Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет81/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

лық жағдай
лық жағдай
/с/
Барлық
позицияда,
жуан езулік
үндесімде
132
133


Әріп
Фо-
Ды-
Фонология-
Морфология-
Мысалдар
нема
быс
лық жағдай
лық жағдай
Барлық
позицияда,
жіңішке
езулік
үндесімде
Барлық
позицияда,
жуан еріндік
үндесімде
Барлық
позицияда,
жіңішке
еріндік
үндесімде
[Т]
дыбысымен
іргелес,
ерін, езу
үндесімде
Кірме, көне
сөздерде
6-дәріс. Үндесім заңы және қазақ жазуы
Үндесім заңының 30-80 жж. түсіндірілуі. 
Қазақ тілін-
дегі үндесім құбылысының әліпби, жазу үнемділігі үшін
мүмкіндігі бар екендігін А.Байтұрсынұлы әліпбиі, осы әліпбиді
жоғары бағалаған Яковлевтің, Е.Д.Поливановтың мақалалары,
Н.Уәлиевтің диссертациялық зерттеуі, Ә.Жүнісбектің, М.Жү-
сіповтың зерттеулері дәлелдеді. Үндесім заңдылығы арқылы
әліпбидегі әріп санын қысқартуға, орфографиядағы қиындық-
тарды болдырмауға, жазу экономиясын жасауға болады.
Үндесім заңдылығына А.Байтұрсынұлы әліпбиі негізделді,
1929ж. жазу емлесі сүйенді. 1929ж. 2-4 маусымы аралығында
өткен емле конференциясында Т.Шонанов емленің негізі-
не ең бірінші дыбыстардың ілгерінді, кейінді ықпалы, тіл
дыбыстарының диссимиляциясы және соңында дауысты
дыбыстардың үндесімін алдық деген. Яғни төте жазудан ла-тын
графикасына ауысу үндесім заңдылығынан тартынуға, аталған
құбылысқа басқа қырынан қарауға болды-болмасын
итермеледі. Дегенмен 1934ж. жаңа жазуға өзгерту енгізу ке-
ректігі көтерілгенде, бірінші болып, проф. Қ.Жұбанов өзінің
әліпби мен емле жобасын ұсынғанда ондағы ерекше өзгеріс
дәйекше қызметін пайдалануы еді. Ғалым 34 әріпті дәйекшенің
көмегімен 25 әріпке қысқартып, А.Байтұрсынұлының әліпбиін
жаңғыртады. Бірақ аталған жоба қабылданбады. Оған, бір
жағынан, Қ.Жұбановтың өзіндік ұстанымдары да себеп болған
сияқты. Мысалы, ғалым С. Аманжоловтың мақаласына жазған
сынында сингармонизм заңы “вполне реальный и вовсе не от-
живший, а реально действующий, следовательно, он нисколько
не реакционен в том виде, в каком имеет силу в современном
казахском языке” десе, енді бірде “сингармонизм қазақ тілінде
әбден тұрақты категория емес” дейді. Себебі Қ.Жұбанов
сингар-монизмді В.В.Радлов, Бодуэн де Куртенэ, Бетлинг,
Штейндаль айтқан пікірде, түбір мен аффиксті қосып, қатырып
ұстайтын қызметінде ғана түсінемін; бұл заңға қарсы
шыққандар орал-ал-тай тілінің жалғамалық құрылысына қарсы
шыққанмен бірдей, ол латын, орыс тілдеріндегі кейінді
ықпалмен тең деді. Автор қазақ тілі буыншыл тіл дегенді
көбірек айтқан. Осы арқылы жуан-жіңішкелік бүтін сөзге емес,
бір буынға тарайды деген пікірі басым.
Ғалым А.Байтұрсынұлы мен Х.Досмұхамедұлы айтқан түбір
сингармонизмі бұзылды, өткенде қалды, мысалы,
қайтемін,
бірақ, әпербақан
сөздерін қараңыз деді.
 
Сонда қазақ тіліндегі
үндесім заңының бұзылуына сөздердің бірігу тәсілі негіз
болған, ал кейбіреулер (К.Юдахин) оны кірме сөздердің әсері
дейді де-ген.
Автор қазақ тіліндегі түбірлердің дені бір буынды, бәлкім,
осы ерекшелік дыбыс үндесімін көрсеткендей шығар дейді,
бірақ сөз ішіндегі буындардың бірі жуан, бірі жіңішке бола бе-
руі мүмкін дейді: 
көгал,
қорен
.
Жалпы ғалымның мұндай көзқарасқа келуіне, өзінің
халықаралық терминдерді қазақ тілінің фонетикалық при-
нципіне салып, “бұзып” жазуға қарсылығынан туындаса ке-рек.
Сингармонизм заңын бетке ұстап, кірме атауларды игеріп
134
135


жазудың қажеті жоқ, халықаралық терминдердің жазылуы бұл
заңды бұза алады деген ойын автор ашық айтқан. Сонда автордың
пікірінше, кірме сөздің түбіріне жалғанатын қосымша ғана
үндесімге бағыну керек болып шығады. Автор зерттеу-лерінен
үндесім құбылысын түсіндіргенде түбірдің соңғы буы-ны қандай
болса, қосымша да соған үндес жалғанады деген ой қайталанып
отырады. Сөйтіп, ғалым сингармонизм заңына мы-надай анықтама
береді: “сөз мүшелерін матастырып ұстайтын арқанның ең күштісі
түбір мен қосымша мүшелерінің үндесуі”.
Енді ғалым үндесім құбылысы тек бір буын шегіне ғана та-
райды деп түсіндірген соң, сонда сөзді бір бүтін етіп тұрған
просодика қызметін не нәрсе атқарады деген сауалға жауап ізде-
ген. Сөйтіп, тізбекті мәтін ішіндегі сөздің жігін екпін айырады деп
тоқтайды. Мысалы: [жас ат], [сен жасат]. “Сөз-сөздің жігі-не
дауыс тоқтай бермейді. Бір сөздің буындары бір-ақ екпінге
қарайды, мысалы:
суалмаған,
су алмаған,
су ал,
маған
дегенде
соңғысында ғана дауыс үзіледі дейді” ғалым. “Сөздің әр буы-ны
жуан да жіңішке де бола алатыны сияқты, күшті де, әлсіз де болып
айтылады, мысалы,
мектеп,
мектептер,
мектеп-тері
”. “Дәйек
қосалқылардың бәрінде де бір-бір екпін болады
 
да, дәйек
қосалқысы бар түбір сөз бен қосымшалы сөздің екпіні азайып,
көбіне мүлде жоғалып кетеді:
тым жақсы,
қып-қызыл.
Аяқ
қосалқыларда екпін болмайды:
жазғанмен.
Жаза ғой,
сияқты,
секілді
-лерге қосымша қосылса,
 
екпін пайда болады
 
(
сияқтылар
).
Қайсыбір қосымшалар екпінді өзіне жолатпайды да, сонан екпін
аяққа бара алмай тоқтап қалады (мын, сың)”.
Бұдан жаңа латын жазуымен бірге акцентті-фонологиялық
бағыттың жазуда бір фонема бір әріппен таңбаланады, сөз
екпін арқылы айырылады деген фонематикалық принциптің
қазақ жазуындағы іргетасын Қ.Жұбанов қалағанын аңғарамыз.
Ірі теоретиктердің көзқарастары кейінгі буын зерттеушілердің
пікірлеріне әсерін тигізбей қойған жоқ. Мысалы, 1940ж.
М.Балақаев: “Түркі системасындағы басқа тілдердің, қазақ тілінің
фактілеріне қарағанда дауысты дыбыстардың үндесуі біртіндеп
құрып барады. Сөйтіп, үндестік заңын тежеген бола-мыз” деп,
орыс тілінен енген сөздерді өзгертпей жазайық, орыс
орфографиясына жақындатып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет