Қазтуғанның қонысымен қоштасуы



Дата14.10.2023
өлшемі35,5 Kb.
#114511
Байланысты:
Қазтуғанның қонысымен қоштасуына талдау



Қазтуғанның қонысымен қоштасуы

Арайна,билер,арайна,


Шәһәрін оның алады.
Еділді алса - елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса - жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса - ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.

Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,


Қайран саланың жатқан аңғары-ай,
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім
Аузы түкті кәпірдің
Күшті болған салдары-ай!
Кәпірден тендік алуға
Қайта келер деймісің
Мұсылманның баяғы

Арайна десем, болғай ма?!
Арайнасыз әр қайда
Ердің ісі оңғай ма?!
Арайна болған
Қазтуған,
Қайғыланып сонда толғай ма?!

Ел қияға қонғай ма?


Еділ, Жайық арасы
Кеңшілік қоныс болғай ма?!
Ебей басты құба үлек
Ернімен шырпы шалғай ма?!
Бұл қоныста отырып,
Біздің мұсылман баласы
Жағасы босап тынғай ма?!

Еділді қоныс етпеңіз,


Жағалай қалмақ алады.
Жайықты қоныс етпеңіз,
Сыдыра біткен көкжиек,
Кәпірлер қала салады.
Аштарханды қоныс етпеңіз,

Біздің кейінгі өскен жас бала
Аузы түкті кәпірдің
Соқпаса екен пайдасын!

Буыршынның жалғыз қырқар азуы,


Бөкеннің желіп өтер төрт саны,
Бұғының ауыр қара мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Қашағанның ұзын құрығы,
Ақ орданың тіреу сырығы,
Айдаса - қойдың көсемі,
Сөйлесе - тілдің шешені,
Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,
Күз жіберіп, жаз мінген,
Жазаласа - екі жылда бір мінген,
Жолдасын жолай іздеген,
Өзіне тиген дұшпанын
Қарт бурадай тіздеген -
Мен - Қарғабойлы Қазтуған,
Қайғыланып асып барамын
Ноғайлы-қазақ елімнен

Шыңғыстан туған хандары-ай?!


Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Атаңа нәлет кәпірдің
Пайдасына қалмаса игі еді
Ноғайлы, қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай!

Адыра қалғыр көк Жайық,


Аңырап қалған қонысым!
Қонысымнан ауған соң,
Кетпегей еді ырысым.
Таудағы тарлан бөрі едім,
Тарылған сынды тынысым.
Кейінгі өскен жас бала,
Ақ балтырын түрініп,
Басарына ерініп,
Көкірегі күйініп,
Тек тірлікке сүйініп,
Ықтиярсыз жүгіріп,
Аузы түкті кәпірдің
Етпегей еді жұмысын!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Екеу-екеу сөйлесіп,
Көркем шығарманы талдау
1.Көркем мәтіннің тақырыбы:
Ел мүддесін қорғау. Туған жерге қимастық
2.Көркем мәтіндегі оқушы танымына, қабылдауына (күрделі сөздер, сөз оралымдары, мағыналы тіркестер):
Біріккен сөздер: көк+жиек
Қос сөз: екеу-екеу (қайталама қос сөз)
Ноғайлы-қазақ (қосарлама қос сөз)
Тіркесті сөз: елді алар
Мағыналы тіркестер: дулығалы нар, ауызы түкті кәпір, атаңа нәлет, көк Жайық, қойдың көсемі, тілдің шешені.
3.Өлеңнің құрылысы:
8-9буынды, 3 бунақ, 7шумақ, 7-20 тармақты, а.б.в.б кезекті ұйқас
4.Көркем мәтіндегі негізгі мағынаны арқалап тұрған түйінді сөздер, тірек ұғымдар:
Тірек сөздер: қоныс, Еділ, Жайық, Ойыл, кәпір,
Тірек ұғымдар. : 1.Жайықты алса - жанды алар,
Ойылды алса - ойды алар..
2...Кәпірдің
Күшті болған салдары-ай
3... Айдаса - қойдың көсемі,
Сөйлесе - тілдің шешені...
4... Қарға бойлы Қазтуған
5.Идеясы:
Кәпірлердің кесірінен туып-өскен жерін қимастықпен қоштасуы, қонысынан көшуі.
6.Көркем сөз айшықтары, көркемдік тәсілдер
Эпитет: көк Жайық, қойдың көсемі, тілдің шешені.
Теңеу: қарт бурадай.
Метафора: талақ етпесең, қырқар азу, қарға бойлы.
Аллегория: түкті кәпір.
Қайталау(эпифора): Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.
———
Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,
Күз жіберіп, жаз мінген,
Жазаласа - екі жылда бір мінген,
7.Композициялық құрылымына қарай талдау:
Оқиғаның басталуы: Билерді сабырлыққа, ұстамдыққа шақырады.
Оқиғаның байланысуы: Өзге қазақтарға Еділ, Жайық, Ойылды қоныс етпеуін өсиет етеді.
Оқиғаның дамуы: Кәпірлердің жасаған зияны.
Оқиғаның шиеленісуі: Олардың мықтылығы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Келешек ұрпақтың кәпірлерге пайдасы тиюінен қорқуы.
Оқиғаның шешімі: Өзін таныстыра келе,Ноғайлы-қазақ жерінен амалсыз көшуін баяндауы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет