Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


п  әрпі жазуда фонемасының  функциясында толық жұмсала алмады. Сондықтан бүгінде  п/б



Pdf көрінісі
бет59/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

п 
әрпі жазуда <п> фонемасының 
функциясында толық жұмсала алмады. Сондықтан бүгінде 
п/б 
дыбыстық вариант қатарларында мағыналық айырмашылық жоқ 
(
бәле/пәле, пейіл/бейіл, парапар/барабар, палуан/балуан, пайым
-
дау/байымдау, шүберек/ шүперек
). Қазақ тілінде сөз аяғындағы 
<б> фонемасы болмайды делінеді. алайда сөз аяғындағы <п> 
дыбысы дауыстыдан басталатын жалғау жалғанғанда <б> дыбы-
сына айналғанмен, сөз мағынасы өзгермейді. 
Біздіңше, осы позицияда – сөз аяғында <б-п> гиперфонема-
сы бар. мұнда позициялық түрленім таңбаланған сияқты. Көне 
түркі тілінде сөз басында айтылмаған <
б> 
фонемасы бүгінгі қазақ 
тілінде сөз басында қолданылу жиілігі жағынан үшінші орында 
(мырзабеков С. 2003: 59). ендеше аяққы позицияда да қолданылу 
мүмкіндігі бар. Кезінде Х.Досмұхамбетұлы сөз аяғындағы 
б
әрпін 
п 
әрпімен жазуға наразы болған (Досмұхамедұлы Х. 
1998: 163). Студенттердің фонетикалық транскрипция жасаған 
мәтіндерінде сөз аяғында [б] дыбысы естілетіні көрсетіледі.
Келесі гиперфонема қатарына 
<н-ң> 
жатады. Дыбыстардың 
дүдәмалдығы әсіресе түбір ішінде кездеседі. Оған 1929ж. емле 
принциптерінің “Сөздер жеке күйінде естілгенше жазылады. 
Көне жұрнақ ықпалы мен түбірдегі дыбыстың өзгергені сол 
күйінде жазылады (
күңгей, жоңқа
)” (Стенографиялық есеп, 
1930) дегені де себеп болды. Қазіргі қазақ емлесінде 
ң 
әрпімен 
ш
еңгел, қысылтаяң, моңғол, бастаңғы, дүңген, жөпшөңкі, 
жәрмеңке, әмеңгер, аңқау, аңқаю, аңқию, аңсау, аңсар, қаңғу, 
қаңқ, қыңсылау, қаңтар, қаңырау, тең, теңбіл, теңге, теңдеу, 
теңкию, маңдай, қаңғалақтау, қаңбақ, лаңса, лаң, өң, өңгеру, 
өңез, өңшең, міңгір, маңдай, маңыз, маңай, маңғаз, маңқа, маң, 
мұңаю, мұң, саңғу, саңдақ, саңқ, саңылау, саңырау, оң, оңай, 
оңаша, оңаза, оңалу, оңбаған, оңғақ, оңғару, оңдалу, оңдау, 
оңдыру, оңқа, оңқай, оңтай, оңу, шәңгірлеу, шәңгіш, шеңбер, 
шеңгел, іңгә, іңкәр, іңір 
т.б. сөздері жазылады. мұнда <қ>, <ғ>, 
<г>, <к> фонемаларымен іргелес айтылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет