қасиеттерін зерттейді. 

    Фонология 

немесе 


функционалдық 

фонетика. 

Тілдегі 

дыбыс 


құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала.    

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Фонетика нені зерттейді? 

2. Тарихи фонетика нені зерттейді? 

3. Тілдегі дыбыс құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала? 



Әдебиеттер тізімі: 

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993. 213-217 б.. 

2. Кеңесбаев С., Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975, 

219-223 б.. 

3.Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. А., 1988, 26-28 б.  

 

5-дәріс. Жазудың шығуы мен дамуы.  

    Қазіргі  жазба  тіліді  ауызша  тілідегі  сөздердіңжазбаша  түрдегі  әріптердің 

тіркесімен  белгіленуі  деп  түсінеміз.  Бірақ  алғашында  бұлай  болмаған. 

Жазудың  тарихына  көз  жіберсек,  әріппен  таңбалаудың  кейінірек  пайда 

болғанын  көреміз.  Жазу  өте  ерте  заманда  жасалып,  мыңдаған  жылдар  бойы 

өзгеріп,  дамып  келді.  Жазудың  мыңдаған  жыл  бойына  дамып  жетілуімен 

бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды. 

  Жазудың  жүйесі  таңбалардың  жиынтығынан  құралады.  Ол  таңбалар 

бүтіндей  сөзді,  небуынды,  немесе  дыбысты  белгілейді.  Әрбір  жазбаша 

таңбаның  графикалық  формасы,  белгілі  бір  мағынасы  болады.  Жазу 

жүйесіндегі  не  бүтіндей  хабарды,  не  жеке  сөзді,  не  буынды,  недыбысты 

белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге  бөлініп қарастырылады: 

 Пиктографиялық жазу, Идеографиялық жазудың шығуы; иероглифтер. Буын 

және әріп жазуы; Жазу және әліпби. Грек,латын және араб әліпбиі. Криллица. 

Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары: 

1. Қазақ әліпбиінің даму жолдарына тоқталу. 

2. Жазба тіл  дегеніміз не?      

3. Жазудың түрлерін ата? 



Әдебиеттер тізімі: 

1.  А. Байтұрсынов. Тіл тағлымы.  А., 1992. 147-148 б. 



2.  Қазақ грамматикасы.Астана. 2002, 93-96 б. 

3.  Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993, 241-242 б. 

4.   Исаев С. М. Қазақ тілі.А.,1993. 

5.  Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999, 47-58 б 

 

6-дәріс. Сөздің лексикалық мағынасы. 

    Тіл білімінде сөздің лексикалық мағынасы әр түрлі бағытта 

топтастырылып келеді. Өткен ғасырда 50- жылдары сөз мағынасына 

семантикалық тұрғыдан топтастыру орын алды. Сөздерді мәдени, 

тұрмыстық, шаруашылық, туыстық атаулар, адамға байланысты сөздер т.б. 

деп семантикалық топтастыру – беретін ұғымы біріңғай сөздердің мағыналық 

типтерін анықтауға негізделді.  

  Сөздің тура немесе номинативті мағынасы. 

 Фразеологиялық байлаулы мағына. 

 Синтаксистік шартты мағына 

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1. Сөз бен заттың қарым – қатынасы. 

2. Лексикалық мағына дегеніміз не ? 

3. Шартты мағына дегеніміз не? 



Әдебиеттер тізімі: 

1.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992. 

2.  Қазақ грамматикасы.Астана. 2002, 93-96 б. 

3.  Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993. 

4.   Исаев С. М. Қазақ тілі.А.,1993. 

5.  Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,  

 

7-дәріс. Тілдің сөздік құрамының өзгеру жолдары, себептері. 

   Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп 

аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, 

күнкөріс – тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. 

   Қазақ тілінің лексикалық құрамына ғасырлар бойы сақталып келе 

жатқан байырғы сөздер де, кірме сөздер де, кейін пайда болған 

неологизмдер мен термин сөздер де, диалектизмдер  мен кәсіби сөздер 

де, қысқасы, тіліміздегі барлық сөздер кіреді. 

   Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай бірнеше топқа 

бөлінеді: 1) сөздің әдеби және әдеби емесігіне қарай: әдеби лексика 

мен диалектілік лексика болып, 2) әдеби тілдегі сөздердің халыққа 

таныс және онша таныс еместігіне қарай жалпыхалықтық лексика мен 

арнаулы лексика болып, 3) тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік 

мәніне қарай бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер болып бөлінеді. 

   Белгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы сол тілдің сөздік 

құрамын, яғни лексикасын құрайды. Қазақ тілінің сөздік құрамы 

тілдің күллі сөз байлығын қамтиды. 

Сөздік құрамдағы жаңару жаңғыру процесіне тілдің сөзжасам жүйесі 

ат салысады. 



Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Сөздік құрам дегеніміз не? 

2. Сөздік құрамның өзгеру себептері. 

3.Дыбыстардың түсіп қалу процесі? 



Әдебиеттер тізімі: 

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,  

2. Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингорманизм заңы. 

Аламан, А., 1991 

3.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992. 

4.  Қазақ грамматикасы.Астана. 2002. 

 

8-дәріс. Халықарлық лексика, байырғы лексика, кірме сөздерді 

игеру, « пуризм », « экзотизм » ұғымдар. 

    Лексикология туралы жалпы мәлімет. Лексикологияның мақсаты мен 

зерттеу нысаны. Тіл білімінің лексикологиямен шектес салалары. Қазақ 

тілінің лексикологиясы- қазақ тілірің сөздік құрамын тексеретін ғылым 

екендігі, қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай тіл екендігі, тіл білімінің 

этимология, ономосиология, семасиология, лексикография салаларының 

лексикологиямен байланысы жөнінде түсінік беру. 

       Ұлттық дәуір талабына сай жаңа деңгейде, ұлттық тіл деңгейінде, тіл 

дамып жетіліп отыраыды. Қазақ тіл лексикологиясының негізгі зерттеу 

объектісі- сөз. Сөздің қызметі, қоғамдық қатынастардың барлық саласында 

қолданылуы туралы түсінік беру. Қазақ тіл білімінің зерттелуін, қазіргі қазақ 

тілі лексикологиясының өзінің орны, тарихы бар екендігін түсіндіру.  

Студенттердің білімін тексеру үшін берілетін сұрақтар: 

Тіл білімінің қанша саласы бар?  

Лексикологияның зерттеу нысаны 

Қазақ тіл лексикологиясы қай уақыттан бері зерттеле бастады? 

Лексика дегеніміз не? 

Лексикологияның қарастыратын мәселелері туралы не білеміз? 

Лексикологиямен теңдес салалар туралы не білеміз? 

Әдебиеттер тізімі: 

Ә. Болғанбайұлы, Ғ. Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен 

фразеологиясы. А, 2003. 

Ә. Хасенов. Тіл білімі. А, 2002  

К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. А, 1973. 

І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі 

(Лексика, фонетика) А, 1975. 

 

9-дәріс.  Лексикадағы жүйелі байланыстар. 



    Лексика жүйесіндегі парадигмалық,  синтагмалық байланыстар жайында. 

Әр түрлі тілдердің лексика – семантикалық жүйесіндегі өзіндік 

ерекшеліктерге мысалдар іздеу. Түсіндірме сөздіктер, омонимдер сөздігі, 

синонимдер сөздігі, антонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік., т.б. 

сөздіктермен танысу. Терминдермен танысу. 


Студенттердің білімін тексеру үшін берілетін сұрақтар: 

1. Лексикологияның зерттеу нысаны. 

2. Қазақ тіл лексикологиясы қай уақыттан бері зерттеле бастады? 

3. Лексика дегеніміз не? 

4. Лексикологияның қарастыратын мәселелері туралы не білеміз? 

5. Лексикологиямен теңдес салалар туралы не білеміз? 



Әдебиеттер тізімі: 

Ә. Болғанбайұлы, Ғ. Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен 

фразеологиясы. А, 2003. 

Ә. Хасенов. Тіл білімі. А, 2002  

К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. А, 1973. 

І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі 

(Лексика, фонетика) А, 1975. 

 

10-лекция.  Грамматика. Негізгі грамматикалық 



ұғымдар.Грамматикалық мағына. Грамматикалық форма. 

Грамматикалық категория.Грамматика (грек тілінің «әріп және жазу» 

деген сөзінен шыққан) терминінің тіл білімінде екі мағынасы бар: 1. 

Грамматика – лингвистиканың бір саласы, ол ғылым ретінде сөз 

формаларының, сөз тіркестерінің және сөйлем түрлерін зерттейді. 2. 

Грамматика ғылымының зерттеу нысаны ретінде тілдің 

грамматикалық құрылымы, яғни тіл бірліктерінің бір-бірімен 

қатынасқа түсу заңдылықтары, тіл бірліктерінің құрылу ережелері 

орын алады.  

Грамматика 2 салаға бөлінеді: морфология және синтаксис. Грамматиканың 

негізгі  бірліктері  –  морфема,  сөз  формасы,  сөз  тіркесі,  сөйлем.  Морфема  – 

тілдің  ең  кіші  мғыналық  бірлігі.Сөз  формасы  –  сөздің  белгілі  бір 

грамматикалық формада тұрған түрі. Грамматикалық категория – бұл қандай-

да  бір  грамматикалық  тәсіл  арқылы  білдірілетін,  грамматикалық  мағына 

жағынан  біріктірілген  тілдік  элементтер  (сөздер,  сөздердің  мағыналық 

бөлшектері мен сөз тіркестері) жиынтығы. 

 

Студенттердің білімін тексеру үшін берілетін сұрақтар: 

1. Грамматиканың  нені зерттейді?

 

2. Грамматика саласы қай уақыттан бері зерттеле бастады? 



3. Грамматика дегеніміз не? 

4. Грамматиканың қарастыратын мәселелері туралы не білеміз? 

5. Грамматикамен теңдес салалар туралы не білеміз? 

 

Әдебиеттер тізімі: 

Ә. Болғанбайұлы, Ғ. Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен 

фразеологиясы. А, 2003. 



Ә. Хасенов. Тіл білімі. А, 2002  

К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. А, 1973. 

І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі 

(Лексика, фонетика) А, 1975. 

 

11-лекция. Сөздің морфологиялық құрылымы. Сөз құрамы және 

сөзжасам. 

  Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте 

– мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Әр түрлі 

тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымын, құрлымдық 

элементтердің табиғатын, қызметі мен өз ара байланысу және тіркесу 

сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық типтерін айқындау 

үшін және олардың грамматикаларын ғылыми дұрыс негізде жасау 

үшін де өте – мөте қажет. 



 Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең 

алдымен сөздің құрлымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық 

ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте – мөте қажет. Ондай негізгі 

морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен 



оның түбір морфема (немесе  негізгі морфема) және  аффикстік 

морфема (немесе көмекші морфема) 

деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.         

  Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасау. Сөз құрамы және 

сөзжасам. Сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, семантикалық 

тәсілдері. 

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Сөздік құрам дегеніміз не? 

2. Сөздік құрамның өзгеру себептері. 

3.Дыбыстардың түсіп қалу процесі? 

4. Сөзжасам дегеніміз не? 

 Әдебиеттер тізімі: 

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,  

2. Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингорманизм заңы. 

Аламан, А., 1991 

3.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992. 

4.  Қазақ грамматикасы.Астана. 2002. 

 

12-лекция. Аффикстік тәсіл, сөздің бірігуі, қосарлануы, қысқаруы, 



семантикалық, префикстік, конверсия тәсілдеріне байланысты 

жаттығу жұмыстары. 

   Тілде грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар мыналар: 

аффиксация тәсілі, ішкі флекция тәсілі, қосарлану тәсілі, біріктіру 

тәсілі, көмекші сөздер тәсілі,  сөздердің орын тәртібі тәсілі, екпін мен 

интонация тәсілдері. 

  Түбірге афикстер жалғау арқылы грамматикалық мағынаның берілу 

тәсілі аффиксация тәсілі деп аталады. Аффикасция тәсілі – 


грамматикалық тәсілдердің ішіндегі ең кең тараған тәсіл. Бұл тәсіл 

әсіресе түркі тілдерінде жиі қолданылады. 

  Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі – 

ішкі флекция тәсілі. 

  Түбірдің дыбыстық құрамының өгеруі арқылы грамматикалық 

мағынаны білдіру тәсілі ішкі флекция деп аталады. 

  Қосарлану да грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілі ретінде 

қызмет атқарады. Қосарлану тәсілі түркі тілдерінде кең тараған және 

жиі қолданылады. Зерттеушілер қос сөздерді қайталама қос сөздер 

және қосарлама қос сөздер деп, екі үлкен топқа бөліп қарайды. 

 Бірігу тәсілі бойынша өз ара түбір морфемалар немесе түбір мен негіз 

қосылып, сөз жасалынады. Демек, бірігу тәсілі сөз тудыру қызметін 

атқарады.   

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1. Аффикстік тәсіл дегеніміз не? 

2. Сөздік құрамның өзгеру себептері. 

Әдебиеттер тізімі: 

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,  

2. Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингорманизм заңы. 

Аламан, А., 1991 

3.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992. 

4.  Қазақ грамматикасы.Астана. 2002. 

 

13-лекция. Сөзжасамның  синтетикалық, аналитикалық, 

семантикалық тәсілдері. 

  Грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілдері алуан түрлі 

болады. Грамматикалық тәсілдер негізі екі топқа бөлінеді: оның бірі 

синтетикалық тәсіл деп аталадыда, екіншісі анлитикалық тәсіл деп 

аталады. 

  Бұл екеуінің бір – бірінен айырмашылығы мынада: синтетикалық 

тәсіл сөз ішінде болады да, аналитикалық тәсіл сөздің сыртында 

болады. Синтетикалық тәсіл аффикация, ішкі флекция, екпін, 

қосарлану тәсілдерін қамтыса, аналитикалық тәсіл көмекші сөздер, 

сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілдерін қамитиды. 

  Кейбір тілдерде аффиксация, ішкі флекция тәсілдері жиі қолданылса, 

қайсібір тілдерде көмекші сөздер тәсілі мен сөздердің орын тәртібі 

және интонация тәсілдері жиі қолданылады. 

 Осыдан келіп, аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын тілдер кейде 

аналитикалық тілдер делініп, ал синтетикалық тәсіл жиі 

қолданылатын тілдер синтетикалық тілдер делініп те аталады. 



Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Синтетикалық тәсіл дегеніміз не? 

2. Аналитикалық тәсіл дегеніміз не? 

3. Семантикалық тәсіл дегеніміз не? 



Әдебиеттер тізімі: 

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,  

2. Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингорманизм заңы. 

Аламан, А., 1991 

3.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992. 

4.  Қазақ грамматикасы.Астана. 2002. 

 

14-лекция. Сөйлем және сөйлем мүшелері туралы ұғым. 



  Сөйлем – ең басты тілдік идиницалардың бірі. Ол өзімен сырттай 

ұқсас тілдік құбылыстардан ең алдымен коммуникативті қызметі 

жағынан ажыратылады. Демек, сөйлем – толық коммуникативті 

қызметі бар синтаксистік единица. 

    Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелері мен құрмалас сөйлемнің құрамын 

талдауға арналған жаттығулар. 

   Белгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы сол тілдің сөздік 

құрамын, яғни лексикасын құрайды. Қазақ тілінің сөздік құрамы 

тілдің күллі сөз байлығын қамтиды. 

   Сөздік құрамдағы жаңару жаңғыру процесіне тілдің сөзжасам жүйесі 

ат салысады. 

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 

2. Сөйлем дегеніміз не? 

Әдебиеттер тізімі: 

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,  

2. Қазақ грамматикасы.Астана. 2002. 

3.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992. 

 

15-лекция. Дүние жүзі тілдері және олардың жіктелуі. 

  Дүние жүзінде үш мың шамасында тіл бар деп есептелінеді. Дүние 

жүзіндегі тілдердің санын дәлме – дәл көрсетудің қиындығы мынада: 

кейбір елдердегі тілдер мен диалектілер жеткілікті дәрежеде 

зерттелінбеген. Осылай болғандықтан, олардың ішінен қайсылары 

дербес тілдер екендігін, қайсылары бір тілдің диалектілері екендігін 

қазірде дөп басып айту мүмкін бола бермейді. 

  Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдер екі тұрғыдан: 1) тілдік 

материалдың (түбірлер мен аффикстердің және сөздердің) бірлігі, яғни 

шығу тегінің бірлігі  тұрғысынана, 2) шығу тегіне байланыстырылмай, 

құрылысы мен типінің, ең алдымен, грамматикалық құрылысынаң, 

ыңғайластығы, ұқсастығы тұрғысынан топтастырылады. 

Топтастырудың бірінші түрі тілдердің гееологиялық классификациясы 

делініп, екінші түрі тілдердің типологиялық (немесе морфологиялық) 

классификациясы делініп аталады. 

   Дүние жүзі тілдерінің аралық және құрылымдық түрлерін ажырата 

білу. Тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы. 

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Дүние жүзі тілдеріне тоқталу. 



2. Тілдердің қазіргі жай күйі. 

Әдебиеттер тізімі: 

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,  

2. Қазақ грамматикасы.Астана. 2002. 

3.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992. 



 

 

 

 

 

Студенттердің өз бетгерімен орындайтын жұмыстары (25 сағ.) 

(Аралық бақылау есебінде) 

 

1.



 

А. Байтұрсыновтың орфография, пунктуацияға қатысты пікірлері. 

2.

 

С. Аманжолов және казақ жазуы. 



3.

 

Р. Сыздықованың емле, тыныс белгілері туралы еңбектері 



4.

 

Н.  Оралбаеваның  «Қазақ  графикасы  мен  орфографиясының 



негіздері» еңбегін талдау. 

5.

 



Ф. Мұсабекова және пунктуацияның меселесі. 

6.

 



Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. 

7.

 



Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары. 

8.

 



Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері. 

9.

 



Үтір қойылатын орындар. 

1.

 



Орфографиялық сөздіктің құрылысы. 

2.

 



Сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы. 

3.

 



«Қазақ тілінің анықтағышында» емлелік ережелердің берілуі. 

4.

 



Ақпарат құралдары тілдеріндегі орфографиялық қателердің түрлері. 

5.

 



Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. 

6.

 



Сызықша қойылатын орындар. 

7.

 



Нүктелі үтір, қос нүкте қойылатын орындар. 

8.

 



Тырнақша, жақша қойылатын орындар. 

9.

 



Тыныс белгілерінің кабаттаса қолданылуы. 

 


  

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет