Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет72/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

а,
и,
у,
э,
о)
фонема дауыссыз фонемамен (
к,
с,
т,
н,
б,
ћ,
м,
й, р, w, ң, п
)
 
буын құраған
 
51
 
әріп бар,
 
мысалы,
 ка, ки, ку, кэ, ко,
са, ши, су, сэ, со 
т.б.
 
буындарының жеке-жеке таңбалары бо-лады.
Сонда төрт буыннан, 8 фонемадан тұратын
хирагана
сөзін 4
таңбамен береді.
Сөйтіп, ашық, жабық әліпби түрлерін салыстыра келе, ашық
жазу түрі әріп саны фонема санынан әлдеқайда кем, жазу-оқу
процесі біршама қиындық тудыратын, жазу экономиясы нашар
әліпби жасайды деген ойға тоқталамыз. Ал жабық жазу түрлері
тілдің дыбыстық негізінен шығатын, ауызша тіл жүйесіне
жақын, әліпбидегі әріп саны тілдегі фонема санына сәйкес ке-
летін немесе алдыңғысы сәл кем болатын жазу болып
табылады дейміз.
Қазақ жазуының тарихына көз жіберсек, А.Байтұрсынұлы
түзген тұңғыш қазақ әліпбиі тілдегі фонема санынан әріп саны екі
есе аз фонематикалық жазу болды. Әліпбидегі әріп санының аз
болуы, тілдегі сингармонизм заңының тұрақтылығынан шықты.
Бұл әліпбидегі әріп санын қысқартуға көмегін тигізді. Көне түркі
жазуында дауыссыз әріп таңбасы дауыссыз фонема санынан артық
болды, дауыссыз вариациялары арқылы дауысты дыбыс реңкі
белгіленді. Ғалымдар бұдан әліпбидегі әріп үнемділігі тіл-де өзара
бір белгімен айырылатын жұптас дауыссыздардың және ол
дауыссыздармен тіркесетін шағын дауыстылардың болуына
байланысты деген теориялық тұжырымдар шығарды. Латын жа-
зуында дауысты фонемаға бір әріп, дауыссыз фонемаға бір әріп
телінді. Сөйтіп, әліпбиде 1 фонема: 1 әріп қатынасы болу ке-рек
деген түсінікті қалыптастырды. Алайда қолданыстағы жазу
тұрғысынан сөз етсек, мысалы, қазақ әліпбиіндегі әріп фонема-ны
да белгілейді, әріп дыбыс реңкін де белгілейді. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет