Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


ك , گ әріптері бар сөздерге дәйекшені ( ﺀ



Pdf көрінісі
бет142/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

ك , گ
әріптері бар сөздерге дәйекшені (

) қажетсіз деп 
тану;
3) Қазақтағы 
у
мен 
и 
әріптерін дауыссыз дыбыстардың 
таңбасы ретінде қарау, буын құрағанда қосар әріптермен (
ұу, үу, 
ый, ій
түрінде) жазу,
ﻳ , ﻲ
таңбаларына екі міндетті қоса мін-
деттеу, дауысты болғанда қос нүктені қойма, дауыссыз болғанда 
қос нүктені қою;
4) Дауысты дыбыстарды жазбай, жазылмаған әріптерді 
қоса, жазылғанын оқымай кететін немесе бір дауысты бір-
неше әріппен жазатын, бір әріпті бірнеше түрлі оқитын көне 
дағдыларды тастау. Біздіңше, яғни а.Байтұрсынұлының төте 
жазуына бүкіл әлемде ең соңғы мұрагер болып отырған Қытайда 
тұратын қазақтарында, а.Байтұрсынұлының «тіл құралын» 
араб әліппесі негізіндегі қазіргі қазақ жазуының алғашқы ере-
жесі десек болады». 
Қытайда ахмет Байтұрсынұлының әліппесін алғаш 
қабылдағаннан қазірге дейін қазақ жазуы мен емлесіне жиыны 
7 рет өзгертулер енгізілген. ал 1954 жылғы әліпбиде дәйекшелі 
әріптер есептелмейді. Дәйекше «жіңішкелік белгі» деген атпен 
бір орын алды. Сонда әріп саны дәйекшемен қосқанда – 30. 
Және 
қ, ң, ғ, ұ, һ 
әріптері сыңарларының қасында емес, әліпби 
соңына тізіледі.
ал 1984 жылғы емле түзетуінде 33 әріп ретімен беріледі. 
Біразға дейін талас тудырып келген «у» мен «и» дыбыстары 
қазір дауыссыз фонема деп танылады. Бұл туралы мыркамал 
Жалелқанұлының 2010 жылы жариялаған мақаласынан оқуға 
болады. 


222
223
Байтұрсын емлесі Қытай қазақтары арасына, Шыңжанға 
тарағаннан кейін шет тілден енген (араб, парсы және еуропа тіл-
дерінен) сөздерді дұрыс жазу үшін 
х, һ, ф, ч
әріптерін қазақ ал-
фавитіне қабылдау-қабылдамау туралы дау болған. Бірсыпыра 
оқымыстылар және баспа орындары өз еңбектерінде осы 
әріптерді қолданып та жүрді. ал қазақыландыруды жақтайтын 
зиялылар қажетсіз деп білді. 1944 ж. саяси репрессиядан кейін 
қазақ-қырғыз ұйымының бір жиналысында жоғарыдағы 4 әріпті 
қабылдау мақұлданды. 
Оның бір себебі Қазақстан қазақтарының өз тектеріне 
«ов», «ев»- орыс жұрнағын жалғап жазуына байланысты еді. 
Фамиялиядағы в әрпін у әрпімен жазу ыңғайсыздық әрі күлкілі 
жағдай туғызды. мысалы, 
М. Әуезовті М.Әуезоу 
деген сияқты. 
Осыған байланысты Әнуар Көкей 1954 жылғы емлеге в әрпін 
енгізді.
Сол сияқты Қытай қазақтары емлесінде “ұ” мен «у» дың 
қосамжарласып жазылуы да таластың басы болған. 
Оқұу / оқыу 
/ оқу
нұсқаларының қайсысын таңдау қиын еді. Әнуар Көкей 
еріндікпен емес, езулікпен жазуды ұсынған: 
(оқыу, тоқыу).
Сондықтан ол «Әнуар Көкей» емлесі деп аталған.
Кейін 1954 жылы 27 шілдеде Шыңжаң өлкелік халық 
үкіметі: 
«1) Қазақ әрпіндегі қосар ұу-дың орнына, бір әріп «у» алын-
сын; 
2) Қазақ тіліндегі қосар «ый» әрпінің орнына жеке «и» 
қолданылсын; 
3) Орыс және басқа ұлттардың тілінен енген сөздерде жазы-
латын жаңа әріп «в» енгізілісін», – деп қаулы шығарды. 
Ә.Көкейдің еңбегі туралы жазушы-профессор, дүниежүзілік 
қазақтар қауымдастығының төралқа мүшесі Солтан Жанболат 
былай дейді: «… ахаңның төте жазуына жуңгө қазақтары іші-
нен екінші рет өмір беру, әмбе оның сәтті де өміршең болуы үшін 
оны тағы да реформалай түсу, бүгінгі өзіміз әлі де қолданып 
жүрген күйге әкелу қажет болды. міне, осы іргелі істі тынды-
рып, зор да тарихи үлес қосқан адам Әнуар Көкейұлы ақсақал 
болатын». 
Сөйтіп, 2001ж. соңғы түзетуден бері әліпбиде 34-таңба бар 
делінеді. Оның соңғысы – дәйекше деген атпен жіңішкелік бел-
гісі. ал фонема саны – 33, оның 9-ы дауысты, 24-і дауыссыз деп 
табылады. 
Сонымен, а.Байтұрсын әліпбиінің жетілген түрі қазір Қытай 
қазақтары жазуында қолданыста. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет