Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет48/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   236
фонема
ұғымы 
пайда болды.
Фонема ұғымының түсіндірілуі
.
 
Фонема терминін алғаш
Бодуэн де Куртенэ 
ұсынды.
 
Ғалым ауызша тіл мен жазу
 

 
екі
басқа, бір-біріне сәйкеспейтін дүниелер. Жазу оптика немесе
геометрияның пәні болса, дыбыс – жалпы акустиканың пәні.
Бұл екеуін осылай өзара байланыссыз алып қарасақ, әрине,
олардың арасында ешқандай сәйкестіктер болмайды: “Тек
оларды адам санасымен, психикамен байланыста алсақ қана
арақатынасын түсінеміз” (Истрин 1961: 210) деді.
Бодуэн де Куртенэ мектебі тұңғыш рет тілтұтынушының
санасында бүкіл дыбыс түрленімдері емес, шектеулі бір түрі ғана
өмір сүретінін айқындады. Оны “психофонетикалық аль-тернант”
(орынбасар), “фонема”, “морфеманың құбылмалы (подвижной)
компоненті” (1881), “психикалық эквивалент” (ба-лама) (1894),
“санадағы өзгермейтін елес”, “сөйлеушінің сана-сында өмір бойы
тұратын өзгермейтін құбылыс (Истрин 1961: 63.), дыбыстың
морфологиялануы, семантикалануы деп атады. Сөйтіп, дыбыс –
реалды, фонема – адам санасында өмір сүретін психикалық
элемент ретінде танылды. Сонда жазу мен тіл арасы адам
психикасы арқылы байланысатын болып шықты. Фонема жазу-
көру, айту-есту елестері бар адам психикасына қатысты ка-тегория
болып табылды (Истрин 1961: 212).
Бодуэн де Куртенэнiң фонема ұғымын тауып, оны ғылыми
айналымға енгiзуi тiл бiлiмi деңгейлерiне жаңалық әкелдi. Әсiресе
жазу теориясының көтерiлiп, iргелi зерттеулердiң тууына жол
ашты. Орфография принциптерiн айқындауда, басты принцип-
тердi тануда жаңа көзқарастарды тудырды. Бәрiнен бұрын ауыз-ша
тіл мен жазудың арасында алшақтық болатынын, жазба мәтін
тiлдiң толық сипатын таныта алмайтынын, ауызша тілдiң хатқа
түсiрілмейтiн сан алуан реңктерi болатынын ашты. Сонымен,
фонема ұғымының саралануы жазу теориясының табан тiрейтiн
тұғырына айналды. С.М.Кузьминаның жазу теориясының пайда
болуын 1) фонологияға дейiнгi; 2) фонологиялық кезең деп екiге
бөлетінi сондықтан (Кузьмина 1981: 2).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет