орыс жазуының ықпалынан шығып отырған дейміз: орыс
сөздерін жазуда цитаталық принципті түбегейлі қолдану, оның
ішінде әсіресе сол тілдің қосымшасын түсіріп жазбау:
секунда (
секунд емес),
цитата (
цитат емес) т.б.; орыс тілі сөздеріне
қазақ тілі қосымшаларын жалғауда
ы, і әріптерінің дәнекерлігін
орынсыз пайдаланбау:
фондқа, шрифтке, банкке ; бұрыннан
дыбыстық жағынан игеріліп жазылған сөздерді, түпнұсқасына
көшіріп жазу:
ящик (
жәшік емес),
батист (
бәтес емес),
ботин - ки (
бәтеңке емес),
русь (
орыс емес), суд, область; жіңішкелік
белгісіне аяқталған сөзге тәуелдік жалғауының ііі жағын
қосқанда,
ь- белгісін түсірмей жазу:
рольі, котрольі ; қосар да-
уыссызбен аяқталған орыс сөздеріне қосымша жалғағанда бір
әріпті түсірмей жазу:
классқа, конгресске ; орыс тілінен енген
сөздің соңғы буыны жуан болса, жуан, жіңішке болса, жіңішке
қосымша жалғау; һ әрпі қолданылған кірме сөздерді белгілеу
үшін
х әрпін
х арқылы жазу;
миуа, қиуа сөздерін
миюа, қиюа деп орфограммалау; күрделі сын есімдерді бірге таңбалау;
орыс сөзін
русь деп алу (Ә.ермеков);
ойөріс, атүсті, атсалысты, аяқкиім, жемшөп т.б. сөздерді бірге жазу (Ә.ермеков); орыс
тілінен енген сөздерді бірыңғай түпнұсқа принципімен жазу
(а.Ысқақов).
Жеке дыбыс таңбаларынан пікірдің көбі
и әрпінің емлесіне қатысты айтылған. 1956ж. тіл және әдебиет институты әзірлеген
орфографияның жаңа жобасын талқылауға шақырылған жина-
лыста м.Балақаевтың қосарлы