. аталған фонемалардың
ішінде жазарман үшін гиперфонемалар бар.
Гиперфонема де-
геніміз әлсіз позициядағы фонеманың дүдәмал инварианты.
Қазақ тілінде <а-ә>, <б-п>, <н-ң>, <ы-0>, <і-0> гиперфонема-
лары бар.
<а-ә> гиперфонемасы басқы буыны жіңішке болып келетін
күмән, күнә, ләззат, іңкәр т.б. сөздерінде туады.
Ғалымдар арасында дауыстылардың
а-ә оппозициясынан гөрі
а-е оппозициясы жиі әңгіме болады, яғни <
ә> фонемасының ста-
тусына күмән келтіретін көзқарастар бар. мысалы, Қ.Жұбанов
қазақ тіліндегі
а дауыстысының жіңішке варианты
е фонемасы
болады дейді (Жұбанов Қ. 1999: 209). в.в.радлов
ә дыбысын
қазақ тіліне тән емес деген (Хусаинов К.Ш. в.в.радлов. 1984:
74). алайда қазіргі қазақ тілінде <ә> дыбысы 516 сөзде инициал
позицияда фонемалық мәнде жұмсалады. ал төмендегі дауыс-
сыздардан басталатын бірінші буында сөз мағынасын ажырата-
ды:
б (87) сөзде
г (1),
д (74),
ж (56),
з (39),
и (1),
к (78),
л (17),
м (116),
н (64),
п (53),
р (8),
с (118),
т (191),
у (19),
ф (1),
ш (48).
Біздің ойымызша, жіңішке буыннан кейін келген <а> фоне-
масы позициялық түрленімге түсіп, [ә] вариантына айналады.
Сонда іі буындағы <а-ә> гиперфонемасы фонология теория-
сы бойынша <а> фонемасына сәйкес келеді. Яғни қазіргі қазақ
жазуындағы іі буындағы
ә әрпі <а> фонемасының позициялық
түрленімі (өздік реңк) болып табылады.
Қазақ фонологиясында <й>, <у> үнді дауыссыздарының
гиперфонема құрап жүргені әріпті дыбыс деп қабылдайтын
қате түсініктен туады. Қазіргі әліпбиде