і әрпі – <ы> фонемасы да, <і> фонемасы да емес, сөз
аяғындағы екпінмен байланысты таңбаланған сына дыбыс.
Пысықтау сұрақтары: 1. Қазақ тіліндегі үндесім заңының атқаратын қызмет қандай?
2. Үндесім заңының жазу үнемділігін жасаудағы қызметі неде?
3. Қазақ жазуында үндесімнің қай түрі таңбаланады?
4. Қазақ, шетел ғалымдары үндесім заңының қызметін қалай
анықтайды?
...Қазақ тілі ауызша жүйесінің үлкен құрсауы
үндесім заңы ( сингармонизм заңы
). Ол – тілдегі дауысты
дыбыстардың
бір-бірімен
үйлесіп, үндесіп, ыңғайласып айтылуы.
Үндесім заңының екі жағы бар. Оның біріншісі және негізгісі – бір сөз
бойындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан, не бірыңғай
жіңішке айтылатын тіл үндесімі. Сөз түбірі мен оған қосылған
жұрнақ, жалғанған жалғау, не бірыңғай жуан, не бірыңғай
жіңішке болып отырады. Қазақ тілінің бұл дыбыстық заңдылығы
жазуда да көрініс тапқан. Сондықтан бүкіл түркі халықтарының
мақтанышына айналған а.Байтұрсынұлының әліпбиі қазақ
тілінің басты үндестік заңын айғақтайтын бірден-бір алфавит
болғаны белгілі.
Қазіргі қазақ графикасында да үндестіктің осы түрі бейнеле-
неді. Бірақ тілдің ауызша және жазба жүйесінде бұл қағидадан
ауытқитын мынадай тұстар бар:
Ол ең алдымен
ә дыбысына байланысты. Қазақ тілінде
ә ды-
бысы сөздің барлық буынында, әсіресе соңғы буындарда айты-
ла бермейді. Сондықтан жазуда екінші буыннан ары
а әрпімен
таңбаланады. мысалы,
күнәһар, тәкаппар, рәсуа, Жәмила, Рәбиға т.б. Ә дыбысының қазақ сөзінің аяқтамайтынын
сөз соңындағы жалғаулардан да көруге болады:
жайлауда – жәйләуда, куәландыру – күуәләндіру, тәкаппарланғанмен – тәкәппәрләңғаммен, Жәмилаға – Жәмійләға. Сөйтіп, жіңішке буыннан басталған сөз жуандап барып
аяқталып, тіл үндестігі бұзылғандай болып көрінеді. Бұл ара-
да тілдің ауызша түрін таңбалап көрсетудің қиындығын ес-
керу керек. өйткені орфоэпиялық сөздікте
күнәға деген сөздің
айтылуын
күнәға деп беруден басқа амал таппай, екінші
буындағы