Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


һ әрпін алып тастауды, әліпби тәртібін өзгертуді,  ый, ій, ұу



Pdf көрінісі
бет179/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   234
һ
әрпін алып тастауды, әліпби тәртібін өзгертуді, 
ый, ій, ұу, 
үу
қосарын 
и, у
таңбаларымен беруді қабылдайды. Бірақ С. 
аманжолов керісінше, қазақ әліпбиін өзгерту “қазақ тілі дыбыс-
тарына арналған әріптердің керексізі бар ма”, “алфавит сиқын 
бұзып тұрғаны жоқ па”; “орыс әріптері толық қолданылып 
жүр ме” деген бағытта жүруі керек дейді. автордың ойынша, 
ә
әрпінің қызметін 
я
әрпі де атқара алады (
Куляш, сіря, Жамиля)
;
к, г
-ге аяқталған термин сөздерге соңғы буынның жуандығына 
байланысты жуан қосымша жалғау, біріккен сөздерді кіріктіріп 
жазбау 
ақкөңіл, асырасілтеу 
сияқты сөздерді бірге жазу уәжді. 
Сондай-ақ С. аманжолов әліпби тәртібін өзгертуге қарсы бол-
ды. Ғалым әріп ретін өзгерту алфавиттің қосалқы – нөмірлеу 
– қызметіне кедергі болады деді. Және қосар дыбыстарды бір 
таңбамен беру морфологиялық принципке сай емес, сөздің ай-
тылуы мен жазылуын алшақтады. 
к, г
-ге біткен орыс сөздеріне 
жіңішке қосымша жалғау орыс тіліндегі сөздердің айтылуын 
бұзады деді. Осы екі бағыттың соңғысының ұсынысы ескеріліп 
һ 
әрпі әліпбиде қалдырылсын деген пікір, бірінші буыннан 
басқа буынға 
ә
әрпін жазбау, орыс тілінен енген сөздердің соңғы 
буынына қарап қосымша жалғау сияқты пікірлер тұрақтана бас-
тайды.
ал 
э
таңбасын 
ұ
таңбасымен ауыстыру туралы ұсыныс 1951ж. 
15 тамызында ресми түрде қабылданады (
э – ұ
).
1957ж. Қазақ тілі негізгі емле ережелері қабылдағанға дейін 
қазақ жазуының тарихында бірнеше ұсыныс болған. Оның 
алдыңғысы 1939ж. әліпби жобасы, 1940ж. емле жобалары бол-
са, соңғысы 1953ж. 28 ақпанда “Қазақстан мұғалімі” газетінде 
ұсыныс ретінде жарияланды. Әліпбиде 40 әріп рет санымен бел-
гіленді, ә әрпі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет