ы, і дыбыстарына қарағанда,
е езулігін
өзгерту тіпті қиын. Сондықтан мұндайда екінші буындағы ды-
быс таза
е де, таза
ө де емес болып айтылады. Қараңыз:
құрмет – құрмөт, құрметте – құрмөтте, сүрме – сүрмө, сүрмелеу – сүрмөлеу, сурет – сүурөт. Е мен
ө -нің арасындағы аралық реңкті
й деп көрсетуге болады (құрмет – құрмйт, сурет – сүурйт).
ал біріккен сөз, кіріккен сөз, бір деммен айтылатын ырғақты
топ сыңарларының алдыңғысындағы еріндік соңғысына әсер
ете алмайды. мысалы:
сол кез – солгез (солгөз емес), соқыр сенім – соқұр€ сенім (соқұр€сөнүм емес), сутегі – сұутегі (сұутөгү емес), сусімір – сұусімір (сұусүмүр емес), суығыстырым – сұу€ығыстырым, (сұу€ұғұстырым емес), супияз – сұупыйаз, (сұупұйаз емес), сужылан – сұужылан (сұужұлан емес), сужегі – сұужегі (сұужөгү емес), су етті – сұу€етті (сұу€өттү емес) т.с.с. ереже ескертусіз болмайтыны сияқты үшінші буыннан ар-
тпайтын ерін үндестігі кейде 4-5 буындарға өтіп кетеді. Үш буын
ерін үндесімімен айтылып, төртінші, тіпті бесінші буын езулік,
ал келесі буында
ұу, үу тіркесі келетін болса, онда сөз бастан-аяқ
ерін үндестігімен айтылады. мысалы:
сүйкімдену – сүйкүмдөнүу (сүйкүмденүу емес), бірақ
сүйкімденбеу – сүйкүмденбеу. төмендегі сөздердің айтылу нормасын сақтап, жаттығып
көріңіздер:
түлкілену – түлкүлөнүу
түркілену – түркүлөнүу
түнделету – түндөлөтүу
түрткілену – түрткүлөнүу
түртпектелу түртпөктөлүу
түрпілену – түрпүлөнүу
Дауыстылардың үндесімін сөз еткенде үнемі мына бір нәрсені
есте ұстаған жөн. Дауыссыздарға қарағанда дауыстылардың ай-
тылу реңкі өте құбылмалы, тұрақсыз болып келеді. Оның үстіне
жалпы көпшілікке ұсынатын әдебиеттерде (орфографиялық
сөздік, айтылу нормасының анықтағыштары) дауыстыларды
белгілейтін әріп таңбасы да әліпбидегі дауысты таңбасынан ас-
пайды және сонымен бірдей болады. Сондықтан әрпіне қарап,
дыбысын да солай оқып, аздап қайшылық туады. Сол себепті
тіл үндестігінде де, ерін үндестігінде де, яки жіңішке буыннан
жуан буынға (