Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет233/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   234
Ұластыруыштар – 
күрделі сөз сыңарларын ұластырып
біріктіретін қосымшалар.
Аффиксойдтар – 
жартылай сөз, жартылай жұрнақ 
қызметіндегі тұлғалар.
Құрастыруыштар – 
күрделі сөз құрамында үнемі қайталана 
келе жалпы мағынаға көшкен тірек компонент.
Қосаралықпен жазылу – 
қос сөз сыңарларының арасына де-
фис қойылып жазылуы.
Бас әріп – 
сөздің жалқы есім екенін, сөйлемнің басталғанын 
білдіретін, сөзге символдық мағына үстейтін үлкен әріп.
Кіші әріп – 
сөздің жалпы есім екенін білдіретін әріп.
Дыбыстық жағынан толық игерілген кірме сөз – 
қазақ 
тілінің дыбыстық заңдылығына сай «сындырылып», айтылуына 
қарай жазылған сөз. 
 
Жартылай игерілген кірме сөздер – 
қазақ тілінің дыбыстық 
заңдылығына сай жартылай игерілген кірме сөздер.
 
Бейүндес буынды сөздер – 
жартылай жуан, жартылай жіңішке 
айтылан сөз.
Төте жазу – 
а.Байтұрсынұлының араб әліпбиіне рефор-
ма жасаған 24 әріптен тұратын, дәйекше қызметіне жүгінетін 
әліпбиі.
Халықаралық терминдер – 
бірнеше халықаралық тілдерде 
бірдей айтылатын сөздер.
 


342
343
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ 
1. Қазақстан жеріндегі сурет жазулар: тұрпат және мазмұн 
меже. 
2. таңбалы тастағы суретжазу: түрлері, мазмұны. 
3. Қазақ руларының ентаңбасы: формасы мен мазмұны. 
4. Көне түркі жазулары табылған өлкелер (фотосессия)
5. төте жазу әліпбиін құрастыру процесі. Әріп графикасының 
таңдалу уәждері. 
6. Қазақ жазба тілі мен ауызша тілінің айырмашылықтары: 
фонетикалық ерекшелік. 
7. Бас әріппен жазылатын сөздердің типтері мен түрлері. Бас 
әріппен жазылатын сөздердің орфограммасын қалыптандыру 
тәсілдері.
8. Қазіргі кирил әліпбиі негізінде жасалған қазақ жазуына 
реформа жасау мүмкіндіктері, қиындығы, жолдары, әліпби жо-
балары.
9. төте жазудағы дәйекше, қазіргі графикада пайдалану 
мүмкіндігі
10. Қазіргі емле сөздігі: жазылуы қиындық тудыратын сөздер, 
орфограммалау тәсілдері.
11. Көне түркі жазуын үйренудің әдістемесі.
12. Жазу мен дін. араб (ислам), латын (католик), кирил (хрис-
тиан) жазуларының қызметі.
13. Қазіргі өзбек жазуы: кемшіліктер мен артықшылықтар
14. Қазіргі әзербайжан жазуы: кемшіліктер мен 
артықшылықтар
15. Қазақ жазуын латын графикасына көшірудегі проблема-
лар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет