Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет64/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Тапсырма. Қазақ жазуындағы 
қ-к, ғ-г
 дыбыстарын жеке 
таңбалаудың себептері айтылған төмендегі пікірді негізге 
ала отырып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Қазақ тілі дауыссыздарының ішінде фонемалық статусы
дау туғызып келген 
қ-ғ, к-г
дыбыстары болды. Осыған орай 
бұларға екі әріп арналу керек пе, әлде төрт әріп арналу керек 
пе деген мәселе а.Байтұрсынұлы әліпбиінен де бұрынғы жазу 
кезеңдерінде шықты. 
Көне түркі жазуы дауыстылардың жуан-жіңішкелігін да-
уыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке таңбаларымен көрсетті. 
Дауысты дыбыс әріптерінің көбейіп, дауыссыздар саны азайған 
кейінгі жазу кезеңдерінде дауыссыздың екі жұбы қатар сақталған 
қ-ғ, г-к
әріптері болды. 


96
97
түркі халықтарының ішінде төрт таңбаны да әліпби 
құрамында қалдырған қазақ графикасы болып табылады. 
ал түрік, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, татар жазуларында бұл 
дыбыстарға әліпбиде екі таңба арналған: фонемалардың жуан, 
жіңішкелігі іргелес келген дауыстының әуеніне байланысты 
ажыратылады. 
Қазақ әліпбиінде 
қ-ғ, к-г
таңбаларының сақталуы 
а.Байтұрсынұлының төте жазуынан басталады. Ғалым “қ, к, ғ, 
г дыбыстары ауыздан шығу орны бір-бірінен алыстап кеткен, 
бұларды бір-бірінің жіңішке түрі деу қисынсыз”, сондықтан 
төрт дыбысқа төрт түрлі әріп арналсын деген. ал Қ.Кемеңгерұлы 
аталған фонемалардың өзіндік жуан-жіңішке варианттары 
қалыптасып келе жатқанын айтқан.
Қырғыз тілінің әліпбиін түзген К. Юдахин: “к-қ, ғ-г ды- 
быстарының айырмашылығы басқа дауыссыздардың айырма- 
шылығынан ерекше емес. егер бұларға жеке таңба берсек, басқа 
дауыссыздарға да жеке таңба беруіміз керек” деп, 4 дыбыс-
ты 2 таңбамен беруге болатын тілдерге қазақ, қырғыз, ноғай, 
қарашай, балқар тілдерін жатқызады да, өзбек, әзірбайжан, 
ұйғыр әліпбиінде 4 таңба арналу керек. Өйткені соңғы тілдер 
тобында сингармонизм заңы бұзылған дейді. Бірақ іс жүзінде 
керісінше болды: өзбек, қырғыз, әзірбайжан, татар, түрік тілдері 
әліпбиінде екі таңба (
к, г
) алынды да, қазақ графикасында төрт 
әріп төрт дыбыс-фонемаға арналды.
Дыбыс-фонема инварианты немесе варианты екенін 
анықтауда сол тілдің вокализм жүйесімен тіркестіріп көру әдісі 
қолданылады. Бұл тәсілді ең алғаш ұсынған К.Юдахин мен 
а.Сухотин қа, қо, қы, құ, ға, ғо, ғы, ғұ тіркесімі ғана бар, бірақ 
қе, қө, қі, қү, ғе, ғө, ғі, ғү тіркесімі болмайтын және керісінше 
болмайтын барлық тілдерден қ және ғ әріптерін алып тастау ке-
рек, бұл дыбыстар фонемалық тұрғыда үндесім заңы бұзылған 
тілдерде және қ, ғ жіңішке дауыстылармен, к, g жуан дауыс-
тылармен (
қәбір, лұғәт, қәйри, katib)
тіркесе алатын тілдерде 
таңбалана алады деген. 
і.Кеңесбаев “[қ] мен [к] бір фонеманың екі түрлі айтылуы (не-
месе жуанды, жіңішкелі варианты) деп қарау дұрыс емес: жуан 
дауыстылардың [қ] мен жапсарласып, жіңішке дауыстылардың 
[к] мен жапсарласып келуі де, жасалу (артикуляциялық) орны 
жағынан бұл екеуі әр қилы болып келуі де ([қ] тіл арты арқылы 
жасалады да, [к] тіл ортасы арқылы жасалады) бұлардың екі 
түрлі фонема екенін дәлелдейді; [ғ], [г]-нің де бір-біріне қарым-
қатынасы осы тәрізді. Қазақ тіліндегі дауыссыздардың жуан-
ды-жіңішкелі болып келудің фонематикалық мағынамен байла-
нысуы тек [қ] – [к], [ғ] – [г] тобында бар деп түсінуіміз керек; 
[қ] – [ғ]-ның жасалу орны бір бөлек, [к] – [г]-нің жасалу орны 
екінші бөлек болып келуі тәрізді қасиет өзге дауыссыздарда тіп-
ті байқалмайды. Өзге дауыссыздардың (мәселен, [т], [з], [р] т.б.) 
әрқайсысының жуан-жіңішкелі болып келуінің фонематикалық 
мағынаға әсері жоқ; 
от, оз, ар
дегендегі 
т, з, р
жуан айтыла-
ды да, 
өт, өз, өр
дегенде бұл дауыссыздар жіңішке айтылады. 
Солай бола тұрса да, бұл жуан-жіңішкелік өздігінен тұрып сөзге 
мағыналық ұйытқы бола алмайды. арнаулы бір өзге дауыссыздың 
жуан-жіңішкелігінің бір-бірінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет