Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет29/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

лар, -лер, -дар, -дер, 
-тар, -тер)
көрсетсек (қазiргi оқулықтардың бәрiнде осылай), 
жазба тілтұрғысынан ғана сөз етiп отырғанымыз. ал сөйленістегі 
-
лөр, -дөр, -төр
(
үйлөр, көлдөр, шөптөр
) варианты ескерілмей-
ді. Болмаса септiк жалғауларының
 -ның, -нiң, -дың, -дiң, -тың, 
-тiң, -га, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е
варианты – жазудағы форма-
лар. Осы сияқты барлық грамматикалық формаларды айыруға 
болады. Бұған сай түбiр морфемалардың да ауызша вариант-
тары шығатыны белгiлi. ауызша сөйлеудiң үздiксiздiгi, іргелес 
морфемалардың позициялық өзгерісі сөйлеудегі бір деңгейдегі 
айтылымын әртүрлі етеді. 
ал жазба форма дискреттi. тiл деңгейлерiнiң осы екі сала-
сы, фонетика мен морфология арқылы, жазуды тiл өмiр сүруiнiң 
бiр формасы деп тануға болады. Осыған орай қазіргі көркем 
әдебиет стилінде классик ақын-жазушылардың сөз саптауына, 
мәтін құрауына сәйкес келетін сөйлемдерді кездестіру қиын 
екенін көреміз. Бұл, әсіресе, орыс, ағылшын тілдеріндегі детек-
тив, вестерн, бестселлерде көп кездеседі. 
Жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері.
Жазу термині а) жазу 
процесі, ә) сол процестің нәтижесі, б) нәтиже негізінде пай-
да болған тілдік таңбалар жүйесі ретінде қолданылады дедік.
 
Сонда жазба тіл дегеніміз ішкі сөйлеуге (белгілі бір тілге, мыса-
лы, қазақ тілі) кодталған ойдың фонемалық сүзекіден өтіп жазу, 
көруге бағытталған графикалық кодқа айналған жүйесі. Жалпы 
алғанда, жазу – адамның ой-пікірін, сөзін белгілі бір тілде жазу 
таңбалары арқылы қағаз бетіне түсіру; адамның ой-пікірін, сөзін 
қашықтыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сыз-
ба таңбалар жүйесі. 
Жазба тілдің 
жалпы графикалық ерекшелік, графикалық 
және графемдік ерекшеліктері 
бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет