Латын графикасына негізделген қазақ жазуы – 1929-
1940жж. қазақ жазба тілінде қолданылған 29 әріптен тұрған,
1938 ж. өзгертуге ұшыраған латын-қазақ жазуы.
Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы – 1940ж. қазірге
дейін қолданылатын 42 әріптен тұратын, құрамында цитататық
принциппен жазу үшін алынған орыс алфавиті әріптері мен араб
сөздерінде кездесетін дыбысты беретін таңбалары бар жазу.
Емле ұстанымы – кез келген жазба тілдің орфографиясында
ұстанатын негізгі принциптері.
Орфограмма – жазу тұрпатының негізгісі.
Ерін үндестігі – сөздің бірыңғай еріндік дыбыстармен ай-
тылуы
Қазақ орфографиясының негізгі ережелері – 1957ж.
қабылданған емле ережелерінің жиынтығы
Орфографияның негізгі принципі – сөздердің дұрыс жазы-
луын жүйелейтін емледегі басты сүйенім, ұстаным.
Үндесім заңы – сөйлегендегі дыбыстардың бірыңғай тіл не
ерін үндесімімен айтылуы
Босаралықсыз таңбалану – құрама сөз сыңарлары
мағыналарының көмескіленіп, бір бүтін сөзге айналғанын біл-
діретін емледегі дыбыстық емес таңба, бірге жазылу.
Босаралықпен таңбалану – құрама сөз сыңарлары
мағыналарының дербестігін, бүтін сөзге айналмағанын біл-
діретін емледегі дыбыстық емес таңба, бөлек жазылу.
Қазақ тілі орфографиялық сөздіктері – 1941, 1948, 1963,
1978, 1988, 2001, 2005, 2007, 2013жж жарық көрген емле
сөздіктері
Жазу экономиясы – жазудағы таңбаларды үнемдеу
құбылысы.
Дыбыстық емес графикалық белгілер – босаралықпен және
босаралықсыз, сондай-ақ қосаралықпен жазу.
Бірге жазылатын сөздердің формалды белгілері – сөздердің
бірге жазылатынын білдіретін ұластыруыш қосымшалар мен
құрастыруыш сыңарлар.