лар, -дар, -тар, септіктің
-нұң, -нүң, -дүң, -тұң ), қысқарған формалар
[барам], [бересаш], [кетчей] жазба тілде инвариант формаларға айнала-
ды. Проф. р.Әміров жазба тілге қарағанда ауызша тілде септік
жалғауы көп қолданылады деген тұжырым жасаған:
берілген - діктен – бергеннен соң, айтылғанмен – айтылса да. Сондай-ақ
м.исаев
апаларым деген қалыпты норманың орнына
апамдар, әкеңдер, жездемдер деген сөйлеу тілінің элементтері шыға бас-
тады деген. ал іі жақ жалғауының бүгінде әдеби тіл нормасы
саналып жүрген
-сың, -сің варианты сөйлеу тілінен енген фор-
малар болып шыққан.
Сонымен, ауызша тілдің барлық деңгейлері жазба тілге
кодталғаннан кейін, жазарман енді өзі құрған мәтінін оқып,
қайта өзіне қабылдау сатысына келеді. Өйткені қайта оқу
жазарманның мәтінді жазба тілдің тезіне салып қабылдауына,
графикалық мәтіннің орналасуынан бастап, азатжол, тыныс
белгі, қаріп түрлері, әріп таңбаларына дейін, енді оқырман
“рөлінде” жазба тілдің жүйесімен қабылдауына мүмкіндік бе-
реді. Бұл – жазба жүйеде ақпараттың дәл жетуін қалайтын жа-
зарман позициясын ескеруден шығатын соңғы акт. Ол стиль-
дік өңдеу, редакторлау, толықтыру, жөндеу жұмыстары дегенге
саяды. Стилге салу жазылған ойдың оқырманға тез, дәл, нақты
жету жолдарын қарастыру.
Сонымен, бұл ауызекі сөз
⇒
ауызша тіл
⇒
жазба сөз
⇒
жазба тіл бағытындағы кодталу сатылары болып табылады.
Көрсетілген процесті сауатты адамның барлығы жақсы меңгере
бермейді. мұнда жазба тілдің нормасын меңгерген жазу ше-
берлігі қажет. Бұл деңгейдегілердің санасында ауызша тілге
қарағанда жазба тіл жүйесі басым орналасады.
енді
жазба тілдің ауызша тілге кодталу сатыларын көрсетейік.
і. мәтінді оқу. Ол екі түрлі болуы мүмкін: 1) Көзбен қармап
көру арқылы графикалық контексте түсіну, яғни іштей оқу. 2)
Дауыстап оқу. мұнда әріп санадағы графема-фонема жүйесімен
ассоциацияланып, сыртқа дыбыс реңктері болып шығады. Әріп
дыбысқа айналады.
іі кезекте жазба тіл жүйесінде берілген ойдың мазмұндық
жағы екшеледі. Оқырман санасында ақпараттың негізгі мәні
түсінік ретінде қалыптасады. түсінік ойлау және пайымдау
арқылы тілдік санаға елес болып түседі.
ііі кезекте осы ой мен пайымдау көрінісін сыртқа ауызша
тіл жүйесі мен тәсілдері, бірліктері арқылы шығару тұрады.
Яғни жазба тілдің графемдік жүйесі ауызша тілдің дыбыстық
жүйесіне, жазба тілдің синтаксистік, морфемдік, лексикалық
деңгейі ауызша тілдің өзіндік деңгейлері тәсілдеріне кодталады.
мәтіндегі мазмұн ауызша сөзге әсерлі, дәл, нақты болып кодта-
лу прагматикасы қарастырылады.
іV кезекте ауызша тіл жүйесімен дыбыстық тілге код-
тау орын алады. Ол екі түрлі болуы мүмкін: еркін және жаз-
ба тіл құрсауында баяндау. Біріншісінде ауызекі сөйлеу эле-
менттері көп, синтаксистік құрылым нормаға сай емес, тосын
құрылымдар болады, бірақ сөйленім аудиториясына түсінікті
келеді. екіншісінде, жазба тіл жүйесі сақталады. Жазба тілдің
синтаксистік құрылымында баяндау лексикалық, морфемдік
деңгейін ауызша тілге кодтамау жаттанды әсер қалдырады:
ақпарат әсер етпейді. Өйткені, әріп фонема арқылы танылып,
дыбыс қорына айналғанмен, яғни ауызша тілдің орфоэпиялық
нормасы сақталғанмен, жазба тілдің басқа деңгейлері ауызша
тілдің тезіне салынған жоқ.
Сондықтан, әр тілдің өз жүйесі мен бірліктерінде, норма-
сы мен заңдылықтарында берілмеген ой адресатына жетпейді.
ауызша тілде – дыбыс, дыбыс тіркесі үндесім, үйлесім заңы, тон,
екпін, интонация, мимика, кідіріс, логикалық екпін; жазба тілде
– әріп, бас әріп, кіші әріп, азатжол, босаралықсыз, босаралық,
қосаралық, тыныс белгілер графикалық, орфографиялық,
орфоэпиялық ережелер әр жүйенің өзіндік коммуникация
тәсілдері мен бірліктерін көрсетеді.